Облыс аумағында Кіші Арал теңізі, Сырдария өзені жәнебалық шаруашылығына маңызы бар 201 көлдер бар. Оныңішінде, Кіші Арал теңізі толықтай және 175 көл конкурстық негізде 5-49 жылдарға табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілсе, 24-і (Арал-6, Қазалы-2, Қармақшы-6, Жалағаш-2, Сырдария-4, Шиелі-5, Жаңақорған-1) резервтік қорда.
Балықаулау:
2023 жылы облыс бойынша - 6 484,1 тонна балық ауланса, 2024 жылдың қаңтар айы бойынша 230,2 тонна балық ауланды.
Балық экспорты:
2024 жылдың 2 айы бойынша 752,06 тонна балық өнімдері 9 шет мемлекетке экспортталды (Германия – 15,84 тн, Дания – 160,62 тн, ҚХР – 100 тн, Қырғыстан – 20 тн, Латвия – 16,2 тн, Литва – 16,2 тн, Нидерланды – 46,5 тн, Ресей – 360,5 тн, Эстония – 16,2 тн).
Анықтама:2023 жылы 3394,3 тонна балық өнімдері 13 шет елдеріне экспортталды(Ресей – 1200,03 тн, Германия –900,393 тн, Грузия – 192,343 тн, Литва – 114,18 тн, Польша – 65,34 тн, Нидерланды – 49,12 тн, Әзірбайжан – 40 тн, Венгрия – 32,4 тн, Австрия – 74,58 тн, Румыния – 22,818 тн, Дания – 290,09 тн, Франция – 16,8 тн, ҚХР – 392,28 тн).
Бүгінгі күні, облыс бойынша 10 балық өңдеу зауыттары жұмыс жасауда. Оның 4-уінде «Еврокод» Еуропалық сапа стандартына растайтын белгісі бар.
Анықтама:Экспортталатын балықтардың негізгі түрлері: тыран, торта, алабұға, шортан, көксерке. Сондай-ақ, өңделген өнімдер түрінде көксерке сүбесі, тыран қанаттары, балық фаршы, балық сүбесі, мұздатылған балық және балық ұны.
Тауарлыбалықөсіруді (аквакультура) дамытубойынша:
2023 жылы тауарлы балық шаруашылықтарымен 837 тонна балық өсірілді.
2024 жылы көл-тауарлы балық шаруашылықтарымен 1000 тонна тауарлы балық өсіру жоспарлануда
Қызылорда облысында балық шаруашылығын дамытудың
2021-2030 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы:
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің тапсырмасына сәйкес,«Қызылорда облысында балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған өңірлік Бағдарламасы» әзірленіп, облыс әкімдігімен 2020 жылғы 30 қазанда №127 қаулысымен бекітілді.
Республикалық бағдарламаға сәйкес 2030 жылға дейін 16 шарбақтық шаруашылық,12 тоғаншаруашылық, 3 тұйық жүйелі сумен қамтамасыз ету құрылғыларыіске қосылуы және көлде тауарлы балық өсіру шаруашылықтарының саны 55-ке жеткізу жоспарланған.
Қазіргі таңда, облыс бойынша 2 тұйық жүйелі сумен қамтамасыз ету құрылғысы, 8 тоған шарушылығы, 7 тор қоршамада балық өсіру шаруашылығы толығымен іске қосылып, көл-тауарлы балық шаруашылықтарының саны
76-ға жетті.
2023 жылы облыстық бюджеттен балық өсіру үшін балық жемін сатып алуға жұмсалатын шығыстардың 30%-ын субсидиялауға 9,1 млн.теңге қаржы бөлінген.
Өз кезегінде, Жаңақорған ауданы «Ислам» ШҚ-ы атынан 9,1 млн. теңге қаржыға балық жемін сатып алу субсидиясы бойынша келіп түскен өтінімдер Басқармамен мақұлданып, субсидияланды.
Арал қаяз балығы санын қалпына келтіру жобасы:
Арал қаязының аналық-аталықтарын тоған жағдайында қалыптастырып, олардан табиғи жағдайда уылдырық алу дәрежесіне дейін жеткізу мақсатында «Кіші Арал теңізіндегі Арал қаязы балығының санын қалпына келтіру үшін, оның генофондын сақтау» жұмыстарын жүргізу жобасы бойынша облыс аумағындағы күріштік алқаптарынан, каналдар мен қашыртқылардан және бөлектенген су айдындарынан 10 мың дана қаяз балығының шабақтары жиналып, Арал ауданы, «Қамыстыбас» көліне жіберілді.
Балық қорғау шаралары
2023 жылы «2023 жылға облыс көлеміндегі күріштік алқаптарда қалған балық шабақтарын құтқару жұмыстарының іс-шаралар жоспары» бекітілді.
Іс-шара жоспарына сәйкес, тамыз-қыркүйек-қазан айлары балық шабақтарын құтқару айлары болып жарияланып, орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерімен, қала және аудан әкімдіктерімен жұмысшы топтар құрылды.
Осыған орай, облыс аумағында орналасқан күріш алқаптарында, каналдарда, бөлектеніп қалған су айдындарында шабақ құтқару жұмыстары жүргізіліп, 324 адам қатысып, 42 дана техника қолданылып, 7,7 млн. дана балық шабақтары құтқарылып балық шаруашылығына маңызы бар су айдындарына жіберілді.
Анықтама:
2022 жылы облыс аумағында орналасқан күріш алқаптарында, каналдарда, бөлектеніп қалған су айдындарында шабақ құтқару жұмыстары жүргізіліп, 250 адам қатысып, 40 дана техника қолданылып, 8,2 млн. дана балық шабақтары құтқарылып балық шаруашылығына маңызы бар су айдындарына жіберілді.
ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ
Қызылорда облысында жалпы көлемі 9,8 млн.габолатын 41 аңшылық алқаптар бар, оның ішінде 25 аңшылық алқап табиғат пайдаланушыларға бекітіліп беріліп, 16 аңшылық алқап резервте тұр.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылдың 2 қыркүйектегі №594 бұйрығымен «Аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттардың үлгілік нысандарын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.12.2018 жылғы №542 бұйрығына өзгерістер енгізіліп, Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы ҚР Заңына сәйкестендірілді.
Анықтама ретінде:Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы Заңының 37-бабының 1-тармағына сәйкес аңшылық шаруашылығын жүргізу құқығы облыстың жергілікті атқарушы органының аңшылық алқаптарды бекітіп беру туралы шешімі, ведомствоның аумақтық бөлімшесі мен жануарлар дүниесін пайдаланушы арасында жасалатын аңшылық шаруашылықтарын жүргізуге арналғаншарттар негізінде белгіленеді делінген.
Ал, Ауыл шаруашылығы министрінің 27.12.2018 жылғы №542 бұйрығымен бекітілген аңшылық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттың үлгілік нысандарында аңшылық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарт жергілікті атқарушы орган мен пайдаланушы арасында жасалады деп көрсетілген.
2021 жылы «Қызылорда облысы аңшылық алқаптарының ақпараттық - анықтамалық картасы сайтын әзірлеу» жобасы аяқталып, қазіргі уақытта жұмыс жасап тұр.
2023 жылы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерімен 1,6 млн. теңгеге биотехникалық іс-шаралар жүзеге асырылды.
Анықтама ретінде:Облыс аймағында сүтқоректілердің 40-тан астам түрі және құстардың 300 түрі, оның ішінде, Қазақстанның Қызыл кітабына енген жануарлар мен құстардың 31 түрі мекендейді.
2024 жылғы 15 ақпаннан бастап 2025 жылғы 15 ақпанға дейінгі аралықта Экология және табиғи ресурстар министрлігімен Қызылорда облысына жалпы көлемі 168 189 дана жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимиті бекітілді. Оның ішінде жануарлардың 6 түріне – 61 974 дана(қабан – 2 718, қарсақ – 49, түлкі – 975, қоян – 33 122, ондатр – 24 500, борсық – 610), құстардың 7 түріне – 106 215 (қаз – 12 274, үйрек – 37 123, қасқалдақ – 25 837, қырғауыл – 20 309, шіл – 863, кекілік – 675, кептер – 9134)дана.
2023-2024 жылғы аралықта Экология және табиғи ресурстар министрлігімен Қызылорда облысына жалпы көлемі 38 011 дана жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимиті бекітілді. Оның ішінде жануарлардың 4 түріне – 9 167 дана, құстардың 6 түріне – 28 844 дана. (қабан – 228, түлкі – 5,
қоян – 8 842, борсық – 92, қаз – 1 639, үйрек – 11 965, шіл – 90, қасқалдақ – 4 894, кептер – 280, қырғауыл – 9 976).