Қызылорда облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында мемлекеттік қызметтің позитивті имиджін қалыптастыру және нығайту мақсатында үнемі түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, Әдеп Кодексі, «Мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын сақтау бойынша құқықтық оқулар өткізілді.
Мемлекеттік қызметшілерге еліміздегі реформаларды, Елбасының Жолдауларын жүзеге асыруда, халқымыздың тұрмысын жақсартуда үлкен міндеттер жүктелген. Аянбай және ерекше жауапкершілікпен өз міндеттерін атқару, мемлекеттік қызметтің оң имиджін нығайту- мемлекеттік қызметшінің басты міндеті.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру мақсатында жыл басынан бастап «Сыр болашағы» жас мемлекеттік қызметшілер клубының жұмысы жүргізіліп келеді.
2023 жылдың 28-29 қараша күндері жас мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен облыстық слет шарасы өткізілді.
2023 жылдың ІV тоқсанындабасқармаға әдеп Кодексі талаптарының сақталмауы бойынша арыз-шағымдар мен өтініштер түскен жоқ.