Меню

Страницы

Статья

2023 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстар

БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Облысаумағында Кіші Арал теңізі, Сырдарияөзені жәнебалықшаруашылығынамаңызы бар 201 көлдер бар. Оныңішінде, Кіші Арал теңізітолықтайжәне 175көл конкурстықнегізде 5-49 жылдарғатабиғатпайдаланушыларғабекітіліпберілсе, 26-і (Арал-6, Қазалы-1, Қармақшы-6,
Жалағаш-2, Сырдария-5, Шиелі-5, Жаңақорған-1)
 резервтікқорда.

Балықаулау:

2022 жылы 8 889,7 тонна балықауланып, республикалықбюджетке 151,7 млн,теңгеқаржытүсірілді.

2023 жылбойынша 6 484,1 тонна балықауланды.

Балық экспорты:

2022 жылы 3575,7 тонна балық 12 шетелдерінеэкспортталды (Ресей  – 2069,6 тн, Германия – 568,7 тн, Грузия – 300 тн, Литва – 115,2 тн, Польша – 163,6 тн, Нидерланды – 67 тн, Әзірбайжан – 60 тн, Венгрия – 16,2 тн, Австрия – 89,5 тн, Чехия – 32,9 тн, Франция – 33 тн, ҚХР – 60 тн).

2023 жылдың 11 айыбойынша 2893,7 тонна балықөнімдері13шетелдерінеэкспортталды(Ресей  – 985,264 тн, Германия –900,393 тн, Грузия – 192,343 тн, Литва – 82,62 тн, Польша – 35,58тн, Нидерланды – 49,12тн, Әзірбайжан – 20 тн, Венгрия – 32,4тн, Австрия – 74,58тн, Румыния – 22,818 тн,Дания – 189,77тн, Франция – 16,8тн, ҚХР – 292,28 тн).

Бүгінгікүні, облысбойынша 10 балықөңдеузауыттары жұмысжасауда. Оның  4-уінде «Еврокод» Еуропалық сапа стандартынарастайтынбелгісі бар.

Анықтама: Экспортталатынбалықтардыңнегізгітүрлері: тыран, торта, алабұға, шортан, көксерке. Сондай-ақ, өңделгенөнімдертүріндекөксеркесүбесі, тыранқанаттары, балықфаршы, балықсүбесі, мұздатылғанбалықжәнебалықұны.

Тауарлыбалықөсіруді (аквакультура) дамытубойынша:

2017 жылдан 2022жыларалығындакөл-тауарлыбалықшаруашылықтарымен 1 239,4 тонна балықөсірілді (2017 ж – 105тн, 2018 ж – 125 тн, 2019 ж – 144 тн, 2020 ж – 155 тн, 2021 ж – 184 тн,
2022 ж – 526,4тн).

2023жылы көл-тауарлыбалықшаруашылықтармен837 тонна тауарлыбалықөсіріліп, нарыққа шығарылды.

Қызылорда облысында балық шаруашылығын дамытудың2021-2030 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы:

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің тапсырмасына сәйкес,«Қызылорда облысында балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған өңірлік Бағдарламасы» әзірленіп, облыс әкімдігімен 2020 жылғы 30 қазанда №127 қаулысымен бекітілді.

Бағдарламаға сәйкес 2030 жылға дейін 16 тор қоршамада балық өсіру шаруашылығы,
12 тоған шаруашылығы,3 тұйық жүйелі сумен қамтамасыз ету құрылғылары іске қосылуы және көлде тауарлы балық өсіру шаруашылықтарының саны 55-ке жеткізу жоспарланған.

Бүгінгі күні облыс бойынша 2 тұйық жүйелі сумен қамтамасыз ету құрылғысы, 6 тоған шарушылығы,6 тор қорамада балық өсіру шаруашылығы толығымен іске қосылып, көл-тауарлы балық шаруашылықтарының саны 76-ге жетті.

Республикалық бағдарламаға сәйкес 2022 жылға облыс бойынша409 тонна балық өсіру көзделсе, бүгінгі күні тауарлы балық өсіру көлемі526,4 тоннаға жетті. 

2023 жылы облыстық бюджеттен балық өсіру үшін балық жемін сатып алуға жұмсалатын шығыстардың 30%-ын субсидиялауға 9,1 млн.теңге бөлініп, бүгінгі күні аталған қаржы толығымен
игерілді
(«Ислам»ШҚ. Жаңақорған ауданы).

Анықтама:(2022 жылы балық өсіру үшін балық жемін сатып алуға жұмсалатын субсидиясына 8,4 млн.теңге бөлініп толығымен игерілді («Ислам»ШҚ. Жаңақорған ауданы).

Арал қаяз балығы санын қалпына келтіру жобасы:

Арал қаязының аналық-аталықтарын тоған жағдайында қалыптастырып, олардан табиғи жағдайда уылдырық алу дәрежесіне дейін жеткізу мақсатында «Кіші Арал теңізіндегі Арал қаязы балығының санын қалпына келтіру үшін, оның генофондын сақтау» жұмыстарын жүргізу жобасы бойынша облыс аумағындағы күріштік алқаптарынан, каналдар мен қашыртқылардан және бөлектенген су айдындарынан 10 мың дана қаяз балығының шабақтары жиналып, оларды екіжаздық деңгейге дейін жеткізіп, Сырдария өзенімен балық шаруашылығына маңызы бар көлдерге жіберілді.

Балық қорғау шаралары

2023 жылы «2023 жылға облыс көлеміндегі күріштік алқаптарда қалған балық шабақтарын құтқару жұмыстарының  іс-шаралар жоспары» бекітілді.

Іс-шара жоспарына сәйкес, тамыз-қыркүйек-қазан айлары балық шабақтарын құтқару айлары болып жарияланып, қала және аудан әкімдіктерімен жұмысшы топтар құрылды.

Осыған орай, облыс аумағында орналасқан күріш алқаптарында, каналдарда, бөлектеніп қалған су айдындарында шабақ құтқару жұмыстары жүргізіліп, 324 адам қатысып, 42 дана техника қолданылып,
7,7 млн. дана балық шабақтары құтқарылып балық шаруашылығына маңызы бар су айдындарына жіберілді.

Анықтама:2021 жылы шабақ құтқару жұмыстарына 125 адам қатысып, 15 дана техника қолданылып, 7,6 млн. дана балық шабақтары құтқарылып, балық шаруашылығына маңызы бар су айдындарына жіберілді.

2022 жылы облыс аумағында орналасқан күріш алқаптарында, каналдарда, бөлектеніп қалған су айдындарында шабақ құтқару жұмыстары жүргізіліп, 250 адам қатысып, 40 дана техника қолданылып, 8,2 млн. дана балық шабақтары құтқарылып балық шаруашылығына маңызы бар су айдындарына жіберілді.

ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ

Қызылорда облысында жалпы көлемі 9,8 млн.га болатын 41 аңшылық алқаптар бар, оның ішінде 19 аңшылық алқап табиғат пайдаланушыларға бекітіліп беріліп, 22 аңшылық алқап резервте тұр.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылдың 2 қыркүйектегі №594 бұйрығымен «Аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттардың үлгілік нысандарын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.12.2018 жылғы №542 бұйрығына өзгерістер енгізіліп, Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы ҚР Заңына сәйкестендірілді.

Анықтама:Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы Заңының 37-бабының 1-тармағына сәйкес аңшылық шаруашылығын жүргізу құқығы облыстың жергілікті атқарушы органының аңшылық алқаптарды бекітіп беру туралы шешімі, ведомствоның аумақтық бөлімшесі мен жануарлар дүниесін пайдаланушы арасында жасалатын аңшылық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттар негізінде белгіленеді  делінген.

Ал, Ауыл шаруашылығы министрінің 27.12.2018 жылғы №542 бұйрығымен бекітілген аңшылық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттың үлгілік нысандарында аңшылық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарт жергілікті атқарушы орган мен пайдаланушы арасында жасалады деп көрсетілген. 

Осыған сәйкес, резервтегі 10 аңшылық алқаптың құжаттары дайындалып (даму жоспары, бастапқы бағасы) конкурсқа шығару мақсатында тиісті шаралар жүргізілуде.

2021 жылы «Қызылорда облысы аңшылық алқаптарының ақпараттық - анықтамалық картасы сайтын әзірлеу» жобасы аяқталып, қазіргі уақытта жұмыс жасап тұр.

2022 жылы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерімен 1,5 млн. теңгеге биотехникалық іс-шаралар жүзеге асырылды.

2022 жылы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерімен 1,6 млн. теңгеге биотехникалық іс-шаралар жүзеге асырылды.

Анықтама ретінде:Облыс аймағында сүтқоректілердің 40-тан астам түрі және құстардың 300 түрі, оның ішінде, Қазақстанның Қызыл кітабына енген жануарлар мен құстардың 30 түрі мекендейді.

2023 жылғы 15 ақпаннан бастап 2024 жылғы 15 ақпанға дейінгі аралықта Экология және табиғи ресурстар министрлігімен Қызылорда облысына жалпы көлемі 38 011 дана жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимиті бекітілді. Оның ішінде жануарлардың 4 түріне – 9167 дана, құстардың 6 түріне – 28 844 дана.

Анықтама: (қабан – 228, түлкі – 5, қоян – 8 842, борсық – 92, қаз – 1 639, үйрек – 11 925, шіл – 4 894, қасқалдақ – 90, көгершін – 280, қырғауыл –9 976).

Дата публикации
04 января 2024
Дата обновления
04 января 2024
Тип
Есеп

Сейчас читают

Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Оңтүстік Хайркелді кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, Оңтүстік Хайыркелді кен орнындағы қабат қысымын ұстап тұру жүйесінің суларының ластаушы заттардың жол берілетін төгінділерінің нормативтері жобасы, шығарындылардың стационарлық
Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Таур кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы, ҚОҚБ, ҚББ, ӨЭББ, ҚОҚІШ.
Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Оңтүстік-Батыс Хайркелді кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы, ҚОҚБ, ҚББ, ӨЭББ, ҚОҚІШ.

Социальные медиа

Фейзбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы