Меню

Страницы

Статья

2023 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстар

Облыс аумағында мемлекеттік орман қоры жерлерінің жалпыкөлемі
7,0 млн. гектарды құрайтын болса, оның 3,8 млн. гектары орманды алқаптар болып табылады. Орманды алқаптың 83% негізгі орман құраушы сексеуіл ағаштары алып жатыр.

Облыста ормандарды қорғау, молықтыру, сақтау және орман өртін алдын алу мақсатында, 8 орман шаруашылығы мекемелерінде 729  қызметкерлер жұмыс жасауда.

Ақпарат ретінде: Облыса умағында 2020-2022 жылдар аралығында орман орналастыру жұмыстары нәтижесімен орман шаруашылығы мекемелерінің штаттық кестесін нормативке жеткізу үшін 2023-2025 жылдарға нысаналы мақсаттағы трансферт арқылы республикалық бюджеттен  бөлініп,қосымша 135 штат бірлігі құрылды.

Мемлекет басшысының Арал теңізінің құрғаған ұлтанында алдағы 5 жыл ішінде 1,1 млн. га сексеуіл екпелерін ұлғайту жөніндегі тапсырмасына сәйкес 2023 жылы теңіздің құрғаған ұлтанында 250мың га фитоорманмелиорациялық жұмыстарын жүргізу жоспарланып, оның ішінде облыстық деңгейде 100 мың га жерге фитоорманмелиорациялық жұмыстар жүргізілді.

Бұл жұмыстарды атқару үшін 403,1 млн. теңге, орман мекемелерінің материалды-техникалық базасын нығайту үшін қажетті техникалар мен құрал жабдықтарды сатып алуға облыстық бюджеттен 866,9 млн. теңге бөлінді.

Анықтама ретінде: 2023 жылы сатып алынған техникалар мен құрал-жабдықтар:трактор 4 дана, өрт сөндіру автокөлігі 2 дана, трактор тіркемесі 5 дана, мотоцикл 58 дана, күзет автокөлігі 6 дана, вахталық автобус 1дана, жанармай таситын автокөлік 1 дана, жанармай таситын цистерна 1 дана, тұрғын вагон 3 дана, борттық автокөлік 1 дана, навигатор 10 дана,радиостанция стационарлық және қолға ұстап жүретін 316 дана, спутникті телефон турая 6 дана және т.б. құрал саймандар.

Орман молықтыру және көгалдандыру жұмыстарына қажетті сексеуіл мен саялы ағаш көшеттерін өсіретін 158 га уақытша орман тұқымбақтары ұйымдастырылды.

Орман қорының санитарлық жағдайын бақылау үшін 376,3мың га жерге орман патологиялық зерттеу жұмыстары жоспарланып, толық атқарылды. Нәтижесінде 87239 га ауру ошақтары анықталды.

С начала года выдано лесорубочных и лесных билетов по оказанию государственных услуг, всего 489 (лесных билетов - 480, лесорубочных - 9) физическим и юридическим лицам.

Сонымен қатар, мемлекеттік орман қоры учаскелерінде заң бұзушылықтарды алдын-алу, оны анықтау мақсатында 266 рейдтер ұйымдастырылып, оның ішінде ормантәртібін бұзушылықтар бойынша 63 жағдайы анықталды.

Орман өртін болдырмау және алдын алу мақсатында орман шаруашылығы мекемелерінде 13 дана өрт сөндіру автокөлігі мен 65 тұрақты өрт сөндірушілер қызмет атқарады.

Өрт қауіпті учаскелерде 542 шақырымға жаңадан өрт жолақтары және 5 918 шақырымға ескі өрт жолақтары қалпына келтірілді.

Дүниежүзілік Банктің қайтарымсыз қаржысы есебінен «Қазақстан Ландшафтарын қалпына келтіру жөніндегі» жобасы  аясында, сексеуіл көшеттерін дайындау үшін 33 га болатын тұрақты орман тұқымбағын құру және қажетті техникалар сатып алу, Арал теңізінің құрғаған ұлтанының 500 мың га картаға түсіру, 100 мың га жобалық іздестіру және Қызылорда-Жезқазған автожолының бойында 3 000 га алаңда Жасыл аймақ құру жұмыстары жүргізілді.

2024 жылға міндеттер:

- 7 млн. га мемлекеттік орман қоры жерін қорғау, күзету, сақтау жұмыстарын ұйымдастыру;

- Арал теңізінің құрғаған ұлтанының 150 мың га жеріне іздестіру, топырақ зерттеу және жобалау жұмыстарын жүргізу;

- 100 мың га Арал теңізі құрғаған ұлтанында фитоорманмелиорациялық жұмыстарын жүргізу;

- 158 га Арал теңізінің құрғаған ұлтанына сексеуіл көшеттерімен қамтамасыз ету үшін уақытша орман тұқымбағын ұйымдастыру;

- 376,3 мың га орман потологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу;

- Орман қорында 542 км жаңа өрт жолақтарын және 5 918 км ескі өрт жолақтарын жүргізу;

- Орман шаруашылығы мекемелерінің материалды-техникалық базасын нығайту үшін 600 млн. теңгеге техника мен құрал жабдықтар сатып алу.

Дата публикации
04 января 2024
Дата обновления
04 января 2024
Тип
Есеп

Сейчас читают

Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Оңтүстік Хайркелді кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, Оңтүстік Хайыркелді кен орнындағы қабат қысымын ұстап тұру жүйесінің суларының ластаушы заттардың жол берілетін төгінділерінің нормативтері жобасы, шығарындылардың стационарлық
Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Таур кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы, ҚОҚБ, ҚББ, ӨЭББ, ҚОҚІШ.
Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Оңтүстік-Батыс Хайркелді кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы, ҚОҚБ, ҚББ, ӨЭББ, ҚОҚІШ.

Социальные медиа

Фейзбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы