Меню

Страницы

Статья

2023 жылғы 12 айында атқарылған жұмыстар

Бүгінгі күні, облыстық коммуналдық меншікке 232 (372 нысан) су шаруашылығы нысандары алынған. Коммуналдық меншікке қабылданған су шаруашылығы нысандарын тазалау, жөндеу жұмыстары кезең - кезеңімен атқарылуда.

Ағымдағы жылы, облыстық бюджет есебінен елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында 85,3 шақырым болатын 10 каналға су шаруашылығы жұмыстарын жүргізуге (291,1 млн.теңге), елді мекендерге 29 дана насос қондырғыларын жеткізіп беруге (359,2 млн.теңге) және 28 каналға жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеумен мемсараптамадан өткізу жұмыстарына (140,4 млн.теңге) қаржы бөлінді. Соның ішінде бүгінгі күні елді мекендерге 29 дана насос қондырғылары толығымен жеткізіліп, 28 каналдың жоба-сметалық құжаттамалары әзірленіп, 10 каналға тазалау жұмыстары жүргізілді.

Анықтама ретінде

 каналдар бойынша:

Сырдария ауданы А.Тоқмағанбетов а/о «Қашыртқы»,  Амангелді а/о «Хозцентр»,Жетікөл а/о «Жыңғылдыкөл», Жалағаш ауданы Қаракеткен а/о «Бекбай», Қармақшы ауданы Көмекбаев а/о «Қарақ және Қоңыраулы», Шиелі ауданы Қоғалы а/о «Жаңаарық», Тартоғай а/о «Балтабай», Еңбекші а/о «Р-2-2-2», Жаңақорған ауданы Қыркеңсе а/о  «ОК-1-3»,  Байкенже а/о «Дөңбай» каналдары.

28 каналға ЖСҚ әзірлеу үшін:

Арал ауданы Қаратерең а/о «Құйылыс шлюзі», Қазалы ауданы Аранды а/о «Бөкебай»,  Ақжона а/о «Майдакөл», Майдакөл а/о «Таймас», Қарашеңгел а/о «Қызыл ой», Қармақшы ауданы Қармақшы а/о «Сарыжылуан», Жосалы а/о  «Келтеарық», Иіркөл а/о «Жапалақ жарма», Жосалы кенті маңындағы Сырдария өзенінін тазалау жобасының (1 кезек), Жалағаш ауданы Мақпалкөл а/о «Әшен арық» , Жаңаталап а/о «Арқаш арық», Аламесек а/о «Ақарық», Сырдария ауданы Амангелді а/о «Баржық» , Сырдария ауданы Шаған а/о «Жиделіарық»,  С.Сейфуллин а/о «Құрымбек», Тереңөзек кентіндегі «Айтбай арық», Ақжарма а/о «Ақжарма» , Ақжарма а/о «Дәулет арық», Шиелі ауданы Шиелі кентіндегі «Базар арығы», Шиелі ауданы Ақмая а/о «Р-3-1», Керделі а/о «Керделі» қашыртқысына, Ақмая а/о  «Р-3-2», «Р-3-3», Шиелі кентіндегі «Байсары», Жаңақорған  ауданы М.Нәлібаев а/о «К-2-6-1» және «К-2-6-2-1» су қашыртқысына, Аққорған а/о «Р-16-2-1» және «Р-16-2».

29 дана насостар бойынша:

Қызылорда қаласы Ақсуат а/о 1 дана дизельді, Қызылөзек а/о 1 дана дизельді, 1 дана электрлі, Тасбөгет кентіне 6 дана электрлі;Қазалы ауданы Құмжиек а/о 1 дана дизельді, Басықара а/о 1 дана дизельді, Майлыбас а/о 1 дана дизельді; Сырдария ауданы Тереңөзек кентіне 2 дана электрлі, А.Тоқмағанбетов а/о 2 дана дизельді; Қармақшы ауданы Қармақшы а/о 1 дана электрлі; Шиелі ауданы Жөлек а/о 1 дана дизельді, 1 дана электрлі, Бестам а/о  «Р-12-8» 2 дана дизельді, «Р-12-6» каналына 1 дана дизельді  Бәйгеқұм а/о 1 дана дизельді, Тұран а/о «Р-10» каналына 2 дана электрлі, Еңбекші а/о 2 дана дизельді; ШЖҚ «Табиғат» МКК-на 2 дана электрлі насос қондырғылары.

Сондай-ақ, Арал ауданы Жаңақұрылыс ауылдық округіндегі «Қараарық»,Қазалы ауданы Алға ауылдық округіндегі «Ішкі», Сырдария ауданы Қалжан Ахун ауылдық округіндегі «Ескі бостандық»,  Н. Ілиясов ауылдық окугіндегі «Дәурен», Жаңақорған ауданының Келінтөбе магистралды каналының су беретін каналы жобаларының  ЖСҚ-на мемсараптаманың оң қорытындысы алынды.

Облыста суармалы жерлерді қалпына келтіру және айналымға қосу бойынша 161 млрд. теңгеге 3 (үш) жоба әзірленген. Олар: 158 мың гектар суармалы егістіктегі ирригация және дренаж жүйелерін жетілдіру және пайдаланылмай тұрған 29 мың гектар суармалы жерлерді су үнемдеу технологияларды пайдалана отырып, айналымға қосу жобалары.

Соның ішінде, 2019 жылдан бастап ПУИД-2 жобасы аясында Жалағаш ауданында (Аққұм, Бұқарбай батыр, Таң, Мәдениет а.о) 15 мың гектар суармалы жерлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның жалпы құны - 9,3 млрд. теңге.

Жоба бойынша 2019 жылы 816,9 млн.теңге, 2020 жылы 2,227 млрд.теңге, 2021 жылы 1,747 млрд. теңге, 2022 жылы 2,302 млрд. теңге қаржы игерілді.

2023 жылдың желтоқсан айына 279,541 млн теңге қаржы  игерілді,қазіргі таңда787891 м  (94,9 %) су жүйелері, 870 558 м (94,1%) қашыртқы жүйелері тазаланып, 13112 дана (90,32 %) су құрылыстары, 151 дана (100%) бақылау ұңғымалары салынды. Жалпы бұл жобалар жүзеге асырылған жағдайда өңірдің ауыл шаруашылығының дамуына өз септігін тигізетін болады.

Дата публикации
04 января 2024
Дата обновления
04 января 2024
Тип
Есеп

Сейчас читают

Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Оңтүстік Хайркелді кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, Оңтүстік Хайыркелді кен орнындағы қабат қысымын ұстап тұру жүйесінің суларының ластаушы заттардың жол берілетін төгінділерінің нормативтері жобасы, шығарындылардың стационарлық
Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Таур кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы, ҚОҚБ, ҚББ, ӨЭББ, ҚОҚІШ.
Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Оңтүстік-Батыс Хайркелді кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы, ҚОҚБ, ҚББ, ӨЭББ, ҚОҚІШ.

Социальные медиа

Фейзбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы