Меню

Страницы

Статья

2023 жылғы 12 айында атқарылған жұмыстар

ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ

«Жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі Тұжырымдамасының қалдықтарды басқару бағыты бойынша 3 нысаналы индикатор аясында шаралар атқарылуда.

Бірінші.Қалдықтардың өңдеу үлесін арттыру бойынша:

 2023 жылдың ІV тоқсанында жинақталған 166000 тонна қатты тұрмыстық қалдықтардың  45700 тоннасы өңделді. Пайыздық үлесі 27,5% құрады.

Бүгінде, облыс бойынша қалдықтарды жинау, сұрыптау және өңдеу саласында 18 кәсіпкерлік субъектілері жұмыс жасауда.

Анықтама ретінде:.кәсіпкерліксубъектілерімен макулатура, картон, пластмасса, пластик қалдықтары сұрыпталып, тозығы жеткен автокөлік шиналарынан ұнтақталған гранула («Smart Rubber» ЖШС), макулартурадан қағаз өнімдері («Қызылорда Қағазы» ЖШС), тамақ қалдықтарынан малға азық («СНГ СТРОЙ» ЖШС), күл қалдықтарынан шлакоблок өнімдері («Досмұратов» ЖК, Қармақшы ауданы) картон қалдықтарынан эковата («Адима» ЖК, Жалағаш ауданы) шығарылуда.

Екінші.Халықты тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және тасымалдау қызметімен  қамту:

Облыс тұрғындарының 71,5 % осы қызметпен қамтамасыз етілген («Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдама аясында республикалық жоспар 2030 ж. – 100 %).     

2023 жылы  облыс бойынша жергілікті бюджеттер есебінен бөлек жинаумен қамту мақсатында 611 данаарнайы контейнерлер орнатылды.

Анықтама ретінде. Облыста барлығы 15мыңнан аса контейнерлер орнатылған, оның ішінде 3 мыңнан асабөлек жинауға арналған контейнерлер.

Сондай-ақ, облыста тұрғындар үшін құрамында сынабы бар шамдар үшін 
874 дана арнайы контейнерлер қызмет көрсетуде (Арал ауданы-200, Қазалы ауданы-130, Қармақшы ауданы-135, Жалағаш ауданы-70, Сырдария ауданы-35, Шиелі ауданы-100, Жаңақорған ауданы-50, Қызылорда қаласы-154).

Бұл контейнерлерді күтіп ұстауға жергілікті бюджеттерден жыл сайын қажетті қаржат (2021 ж.- 25 млн.тг., 2022 ж. -20,7 млн.тг.2023 ж.-17,5 млн.тг) бөлініп, күтіп ұстау шаралары жүргізіліп келеді.

Үшінші.Экологиялық және санитариялық талапқа сай келетін полигондар:

Облыстың 145 елді мекендерінде полигон қызметі үшін жалпы көлемі
402гектар жер учаскелері белгіленген.

Бүгінгі күні, облыстағы 7 полигон (4,8%) экологиялық және санитарлық талаптарға сәйкестендірілген.

Облыстың 3 ауданында жалпы құны шамамен 2,1 млрд. теңгені құрайтын жаңа полигондардың жобалық-сметалық құжаттамалары (Арал ауданы (Сексеуіл кенті) –
752,0 млн.тг., Жалағаш ауданы –526,0 млн.тг. және Шиелі ауданы -
825,3 млн.тг.)
 әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға жолданды.

Осы жылдыңсәуір айында Сырдария ауданындағы(Тереңөзек кенті) полигон жобасынамемлекеттік сараптаманыңоң қорытындысы алынды, қазіргі таңда полигон құрылысынақаржы қарастырылуда. Жоба құны-475,6 млн. теңге.

Стихиялық қоқыстарды жою бойынша 2023 жылы  «Қазақстан Ғарыш Сапары» мекемесімен ғарыштық түсірілім арқылы облыс аумағында  74  (Қызылорда қаласы-23, қалаға қарасты ауылдық округтер - 17, Сырдария ауданы - 14, Шиелі ауданы - 1, Жаңақорған ауданы - 19)стихиялық қоқыс орындары анықталды.Бүгінгі күні атқарылған жұмыстардың нәтижесімен анықталған қалдықтар орындары толығымен жойылды.

Дата публикации
03 января 2024
Дата обновления
03 января 2024
Тип
Есеп

Сейчас читают

Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Оңтүстік Хайркелді кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, Оңтүстік Хайыркелді кен орнындағы қабат қысымын ұстап тұру жүйесінің суларының ластаушы заттардың жол берілетін төгінділерінің нормативтері жобасы, шығарындылардың стационарлық
Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Таур кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы, ҚОҚБ, ҚББ, ӨЭББ, ҚОҚІШ.
Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Оңтүстік-Батыс Хайркелді кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы, ҚОҚБ, ҚББ, ӨЭББ, ҚОҚІШ.

Социальные медиа

Фейзбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы