Меню

Страницы

Статья

2023 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар

Облыс аумағында Кіші Арал теңізі, Сырдария өзені және балық шаруашылығына маңызы бар 201 көлдер бар. Оның ішінде, Кіші Арал теңізі толықтай және 173 көл конкурстық негізде 5-49 жылдарға табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілсе, 24-і ( Арал-6, Қазалы-1, Қармақшы-5, Жалағаш-2, Сырдария-4, Шиелі-5, Жаңақорған-1) резервтік қорда.

Балық аулау:

2022 жылы 8889,7 тонна балық ауланып, республикалық бюджетке 151,7 млн,теңге қаржы түсірілді.

2023 жылдың III тоқсаны бойынша 4393,195 тонна балық ауланды.

Балық экспорты:

2022 жылы 3575,7 тонна балық 12 шет елдеріне экспортталды (Ресей  – 2069,6 тн, Германия – 568,7 тн, Грузия – 300 тн, Литва – 115,2 тн, Польша – 163,6 тн, Нидерланды – 67 тн, Әзірбайжан – 60 тн, Венгрия – 16,2 тн, Австрия – 89,5 тн, Чехия – 32,9 тн, Франция – 33 тн, ҚХР – 60 тн).

2023 жылдың III тоқсаны бойынша 2215.26 тонна балық өнімдері
6 шет елдеріне экспортталды.

Бүгінгі күні, облыс бойынша 10 балық өңдеу зауыттары жұмыс жасауда. Оның 
4-уінде «Еврокод» Еуропалық сапа стандартына растайтын белгісі бар.

Анықтама: Экспортталатын балықтардың негізгі түрлері: тыран, торта, алабұға, шортан, көксерке. Сондай-ақ, өңделген өнімдер түрінде көксерке сүбесі, тыран қанаттары, балық фаршы, балық сүбесі, мұздатылған балық және балық ұны.

Тауарлы балық өсіруді (аквакультура) дамыту бойынша:

2017 жылдан 2021 жыл аралығында көл-тауарлы балық шаруашылықтарымен 713 тонна балық өсірілді (2017 ж – 105тн, 2018 ж – 125 тн, 2019 ж – 144 тн, 2020 ж – 155 тн, 2021 ж – 184 тн).

2022 жылы көл-тауарлы балық шаруашылықтармен 526,4 тонна тауарлы балық өсіріліп, нарыққа шығарылды.

Қызылорда облысында балық шаруашылығын дамытудың
2021-2030 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы:

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің тапсырмасына сәйкес,«Қызылорда облысында балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған өңірлік Бағдарламасы» әзірленіп, облыс әкімдігімен 2020 жылғы 30 қазанда №127 қаулысымен бекітілді.

Бағдарламаға сәйкес 2030 жылға дейін 16 шарбақтық шаруашылық,
12 тоған шаруашылық, 3 тұйық жүйелі сумен қамтамасыз ету құрылғылары іске қосылуы және көлде тауарлы балық өсіру шаруашылықтарының саны 55-ке жеткізу жоспарланған.

Республикалық бағдарламаға сәйкес 2022 жылға облыс бойынша
409 тонна балық өсіру көзделсе, бүгінгі күні тауарлы балық өсіру көлемі
526,4 тоннаға жетті. 

 Сонымен бірге 1 тұйық жүйелі сумен қамтамасыз ету құрылғысы, 6 тоған шарушылығы толығымен іске қосылып, көл-тауарлы балық шаруашылықтарының саны 71-ге жетті.

6 шарбақтық шаруашылықтарды құру мақсатында Қамбаш су айдынының учаскелеріне биологиялық негіздеме әзірленіп паспорт жасалды.

2022 жылы облыстық бюджеттен балық өсіру үшін балық жемін сатып алуға жұмсалатын шығыстардың 30%-ын субсидиялауға 8,4 млн.теңге бөлініп, бүгінгі күні аталған қаржы игерілді («Ислам»ШҚ. Жаңақорған ауданы).

Анықтама:

(2021 жылы балық өсіру үшін балық жемін сатып алуға жұмсалатын субсидиясына 8,4 млн.теңге бөлініп - 5,46 млн.теңгесі игерілді («Ислам»ШҚ. Жаңақорған ауданы).

(2023 жылға балық өсіру үшін балық жемін сатып алуға жұмсалатын субсидиясына 9,1 млн.теңге бөлінді).

Бағдарлама аясында 2021 жылы балық шаруашылығы маңызы бар су айдындарына шарбақтық және көл-тауарлы балық шаруашылығын ұйымдастыру үшін барлығы 51 ғылыми-биологиялық негіздеме (39 КТБШ –және 12 ШБШ)  әзірленді.

Бағдарламамен жалпы 49 су айдынына гидротехникалық құрылыс салу көзделген. 2021 жылы 19 су айдындарының жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге облыстық бюджеттен 16232,7 мың.теңге қаржы бөлінді.

2022 жылы мемлекеттік сараптаманың қорытыныдысын алу жұмыстарына 5,5 млн. теңге қаржы сұратылып, облыстық экономика және қаржы басқармасына бюджеттік өтінім жолданды.

Алайда, 2022 жылы облыстық бюджеттік комиссия отырысында аталған жоба қолдау таппады. 2023 жылға көрсетілген жұмыстарға облыстық бюджеттен 5456,8 мың теңге қаржы бөлінді.

Арал қаяз балығы санын қалпына келтіру жобасы:

Арал қаязының аналық-аталықтарын тоған жағдайында қалыптастырып, олардан табиғи жағдайда уылдырық алу дәрежесіне дейін жеткізу мақсатында «Кіші Арал теңізіндегі Арал қаязы балығының санын қалпына келтіру үшін, оның генофондын сақтау» жұмыстарын жүргізу жобасы бойынша облыс аумағындағы күріштік алқаптарынан, каналдар мен қашыртқылардан және бөлектенген су айдындарынан 10 мың дана қаяз балығының шабақтары жиналып, оларды екіжаздық деңгейге дейін жеткізіп, Сырдария өзенімен балық шаруашылығына маңызы бар көлдерге жіберілді.

Балық қорғау шаралары

Ағымдағы жылы «2022 жылға облыс көлеміндегі күріштік алқаптарда қалған балық шабақтарын құтқару жұмыстарының  іс-шаралар жоспары» бекітілді.

Іс-шара жоспарына сәйкес, тамыз-қыркүйек-қазан айлары балық шабақтарын құтқару айлары болып жарияланып, қала және аудан әкімдіктерімен жұмысшы топтар құрылды.

Осыған орай, облыс аумағында орналасқан күріш алқаптарында, каналдарда, бөлектеніп қалған су айдындарында шабақ құтқару жұмыстары жүргізіліп, 250 адам қатысып, 40 дана техника қолданылып, 8,2 млн. дана балық шабақтары құтқарылып балық шаруашылығына маңызы бар су айдындарына жіберілді.

Анықтама:

2021 жылы шабақ құтқару жұмыстарына 125 адам қатысып, 15 дана техника қолданылып, 7,6 млн. дана балық шабақтары құтқарылып, балық шаруашылығына маңызы бар су айдындарына жіберілді.

ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ

Қызылорда облысында жалпы көлемі 9,8 млн.га болатын 41 аңшылық алқаптар бар, оның ішінде 19 аңшылық алқап табиғат пайдаланушыларға бекітіліп беріліп, 22 аңшылық алқап резервте тұр.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылдың 2 қыркүйектегі №594 бұйрығымен «Аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттардың үлгілік нысандарын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.12.2018 жылғы №542 бұйрығына өзгерістер енгізіліп, Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы ҚР Заңына сәйкестендірілді.

Анықтама ретінде:

Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы Заңының 37-бабының 1-тармағына сәйкес аңшылық шаруашылығын жүргізу құқығы облыстың жергілікті атқарушы органының аңшылық алқаптарды бекітіп беру туралы шешімі, ведомствоның аумақтық бөлімшесі мен жануарлар дүниесін пайдаланушы арасында жасалатын аңшылық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттар негізінде белгіленеді  делінген.

Ал, Ауыл шаруашылығы министрінің 27.12.2018 жылғы №542 бұйрығымен бекітілген аңшылық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттың үлгілік нысандарында аңшылық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарт жергілікті атқарушы орган мен пайдаланушы арасында жасалады деп көрсетілген. 

Осыған сәйкес, резервтегі 10 аңшылық алқаптың құжаттары дайындалып (даму жоспары, бастапқы бағасы) конкурсқа шығару мақсатында тиісті шаралар жүргізілуде.

2021 жылы «Қызылорда облысы аңшылық алқаптарының ақпараттық - анықтамалық картасы сайтын әзірлеу» жобасы аяқталып, қазіргі уақытта жұмыс жасап тұр.

2022 жылы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерімен 1,5 млн. теңгеге биотехникалық іс-шаралар жүзеге асырылды.

Анықтама ретінде:

Облыс аймағында сүтқоректілердің 40-тан астам түрі және құстардың 300 түрі, оның ішінде, Қазақстанның Қызыл кітабына енген жануарлар мен құстардың 31 түрі мекендейді.

2021 жылғы 1 шілдеден бастап 2022 жылғы 1 шілдеге дейінгі аралықта Экология және табиғи ресурстар министрлігімен Қызылорда облысына жалпы көлемі 128 632 дана жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимиті бекітілді. Оның ішінде жануарлардың 4 түріне – 42170 дана, құстардың 6 түріне – 86 462 дана. Аталған лимит толығымен игеріліп,  республикалық бюджеттке 7,1 млн. теңге қаржы түсірілді (қабан – 1438, түлкі – 733, қоян – 39276, борсық – 723, қаз – 6000, үйрек – 25000, шіл – 28209, қасқалдақ – 743, кептер – 6846, қырғауыл –19664).

2022 жылғы 1 шілдеден бастап 2023 жылғы 1 шілдеге дейінгі аралықта Экология және табиғи ресурстар министрлігімен, Қызылорда облысына жалпы көлемі 113 428 дана жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимиті бекітілді. Оның ішінде жануарлардың 4 түріне – 37 763 дана, құстардың 6 түріне – 75 665 дана. (қабан – 2 955, түлкі – 862, қоян – 33 307, борсық – 639, қаз – 6 000, үйрек – 25 000, шіл – 663, қасқалдақ – 21 527, кептер – 3 210, қырғауыл – 19 265).

Дата публикации
09 октября 2023
Дата обновления
09 октября 2023
Тип
Есеп

Сейчас читают

Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Оңтүстік Хайркелді кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, Оңтүстік Хайыркелді кен орнындағы қабат қысымын ұстап тұру жүйесінің суларының ластаушы заттардың жол берілетін төгінділерінің нормативтері жобасы, шығарындылардың стационарлық
Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Таур кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы, ҚОҚБ, ҚББ, ӨЭББ, ҚОҚІШ.
Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Оңтүстік-Батыс Хайркелді кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы, ҚОҚБ, ҚББ, ӨЭББ, ҚОҚІШ.

Социальные медиа

Фейзбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы