Облыс аумағында мемлекеттік орман қоры жерлерінің жалпы көлемі 7,0 млн. гектарды құрайтын болса, оның 3,8 млн. гектары орманды алқаптар болып табылады. Орманды алқаптың 83% негізгі орман құраушы сексеуіл ағаштары алып жатыр.
Облыста ормандарды қорғау, молықтыру, сақтау және орман өртін алдын алу мақсатында, 8 орман шаруашылығы мекемелерінде 697 қызметкерлер жұмыс жасауда.
Мемлекет басшысының 2021-2025 жылдар ішінде Арал теңізінің құрғаған ұлтанында 1,1 млн.га сексеуіл екпелерін ұлғайту жөнінде тапсырмасын орындау мақсатында ағымдағы жылы 250 мың га (100 мың га - облыстық деңгейде, қалған 150 мың га - Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті арқылы) фитоорманмелиорациялық жұмыстарын жүргізу жоспарланып, кезең кезеңімен атқарылуда (Облыстық деңгейде атқарылатын 100 мың гектардың 53 000 га сексеуіл көшетін отырғызу, 47000 га галофитті тұқымын себу және оған 141 200 кг сексеуіл тұқымын жинау).
Көктем айларында 53 000 га сексеуіл көшеттерін отырғызу және 7777 га галофитті тұқым себу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы Арал теңізінің құрғаған ұлтанының 150 мың га топырақ зерттеу және жобалау жұмыстарына облыстық бюджеттен 59 млн. теңге және орман мекемелерінің материалды-техникалық базасын нығайту үшін 866,8 млн. теңге бөлініп, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Орман молықтыру және көгалдандыру жұмыстарына қажетті сексеуіл мен саялы ағаш көшеттерін өсіретін 158 га уақытша орман тұқымбақтары ұйымдастырылуда.
Орман қорының санитарлық жағдайын бақылау үшін 376,3 мың га жерге орман патологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Жыл басынан бері мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша ағаш кесу және орман билеті, барлығы 407 (орман билеті-400, ағаш кесу-7) жеке және заңды тұлғаларға берілді.
Сонымен қатар, мемлекеттік орман қоры учаскелерінде заң бұзушылықтарды алдын-алу, оны анықтау мақсатында 127 рейдтер ұйымдастырылып, оның ішінде орма тәртібін бұзушылықтар бойынша 14 жағдайы анықталды.
2023 жылдың 13 наурызында Қызылорда облысы аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.
Орман өртін болдырмау және алдын алу мақсатында орман шаруашылығы мекемелерінде 11 дана өрт сөндіру автокөлігі мен 53 тұрақты өрт сөндірушілер қызмет атқарады.
Өрт қауіпті учаскелерде 542 шақырымға жаңадан өрт жолақтары жүргізіліп, 5918 шақырымға ескі өрт жолақтары қалпына келтірілуде.
Сонымен қатар, өрт қауіпті деген жерлерге 50 дана аншлагтар мен паннолар орналастырылды және 2 311 дана елді мекендердегі тұрғындар мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерге ескерту хаттар таратылып,
180 рет түсіндірме жұмыстары, бұқаралық ақпарат құралдарына 13 рет мақалалар жарияланды.
Өрт қауіпті кезеңінде орман қоры жерлерінде 100,89 гектарды құрайтын
21 өрт фактісі тіркелді (2022 жылы жалпы 16 өрт, 38,39 га). Оның ішінде, 25,29 гектар орманды, 75,6 гектар ормансыз алқаптар болып табылады.
Табиғатқа келтірілген шығын көлемі 368,7 мың теңгені құрайды.