Бүгінгі күні, облыстық коммуналдық меншікке 226 (372 нысан) су шаруашылығы нысандары алынған. Коммуналдық меншікке қабылданған су шаруашылығы нысандарын тазалау, жөндеу жұмыстары кезең - кезеңімен атқарылуда.
Ағымдағы жылы, облыстық бюджет есебінен елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында 79,3 шақырым болатын 9 каналға су шаруашылығы жұмыстарын жүргізуге (314,0 млн.теңге), елді мекендерге 23 дана насос қондырғыларын жеткізіп беруге (333,0 млн.теңге) және 27 каналға жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстарына (56,2 млн.теңге) қаржы бөлінді. Соның ішінде бүгінгі күні елді мекендерге 23 дана насос қондырғылары толығымен жеткізіліп, 26 каналдың жоба-сметалық құжаттамалары әзірленді.
(Анықтама ретінде
каналдар бойынша:
Сырдария ауданы А.Тоқмағанбетов а/о "Қашыртқы", Амангелді а/о «Хозцентр» Жалағаш ауданы Қаракеткен а/о "Бекбай", Шиелі ауданы Қоғалы а/о "Жаңаарық", Тартоғай а/о "Балтабай", Еңбекші а/о "Р-2-2-2", Жаңақорған ауданы Қыркеңсе а/о "ОК-1-3", Байкенже а/о "Дөңбай", Қармақшы ауданы Көмекбаев а/о «Қарақ және Қоңыраулы» каналдары.
27 каналға ЖСҚ әзірлеу үшін:
Арал ауданы Қаратерең а/о"Құйылыс шлюзі" бөгетіне, Қазалы ауданы Аранды а/о «Бөкебай» каналына, Ақжона а/о «Майдакөл» каналына, Майдакөл а/о «Таймас» каналына, Қарашеңгел а/о «Қызыл ой» каналына, Қармақшы ауданы Қармақшы а/о "Сарыжылуан" каналына, Жосалы а/о "Келтеарық"каналына, Иіркөл а/о «Жапалақ жарма» каналына, Жалағаш ауданы Мақпалкөл а/о «Әшен арық» каналына, Жаңаталап а/о «Арқаш арық» каналына, Аламесек а/о «Ақарық» каналына, Сырдария ауданы Амангелді а/о «Баржық» каналына, Сырдария ауданы Шаған а/о «Жиделіарық» каналына, С.Сейфуллин а/о "Құрымбек" каналына, Тереңөзек кентіндегі «Айтбай арық» каналына, Ақжарма а/о «Ақжарма» каналына, Ақжарма а/о «Дәулет арық» каналына, Шиелі ауданы Шиелі кентіндегі "Базар арығы" каналына, Шиелі ауданы Ақмая а/о «Р-3-1» каналына, Керделі а/о «Керделі» қашыртқысына, Ақмая а/о «Р-3-2» каналына, Шиелі кентіндегі "Байсары" каналына, Жаңақорған ауданы М.Нәлібаев а/о «К-2-6-1» су қашыртқысына, Аққорған а/о «Р-16-2-1» каналына, Аққорған а/о «Р-16-2» каналына, Қармақшы ауданы Жосалы кенті маңындағы Сырдария өзенінін тазалау жұмысы
23 дана насостар бойынша:
Қызылорда қаласы Ақсуат а/о 1 дана дизельді, Қызылөзек а/о 1 дана дизельді, 1 дана электрлі, Қазалы ауданы Құмжиек а/о 1 дана дизельді, Басықара а/о1 дана дизельді, Майлыбас а/о 1 дана дизельді, Сырдария ауданы Тереңөзек кентініне 2 дана электрлі, А.Тоқмағанбетов а/о2 дана дизельді, Қармақшы ауданы Қармақшы а/о 1 дана электрлі, Шиелі ауданы Жөлек а/о1 дана дизельді,1 дана электрлі, Бестам а/о "Р-12-8"2 дана дизельді,, "Р-12-6" каналына1 дана дизельді Бәйгеқұм а/о 1 дана дизельді, Тұран а/о "Р-10" каналына 2 дана электрлі, Еңбекші а/о 2 дана дизельді, ШЖҚ "Табиғат" МКК-на 2 дана электрлі насос қондырғылары
Сондай-ақ, Қазалы ауданы Алға ауылдық округіндегі «Ішкі», Сырдария ауданы Қалжан Ахун ауылдық округіндегі "Ескі бостандық", "Дәурен", Жаңақорған ауданының Келінтөбе магистралды каналының су беретін каналы жобаларының ЖСҚ-на мемсараптаманың оң қорытындысы алынды.
Облыста суармалы жерлерді қалпына келтіру және айналымға қосу бойынша 161 млрд. теңгеге 3 (үш) жоба әзірленген. Олар: 158 мың гектар суармалы егістіктегі ирригация және дренаж жүйелерін жетілдіру және пайдаланылмай тұрған 29 мың гектар суармалы жерлерді су үнемдеу технологияларды пайдалана отырып, айналымға қосу жобалары.
Соның ішінде, 2019 жылдан бастап ПУИД-2 жобасы аясында Жалағаш ауданында (Аққұм, Бұқарбай батыр, Таң, Мәдениет а.о) 15 мың гектар суармалы жерлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның жалпы құны - 9,3 млрд. теңге.
Жоба бойынша 2019 жылы 816,9 млн.теңге, 2020 жылы 2,227 млрд.теңге, 2021 жылы 1,747 млрд. теңге, 2022 жылы 2,302 млрд. теңге қаржы игерілді.
2023 жылы маусым айында 42,032 млн. теңге қаржы игерілді, қазіргі таңда 746 951 м (90 %) су жүйелері, 427980 м (90,4%) қашыртқы жүйелері тазаланып, 10076 дана (71,0 %) су құрылыстары, 151 дана (100%) бақылау ұңғымалары салынды. Жалпы бұл жобалар жүзеге асырылған жағдайда, инженерлік жүйеге келтірілген суармалы жерлердің 80% қалпына келтіріліп, өңірдің ауыл шаруашылығының дамуына өз септігін тигізетін болады.