ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ
«Жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі Тұжырымдамасының қалдықтарды басқару бағыты бойынша 3 нысаналы индикатор аясында шаралар атқарылуда.
Бірінші. Қалдықтардың өңдеу үлесін арттыру бойынша
2023 жылдың ІІ тоқсанында жинақталған 85000 тонна қатты тұрмыстық қалдықтардың 22850 тоннасы өңделді. Пайыздық үлесі 26,8 % құрады.
Бүгінде, облыс бойынша қалдықтарды жинау, сұрыптау және өңдеу саласында 18 кәсіпкерлік субъектілері жұмыс жасауда.
Анықтама ретінде:.кәсіпкерлік субъектілерімен макулатура, картон, пластмасса, пластик қалдықтары сұрыпталып, тозығы жеткен автокөлік шиналарынан ұнтақталған гранула («Smart Rubber» ЖШС), макулартурадан қағаз өнімдері («Қызылорда Қағазы» ЖШС), тамақ қалдықтарынан малға азық («СНГ СТРОЙ» ЖШС), күл қалдықтарынан шлакоблок өнімдері («Досмұратов» ЖК, Қармақшы ауданы) картон қалдықтарынан эковата («Адима» ЖК, Жалағаш ауданы) шығарылуда.
Екінші. Халықты тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және тасымалдау қызметімен қамту.
Облыс тұрғындарының 71,5 % осы қызметпен қамтамасыз етілген («Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдама аясында республикалық жоспар 2030 ж. – 100 %).
2022 жылы облыс бойынша жергілікті бюджеттер есебінен бөлек жинаумен қамту мақсатында 653 дана арнайы контейнерлер орнатылды.
Анықтама ретінде. Облыста барлығы 15 мыңнан аса контейнерлер орнатылған, оның ішінде 3 мыңнан аса бөлек жинауға арналған контейнерлер. 2022 жылы кәсіпкерлік субъектілерінің жеке қаражаттары есебінен бөлек жинауға арналған 370 дана («ДаЖаЕр» ЖШС - 300, «СНГ Строй» ЖШС - 50, «Жаңажол» ЖШС – 20) контейнерлер орнатылды.
Сондай-ақ, облыста тұрғындар үшін құрамында сынабы бар шамдар үшін
874 дана арнайы контейнерлер қызмет көрсетуде (Арал ауданы-200, Қазалы ауданы-130, Қармақшы ауданы-135, Жалағаш ауданы-70, Сырдария ауданы-35, Шиелі ауданы-100, Жаңақорған ауданы-50, Қызылорда қаласы-154).
Бұл контейнерлерді күтіп ұстауға жергілікті бюджеттерден жыл сайын қажетті қаржат (2021 ж.- 25 млн.тг., 2022 ж. - 20,7 млн.тг. 2023 ж.-17,5 млн.тг) бөлініп, күтіп ұстау шаралары жүргізіліп келеді.
Үшінші. Экологиялық және санитариялық талапқа сай келетін полигондар.
Облыстың 145 елді мекендерінде полигон қызметі үшін жалпы көлемі
402 гектар жер учаскелері белгіленген.
Бүгінгі күні, облыстағы 7 полигон (4,8%) экологиялық және санитарлық талаптарға сәйкестендірілген.
Облыстың 4 ауданында жалпы құны шамамен 2,0 млрд. теңгені құрайтын жаңа полигондардың жобалық-сметалық құжаттамалары (Арал ауданы (Сексеуіл кенті) –
752 млн.тг., Жалағаш ауданы – 526,0 млн.тг., Сырдария ауданы - 475,0 млн.тг. және Шиелі ауданы -
335,0 млн.тг.) әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға жолданды.
Осы жылдың сәуір айында Сырдария ауданындағы (Тереңөзек кенті) полигон жобасына мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды, қазіргі таңда полигон құрылысын жүргізуге облыстық бюджеттен қаржы қарастырылуда.
Стихиялық қоқыстарды жою бойынша 2023 жылы «Қазақстан Ғарыш Сапары» мекемесімен ғарыштық түсірілім арқылы облыс аумағында 74 (Қызылорда қаласы-23, қалаға қарасты ауылдық округтер - 17, Сырдария ауданы - 14, Шиелі ауданы - 1, Жаңақорған ауданы - 19) стихиялық қоқыс орындары анықталды. Бүгінгі күні атқарылған жұмыстардың нәтижесімен анықталған қалдықтар орындарының 50-і жойылды.