04.2023 ж.
|
№ |
Ісшаралар |
Орындауға жауаптылар |
Орындалуы туралы ақпарат |
|
|
1-бөлім.Тұрақты көздерден атмосфераға ластаушы заттар эмиссиясын қысқарту |
||||
|
1.1 |
Тұрғын үй массивтерін, әлеуметтік, өндірістік және өзге де объектілерді газ отынына кезең-кезеңмен көшіру |
«ҚО ЭжТКШБ» (жинақ) Қызылорда қаласы менаудан әкімдіктері, «ҚО ТРжТПРБ» |
2022 жылдың қорытындысымен облыс тұрғындарының табиғи газбен қамту үлесі 70 пайызды құрады. 4 қала (Қызылорда, Арал, Қазалы, Байқоңыр) 100 пайыз газдандырылған. 230 ауылдық мекеннің 22 ауылы газдандырылғын (6 аудан орталығы, 16 ауыл), яғни 9,6 пайызы. 2023 жылдың 1-ші нақтылауына ҚР Энергетика министрлігіне жалпы құны 16,2 млрд. теңге болатын 12 жобаға бюджеттік өтінім ұсынылды. Жалпы облыс бойынша 2 газ тарату ұйымы бар – «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ҚӨФ және «Қызылорда газ тарату жүйесі» КМК-ны. Газбен жабдықталған абонент саны-134388. Газбен жабдықталған кәсіпорындар саны-3030, оның ішінде өнеркәсіп орындары-531, коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындар-2499, жеке үйлер-82883, көп қабатты тұрғын үй пәтерлері-51505. |
|
|
1.2 |
I, II, III және IV санаттағы табиғат пайдаланушылардың қоршаған ортаға рұқсат етілген эмиссияларының нақты көлемдері мен лимиттерін талдау |
«ҚО ТРжТПРБ», «ҚО ЭД» (келісім бойынша) |
Қызылорда облысы бойынша экология департаментімен мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу барысында КРІ көрсеткіштеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылы жүргізілген сараптама нәтижесінің қорытындысымен 3277 тоннаға атмосфералық ауаға шығарындылар нормативтері төмендетілді. II санаттағы табиғат пайдаланушылардың қоршаған ортаға рұқсат етілген эмиссиялардың шығарындылар бойынша бойынша нақты көлемі – 6,80 мың тонна, лимит көлемі – 30,0 мың тонна; төгінділер бойынша нақты көлем – 0,017 мың тонна, лимит көлемі – 69,1 мың тонна; қалдықтар бойынша нақты көлем – 0,010 мың тонна, лимит көлемі – 49,06 мың тонна. |
|
|
1.3 |
Қызылорда облысында қоршаған ортаға эмиссия көлемін азайтуды анықтау мақсатында жеке кәсіпкерлік және өндіріс субъектілерінің газ отынына көшуін түгендеу бойынша іс-шаралар |
«ҚО ТРжТПРБ», «ҚО ЭжТКШБ»
|
Облыс бойынша газдандырылған елді мекендерде жалпы 404 әлеуметтік нысан орналасақан. Бүгінгі күнге 180 әлеуметтік нысан газ отынына көшірілген. 2023 жылы 10 жобаны іске асыру жоспарланған. |
|
|
1.4 |
Облыстың уран өндіруші кәсіпорындарының санитарлық қорғаныш аймағы шекарасында атмосфералық ауа сапасының мониторингін қамтамасыз ету |
«ҚО ЭД» (келісім бойынша) |
Қызылорда облысы бойынша экология департаментінің зертханалық-талдамалы бақылау бөлімімен уран өндіруші кәсіпорындардың «РУ-6», «Қызылқұм» ЖШС-нің санитарлық қорғаныш аймағы шекарасында атмосфералық ауа сапасын қамтамасыз ету мақсатында өлшеу жұмыстары жүргізілді, нәтижесінде нормативтен асу анықталған жоқ. Қызылорда облысы аумағында орналасқан «РУ-6» ЖШС, «Қызылқұм» ЖШС, «Семизбай-U» ЖШС, «Байкен-U» ЖШС мекемелері өндірістік экологиялық бақылау есебін жүргізу барысында санитарлық қорғаныш аймағы шекарасында атмосфералық ауаға өлшеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде нормативтен асу деректері анықталмаған. |
|
|
2-бөлім. Жылжымалы көздерден атмосфералық ауаға ластаушы заттардың шығарындыларын азайту |
||||
|
2.1 |
Қызылорда облысы кәсіпорындарының атмосфераға шығарылатын шекті жол берілетін шығарындылар нормативтерінің сақталуын бақылау |
«ҚО ЭД» (келісім бойынша) «ҚО ТРжТПРБ» |
Кәсіпорындарды тексеру барысында, аспаптық өлшеулер нәтижелері бойынша атмосфералық ауадағы ластаушы заттардың шекті рауалды көрсеткіштен асу дерегі орын алған жоқ. 2022 жылы бекітілген кестеге сәйкес, Қызылорда облысы бойынша экология департаменті санитарлық-қорғау аймағы шекарасына мониторинг жүргізді (1107 сынамалар, 1107 анықтаулар). Мониторинг нәтижелері бойынша шекті рауалды көрсеткіштен асу дерегі белгіленбеген. |
|
|
2.2 |
Қоғамдық автокөлікті газ отынына ауыстыру |
«ҚО ЖКжАЖБ», «ҚО ЭД» (келісім бойынша) «ҚО ТРжТПРБ» |
Облыс бойынша қалаішілік және кентішілік маршруттарда жолаушы тасымалдау қызметін жүзеге асыратын 781 автобустың 494 данасы немесе 63,2% газ отынына көшірілген. «Қызылорда автобус паркі» ЖШС-нің теңгерімінде 188 автобус табиғи газ отынымен (метан) қозғалады. 2023 жылы қосымша 200 |
|
|
2.3 |
«Таза ауа» іс-шаралар жоспары шеңберінде автокөліктің түтіндігін бақылау |
«ҚО ПД», «ҚО ЭД» (келісім бойынша) |
Қызылорда облысы бойынша экология департаментімен «Таза ауа» іс-шарасы ұйымдастырылып, есепті кезеңде 2 рейдтік іс-шара ұйымдастырылып, іс-шара барысында қала ішіндегі 20 автокөлікке өлшеу жұмыстары жүргізіліп, нормативтен асу дерегі анықталған жоқ. |
|
|
2.4 |
Атмосфералық ауаға теріс әсерді төмендету мақсатында Қызылорда қаласында автокөліктің жаппай жиналатын учаскелерінде автокөлік қозғалысын реттеу |
«ҚО ПД», Қызылорда қаласының әкімдігі, «ҚО ЖКжАЖБ» |
Қызылорда облысы полиция және экология департаменттерінің қызметкерлерімен ай сайын рейдттік іс-шаралар ұйымдастырылып жұмыстар атқарылуда. Нәтижесімен құқық бұзған азаматтарға және автокөліктің түтіндігі бойынша әкімшілік айыппұлдар салынып профилактиқалық жұмыстары жүргізілуде. |
|
|
3-бөлім. «Жасыл белдеуді» дамыту, көгалдандыру және абаттандыру |
||||
|
3.1 |
Қызылорда қаласының өнеркәсіп объектілері мен санитарлық-қорғау аймақтарын көгалдандыру және абаттандыру |
«ҚО ТРжТПРБ» (жинақ) Кәсіпкерлік субъектілері |
2019 жылы республикалық бюджет есебінен әзірленген Қызылорда қаласының маңында 107 га жерге жасыл белдеу құру жобасында суғару жүйесі қарастырылмағандықтан, қазіргі уақытта жобалау-сметалық құжаттарын Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті қайта әзірлеуде. Осыған сәйкес, Қызылорда қаласы аумағында 107 га «Жасыл белдеу» жасау жұмыстары 2023 жылы аралығында іске асыру қайта жоспарланды. |
|
|
3.2 |
Абаттандырылған аумақтар мен өнеркәсіптік объектілердің жасыл желектерін түгендеу |
«ҚО ТРжТПРБ» (жинақ) Кәсіпкерлік субъектілері |
Қызылорда-Шымкент автожолының бойындағы 23,5 га және Аэропорт-Қызылорда автожол бойындағы 8,3 га жасыл белдеуді күтіп ұстау бойынша вегетациялық өсу кезенде суғару, қураған ағаштардан санитарлық кесу, ағаш көшеттерін толықтыру, арам шөптерден тазарту жұмыстары жүргізілді. |
|
|
3.3 |
Атмосфералық ауаға теріс әсерді төмендету мақсатында Қызылорда қаласы Титов кентінде биологиялық тазарту станциясын жаңғырту (модернизациялау) |
Қызылорда қаласының әкімдігі, «ҚО ЭжТКШБ» |
2022 жылға жобаны бастауға республикалық бюджеттен 1,0 млрд. теңге қаржы бөлініп мердігер мекеме «Умирзак» ЖШС анықталып, тапсырыс беруші «Қалалық құрылыс бөлімі» КММ арасында келісім шарт жасалынған Алайда, құрылыс заңдылықтарына байланысты жобаны іске асыру мерзімі өтіп кетті (бекітілгеннен кейін үш жыл ішінде құрылысы басталмаған жоба-сметалық құжаттама ескірген болып есептеледі). Анықталған мердігер құрылыс материалдары мен жабдықтарының сметалық құнының қымбаттауы себебінен жобаны жалғастырудан бас тартып келісім шарт бұзылды, бөлінген қаржы республикалық бюджетке қайтарылды. Кәрізді тазарту құрылыстарын жобалау методикасына сәйкес КазЦентрЖКХ-мен бірлесіп жобаны қайта әзірлеу жұмыстары жасалуда. |
|
|
4-бөлім. Тұтыну және өндіріс қалдықтарын басқару |
||||
|
4.1 |
Қызылорда қаласының бұрынғы жылу электр орталығы-6 күл үйіндісін жою |
Қызылорда қаласының әкімдігі, «ҚО ЭД» |
Қызылорда қаласының бұрынғы № 6 жылу электр орталығының күл-шлак қалдықтарын орналастыру орны 42 гектар аумақты алып жатыр, онда 1 млн.тоннадан астам көмір күлі бар. Осы ретте, Қызылорда облысы бойынша экология департаменті қала әкімдігімен бірлесіп «Гежуба Шиелі Цемент Компаниясы» ЖШС-мен компанияның өндірістік қызметінде күл-шлак қалдықтарын пайдалану туралы меморандумға қол қойылып, қазіргі таңда қалдықтарды цемент зауытының өндірісінде шикізат ретінде пайланылуда. Бүгінгі күнге дейін барлығы 35 790,54 тонна күл қалдығы цемент зауытының шикізаттар сақтау қоймасына тасымалданды. |
|
|
4.2 |
Қызылорда қаласының бұрынғы жылу электр орталығы-6 күл үйіндісінің жерлерін қалпына келтіру |
Қызылорда қаласының әкімдігі, «ҚО ЭД» |
||
|
4.3 |
Белгіленбеген орындарда сарқынды суларды ағызуға жол бермеу мақсатында сарқынды суларды септиктерден ағызуды және тасымалдауды жүзеге асыратын көлік құралдарының (ассенизаторлық машиналар) қызметін бақылау |
«ҚО ТРжТПРБ» (жинақ) Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктері, «Қызылорда су жүйесі», «ҚО ПД ЖПҚБ», «ҚО ЭД» (келісім бойынша) |
Қызылорда облысы бойынша экология департаменті тарапынан қоршаған ортаның жағдайын жақсарту мақсатында мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен «Қызылорда қаласы аумағында заңсыз кәріз суларды төгуге жол бермеу бойынша 2023 жылға арналған іс-шара» жоспары бектілді. Аталған, іс-шара жоспарына сәйкес Қызылорда қаласы және қалаға қарасты елді мекендер аумағында тиісті мемлекеттік мүдделі органдармен ассенизатор автокөліктерінің заңсыз кәріз суларын төгу дерегін тоқтату мақсатында рейдтік іс-шараларды жүргізу және учаскелік полиция қызметкерлерімен патрульдік көлікпен тиісті белгіленген аумақтарды аралау арқылы заңсыз кәріз су деректері бойынша бақылау, анықтау жұмыстарын жүргізу қарастырылған. Сонымен қатар, құқық қорғау және мемлекеттік органдар тарапынан заңсыз кәріз суларын төгу деректері жөнінде құжаттар түскен жағдайда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 802-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық іс қозғау мәселесі айқындалып, тиісті шаралар қабылдануда. |
|
|
4.4 |
Елді мекендерде коммуналдық қалдықтарды сұрыптау |
«ҚО ТРжТПРБ» (жинақ) Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктері, «ҚО ЭД» (келісім бойынша) |
2023 жылдың І тоқсанында жинақталған 40 958 тонна қатты тұрмыстық қалдықтардың 10 958 тоннасы өңделді. Пайыздық үлесі 26,7 % құрады. Облыс бойынша қалдықтарды жинау, сұрыптау және өңдеу саласында 18 кәсіпкерлік субъектілері жұмыс жасауда. Кәсіпкерлік субъектілерімен макулатура, картон, пластмасса, пластик қалдықтары сұрыпталып, тозығы жеткен автокөлік шиналарынан ұнтақталған гранула («Smart Rubber» ЖШС), макулартурадан қағаз өнімдері («Қызылорда Қағазы» ЖШС), тамақ қалдықтарынан малға азық («СНГ СТРОЙ» ЖШС), күл қалдықтарынан шлакоблок өнімдері («Досмұратов» ЖК, Қармақшы ауданы) картон қалдықтарынан эковата («Адима» ЖК, Жалағаш ауданы) шығарылуда. |
|
|
4.5 |
Қызылорда облысында қазіргі заманғы техникалық құралдарды қолдана отырып (пресс-контейнерлерді пайдалану, коммуналдық қалдықтарды механикалық сұрыптау жүйесін қолдану) ҚТҚ жинаудың, тасымалдаудың және сұрыптаудың тиімді жүйесін ұйымдастыру |
«ҚО ТРжТПРБ» (жинақ) Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктері, жеке инвесторлар, «ҚО ЭД» (келісім бойынша) |
Облыстың 145 елді мекендерінде полигон қызметі үшін жалпы көлемі 402 гектар жер учаскелері белгіленген. Облыстағы 7 полигон (4,8%) экологиялық және санитарлық талаптарға сәйкестендірілген. Облыстың 4 ауданында жалпы құны шамамен 2023 жылдың сәуір айында Сырдария ауданындағы (Тереңөзек кенті) полигон жобасына мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. |
|
|
4.6 |
Қызылорда облысында қоқыс сұрыптау кәсіпорындары мен қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын салу |
«ҚО ТРжТПРБ» (жинақ) Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктері, жеке инвесторлар |
||
|
5-бөлім. Су ресурстарын реттеу |
||||
|
5.1 |
Облыстың аудан орталықтарын сарқынды суларды табиғи тазарту құрылыстарымен (сүзу алаңдары, биологиялық тоғандар, тұндырғыш тоғандар, жинақтағыш тоғандар, жерасты сүзу құрылыстары) қамтамасыз ету |
«ҚО ЭжТКШБ» (жинақ) Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктері, |
Облыс бойынша 3 биологиялық тазарту станциялары жұмыс жасауда. Қызылорда қаласында қуаттылығы тәулігіне 70 мың текше метр және қуаттылығы тәулігіне – 6,4 текше метр модульді биологиялық тазарту станциясы. Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінде қуаттылығы 1430 текше метр биологиялық тазарту станциясы. Шиелі ауданы, Шиелі кентінде «Көкшоқы» 1984 жылы іске қосылған 7,2 шақырым желісі, әрқайсының қуаттылығы - тәулігіне 100 текше метр 3 бірлік канализациялық-насостық станциялары, 700 текше метр сарқынды суды өңдейтін канализациялық тазарту–станциясы бар кәріз жүйесі. Арал және Қазалы аудандарында қуаттылығы тәулігіне 2 мың текше метр канализациялық-тазарту станцияларының құрылысы жоспарлануда. Жобаларды іске асыру мерзімі – 2025 жыл. Алдын-ала жобалар құны – 5,0 млрд.тг. (Арал – 3,0 млрд.тг., Қазалы – 2,0 млрд.тг.). |
|
|
5.2 |
Қызылорда облысында ашық су қоймаларынан су сынамаларын іріктеу бойынша тоқсан сайын мониторинг жүргізу |
«Қазгидромет» (келісім бойынша) |
«Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалы облыс аумағынан Сырдария өзенінен ай сайын жоспар бойынша сынамалар алынып, мониторинг жүргізілуде. Сырдария өзені суының температурасы 0ºC, сутектік көрсеткіштің орташа мәні – 7,0, суда еріген оттегінің шоғыры 6,8 мг/дм3, ОБТ5 орта есеппен 1,0 мг/дм3. Негізгі иондар (сульфаттар 3,9 ШЖШ,), бойынша шекті жол берілген шоғырдан асқандығы тіркелді. Сырдария өзені суының сапасы орташа деңгейлі ластану болып табылады. 2023 жылдың қаңтар айында салыстырсақ Сырдария өзені суы айтарлықтай өзгермеген. 2023 жылдың қаңтар айында облыс аумағында ЖЛ және АЖЛ көрсеткіштері тіркелген жоқ. |
|
|
5.3 |
Арал қаласының орталығында тұздалған көлдерді құрғату жұмыстары |
«ҚО ТРжТПРБ» (жинақ) Арал ауданының әкімдігі |
Арал қаласындағы сор көлдерінің жалпы көлемі 76,5 га. құрайды және ол Арал қаласының 5 ірі мөлтек аудандарында орналасқан. 1. «Приарал» мөлтек ауданында - 4,5 га; 2. «5-ші мөлтек ауданында» - 16,2 га; 3. «Жарбол» мөлтек ауданында - 4,0 га; 4. «Жаңауыл» мөлтек ауданында - 50,0 га; 5. «Суворов» мөлтек ауданында - 1,8 га. Арал ауданы әкімдігімен сор көлдерді көму жұмыстарына сметалық есептемелер жасалынып, көму жұмыстарының алдын-ала құны - Кезең-кезеңмен жұмыстар жүргізу жоспарлануда. Облыстық бюджеттен Арал қаласындағы 5-ші мөлтек ауданындағы сор көлді көму жұмыстарына тиісті қаржы (82,1 млн.тг.) бөлу мүмкіндігі қарастырылуда. |
|
|
5.4 |
Тазартылған ағынды суларды қайта пайдалану мәселесін шешу бойынша жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу, Қызылорда қаласының Тасбөгет кентіндегі модульдік канализациялық тазарту станциясынан Белкөл, Бәйтерек, Шанхай мөлтек аудандарын қамти отырып, Титов қыстағындағы биологиялық тазарту станциясына дейін екі желілік канализациялық құбыр құрылысының жоба-сметалық құжатын әзірлеу |
«ҚО ЭжТКШБ» (жинақ) Қызылорда қаласының әкімдігі, «ҚО ТРжТПРБ» |
Облыстық бюджеттен жоба-сметалық құжаттама әзірлеуге 34,5 млн.теңге бөлінген. ЖСҚ әзірленіп, сараптама қарауына енгізілген. Сараптама тарапынан ескертпелер берілген. Ескертпелерге сәйкес ЖСҚ түзету енгізу жұмыстары жүргізілуде. |
|
|
5.5 |
Қызылорда қаласының Тасбөгет кентіндегі модульдік канализациялық тазарту станциясынан Белкөл, Бәйтерек, Шанхай мөлтек аудандарын қамти отырып, Титов қыстағындағы биологиялық тазарту станциясына дейін екі желілік канализациялық құбыр құрылысын салу |
«ҚО ЭжТКШБ» (жинақ) Қызылорда қаласының әкімдігі, «ҚО ТРжТПРБ» |
ЖСҚ мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысы алынғаннан кейін жобаны қаржыландыруға республикалық бюджеттен қаржы сұралатын болады. |
|
|
6-бөлім. Қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізу |
||||
|
6.1 |
Атмосфералық ауаның жай-күйі туралы стационарлық бақылау бекеттерін орнатуды ұйымдастыру |
«ҚО ТРжТПРБ» (жинақ) «Қазгидромет», (келісім бойынша) |
2021 жылы «Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалы Арал, Қазалы және Шиелі аудандарында атмосфералық ауаның жағдайын бақылайтын стационарлық бекеттер орнатылды. |
|
|
6.2 |
«Байқоңыр» кешенінің зымырандарын ұшыру кезінде ауада зиянды заттардың болуына бақылау жүргізуді қамтамасыз ету |
«ҚО ТРжТПРБ» (жинақ) «ҚО ЭД» (келісім бойынша) |
Байқоңыр ғарыш айлағында зымыран аппаратының ғарышқа ұшырылуына дейін және ұшырылғаннан кейін қоршаған ортаға келітірілген әсеріне мониторинг шараларын Ресей Федерациясы тарапынан «ЦЭНКИ» КЦ Южный Акционерлік қоғамының Байқоңыр қаласындағы филиалының арнайы заманауи құрылғылармен жабықталған экологиялық мониторинг қызметі жүзеге асырып зымыран аппаратының ғарышқа ұшырылуын сүйемелдейді. Қазақстан Республикасы тарапынан зымыран аппаратының ғарышқа ұшырылуын сүйемелдеп, қоршаған орта сапасына және ғарыштық-зымыран қызметінің әсеріне түсіп отырған аймақтарға экологиялық мониторингті Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің «Инфракос» ШЖҚ республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Алматы қаласындағы филиалының Байқоңыр кешеніндегі бөлімі жүзеге асырады. Атап айтқанда ғарыштық аппарат ұшырылғанға дейін және кейін елді-мекендер аумағында қоршаған орта компонеттері атмосфера, су, топырақтан сынамалар алып зерттеу жұмыстар жүргізеді. «Инфракос» ШЖҚ РМК-ның Алматы қаласындағы филиалы ҚР-ның «Байқоңыр» кешенінің ғарыштық-зымыран қызметінің әсеріне ұшыраған аймақтарына экологиялық мониторинг жүргізетін және ғарыштық-зымыран қызметін экологиялық нормалау бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулерді орындайтын Қазақстандағы мамандандырылған жалғыз кәсіпорын болып табылады. Жүргізілген экологиялық мониторинг жұмыстары нәтижесінде ластаушы заттардың шекті жол берілетін фондық көрсеткіштен асқан жағдайлары тіркелмеген. Байқоңыр ғарыш айлағында зымыран аппаратының ғарышқа ұшырылу кезінде экологиялық қауіпсіздікті және қоршаған ортаның сапасын бақылауды замануи үздік технологиялармен жабдықталған арнайы мамандандырылған кәсіпорындар жүзеге асырады. Бұған қоса, «Байқоңыр» ғарыш аймағына жақын орналасқан елді мекендердегі атмосфералық ауа қабатына бақылау жүргізу мақсатында «Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалы Қармақшы ауданы Төретам кенті және Ақай а.о СКАТ автоматты бекеттерін орнатты. Аталмыш бекеттер автоматты түрде үздіксіз бақылаулар жүргізеді. |
|
|
6.3 |
Атмосфералық ауаның және жер үсті су ресурстарының жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізу |
«Қазгидромет», (келісім бойынша) |
Қызылорда қаласы бойынша атмосфералық ауаның ластану жай-күйі. Атмосфералық ауаның жай-күйіне бақылау 3 стационарлық бекетте жүргізіледі. Атмосфераның ластануын жалпы бағалау. Стационарлық бақылау желісінің деректері бойынша (10.1-сур.) қаланың атмосфералық ауасы жалпы ластану деңгейі төмен болып бағаланды, СИ=1,0 (төмен деңгей), ЕЖҚ=0% (төмен деңгей) анықталды. Жалпы қала бойынша ластаушы заттардың орташа айлық шоғырлары РМ-10 қалқыма бөлшектері- 1,69 ШЖШо.т., күкірт диоксиді – 1,37 ШЖШо.т., азот диоксиді – 1,20 ШЖШо.т., озон– 1,75 ШЖШо.т., басқа ластаушы заттар ШЖШ-дан аспады. Жалпы қала бойынша ластаушы заттардың максималды-бірлік шоғырлары РМ-10 қалқыма бөлшектері- 1,0 ШЖШм.б., басқа ластаушы заттар ШЖШ-дан аспады. Қызылорда облысы аумағындағы жер үсті суларының сапасы Сырдария өзені суының температурасы 0ºC, сутектік көрсеткіштің орташа мәні – 7,0, суда еріген оттегінің шоғыры 6,8 мг/дм3, ОБТ5 орта есеппен 1,0 мг/дм3. Негізгі иондар (сульфаттар 3,9 ШЖШ,), бойынша шекті жол берілген шоғырдан асқандығы тіркелді. Сырдария өзені суының сапасы орташа деңгейлі ластану болып табылады. 2023 жылдың қаңтар айында салыстырсақ Сырдария өзені суы айтарлықтай өзгермеген. 2023 жылдың қаңтар айында облыс аумағында ЖЛ және АЖЛ көрсеткіштері тіркелген жоқ. |
|
|
6.4 |
Қызылорда облысы үшін қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізуге мониторинг жүргізу |
«ҚО ТРжТПРБ», «ҚО ЭД» (келісім бойынша) |
Мониторинг жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. |
|
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ҚО ТРжТПРБ - Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы;
ҚО ЭжТКШБ - Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы;
ҚО ЖКжАЖБ - Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы;
ҚО ЭД - Қызылорда облысы бойынша Экология департаменті;
ҚО ПД - Қызылорда облысының полиция департаменті.