2023 жылдың 9 ай қорытындысымен басқармаға «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы барлығы жеке және заңды тұлғалардан 151 өтініш келіп түсті.
Оның ішінде:
Арыз – 56;
Шағым - 0;
Сұрау салу – 40;
Ұсыныс – 41;
Хабар – 14;
Басқа органға құзыреті бойынша жолданған жолданымдар саны – 17.
Жыл басынан бастап барлық қаралған жолданымдар саны – 128.
Оның ішінде, әкімшілік рәсім тәртібімен қаралған жолданымдар саны – 14 (қолайлы әкімшілік акт қабылданды – 12; ауыртпалық түсіретін әкімшілік акт қабылданды – 35; әкімшілік рәсім тоқтатылды - 0).
Сонымен қатар, оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібімен қаралған жолданымдар саны – 91 (жауап берілді – 86 оның 4-і 2022ж; назарға алынды - 1) және есептік кезеңнің соңына қалдықта қалғаны - 10.
Жеке қабылдау бойынша:
Бекітілген қабылдау кестесіне сәйкес басқарма басшысы және басқарма басшысының орынбасары жеке және заңды тұлғалардың өкілдерімен жеке қабылдауды тұрақты түрде жүргізіп келеді.
Сонымен қатар, жеке қабылдаудың кестесі облыс әкімдігі ғимаратының 1 қабатында көрнекі жеріне ілініп, халыққа қол жетімді болу мақсатында басқарманың ақпараттық жүйелеріне енгізілген.