Меню

Страницы

Статья

2023 жылдың 3 айында атқарылған жұмыстар

Облыс аумағында мемлекеттік орман қоры жерлерінің жалпы көлемі
7,0 млн. гектарды құрайтын болса, оның 3,8 млн. гектары орманды алқаптар болып табылады. Орманды алқаптың 83% негізгі орман құраушы сексеуіл ағаштары алып жатыр.

Облыста ормандарды қорғау, молықтыру, сақтау және орман өртін алдын алу мақсатында, 8 орман шаруашылығы мекемелерінде 697 қызметкерлер жұмыс жасауда.

Мемлекет басшысының Арал теңізінің құрғаған ұлтанында алдағы 5 жыл ішінде
1,1 млн. га сексеуіл екпелерін ұлғайту жөніндегі тапсырмасына сәйкес 2023 жылы теңіздің құрғаған ұлтанында 250 мың га фитоорманмелиорациялық жұмыстары жүргізіледі (оның ішінде,  облыстық бюджет есебінен 100 мың га, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті тарапынан 150 мың га).

Атап өту керек, 2021 жылы 101 мың гектар, 2022 жылы 250 мың гектар жерге фитоорманмелиорациялық жұмыстар жүргізілді.

Орман мекемелерінің материалды-техникалық базасын нығайту үшін қажетті техникалар мен құрал жабдықтарды сатып алуға облыстық бюджеттен 866,8 млн. теңге бөлінді.

Орман молықтыру және көгалдандыру жұмыстарына қажетті сексеуіл мен саялы ағаш көшеттерін өсіретін 168 га уақытша орман тұқымбақтары ұйымдастырылады.

Орман қорының санитарлық жағдайын бақылау үшін 302 мың га жерге орман патологиялық зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

Сонымен қатар, мемлекеттік орман қоры учаскелерінде заң бұзушылықтарды алдын-алу, оны анықтау мақсатында 72 рейдтер ұйымдастырылып, оның ішінде орма тәртібін бұзушылықтар бойынша 14 жағдайы анықталды.

Орман өртін болдырмау және алдын алу мақсатында орман шаруашылығы мекемелерінде 11 дана өрт сөндіру автокөлігі мен 53 тұрақты өрт сөндірушілер қызмет атқарады.

Өрт қауіпті учаскелерде 542 шақырымға жаңадан өрт жолақтары және 5918 шақырымға ескі өрт жолақтары жүргізіледі.

 

Дата публикации
12 апреля 2023
Дата обновления
12 апреля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Оңтүстік Хайркелді кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, Оңтүстік Хайыркелді кен орнындағы қабат қысымын ұстап тұру жүйесінің суларының ластаушы заттардың жол берілетін төгінділерінің нормативтері жобасы, шығарындылардың стационарлық
Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Таур кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы, ҚОҚБ, ҚББ, ӨЭББ, ҚОҚІШ.
Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Оңтүстік-Батыс Хайркелді кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы, ҚОҚБ, ҚББ, ӨЭББ, ҚОҚІШ.

Социальные медиа

Фейзбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы