Меню

Страницы

Статья

2022-2024 жылдарға арналған Қызылорда облысы бойынша қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының 2022 жылға орындалуы

№ р/н

Іс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Орындауға жауапты

Орындау мерзімі

Орындалуы туралы ақпарат

1 Бөлім. Атмосфералық ауаны қорғау

1.1

Қоршаған ортаға жағымсыз әсер етуді төмендету мақсатында шыны жасау зауытынан АГТС-1ГГТП-1 және ГГТП-2-ГТП-Наурыз, Махамбет газ құбырына дейін 1,2 МПа жоғары қысымды газ құбырын және Қызылорда қаласы Махамбет және Наурыз кенттерінің ішкі орамды газ құбырын салу

Қабылдау актісі

ҚО ЭжТҮКШБ

 

2022-2023 жж.

Орындалуда

Жобаны жүзеге асыру 2021-2023 жылдарға жоспарланған. 2022 жылдың қорытындысымен 160,7 шақырым газ құбырлары салынып, АГТС-1 кеңейту жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмыстары барысында 75 адам уақытша жұмыспен қамтылды, оның ішінде 24 адам жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен жұмыс жасады.

Аталған нысан 2023 жылға өтпелі болып табылады. Жоба толық аяқталғаннан кейін 8327 халық табиғи газдың игілігін көруге мүмкіндік алады.

 

1.2

Қоршаған ортаға жағымсыз әсер етуді төмендету мақсатында «Қармақшы ауданы Төретам кентіне газ жеткізу құбырының және кварталішілік газ тарату желілерінің құрылысы» ЖСҚ әзірлеу және жобаның құрылысын жүргізу

Қабылдау актісі

ҚО ЭжТҮКШБ

2022-2024 жж.

Орындалуда

Жобаны жүзеге асыру 2022-2023 жылдарға жоспарланған. Қазіргі таңда, 63.1 шақырым газ құбырлары жүргізілді.

 Сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмыстары барысында 22 адам уақытша жұмыспен қамтылды.

 Аталған нысан 2023 жылға өтпелі болып табылады. Жоба толық аяқталғаннан кейін 11760 халық табиғи газдың игілігін көруге мүмкіндік алады.

 

 

1.3

Қоршаған ортаға жағымсыз әсер етуді төмендету мақсатында «Қармақшы ауданы Ақай ауылдық округіне газ жеткізу құбырының және кварталішілік газ тарату желілерінің құрылысы» ЖСҚ әзірлеу және жобаның құрылысын жүргізу

Қабылдау актісі

ҚО ЭжТҮКШБ

2022-2024 жж.

Орындалуда

Жобаны жүзеге асыру 2022-2023 жылдарға жоспарланған.

Қазіргі таңда, 46,8 шақырым газ құбырлары жүргізілді..

Сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмыстары барысында 20 адам уақытша жұмыспен қамтылды.

Аталған нысан 2023 жылға өтпелі болып табылады. Жоба толық аяқталғаннан кейін 5301 халық табиғи газдың игілігін көруге мүмкіндік алады.

 

 

1.4

Қоршаған ортаға жағымсыз әсер етуді төмендету мақсатында Қызылорда облысы Шиелі ауданы Жуантөбе ауылдық округі Алғабас ауылындағы орамішілік газ тарату желілері мен жеткізуші газ құбырын салу

Қабылдау актісі

ҚО ЭжТҮКШБ

2022 ж.

 

Орындалды

Бюджеттен 508,9 млн. теңге (2021 ж. - 390,2 млн. тг., 2022 ж. – 118,7 млн.тг.) қаржы қаралып, бас мердігер мекеме «АЕS and Limited» ЖШС-мен 2 дана ГРПШ, 32,45 км – газ құбыры салынды.

Құрылыс-монтаж жұмыстары кезінде барлығы
26 адам жұмыспен қамтылды.

Нәтижесімен, облыс аумағындағы жеке үйлердің қоршаған ортаға шығындылары қысқартылды.

Қабылдау актісі 21.06.2022 ж. тапсырылған.

1.5

Қоршаған ортаға жағымсыз әсер етуді төмендету мақсатында Қызылорда облысы Шиелі ауданы Ақмая ауылдық округі  Ақмая ауылындағы жылу энергия көздері мен тұрғын үй секторын табиғи газге көшіру

Қабылдау актісі

ҚО ЭжТҮКШБ

2022 ж.

 

Орындалды

2022 жылға 125,0 млн. теңге қаржы қаралды және маусым айында толық игеріліп, пайдалануға берілді.

 Құрылыс-монтаж жұмыстарында барлығы
23 адам жұмыспен қамтылды.

Жоба бойынша 3 дана ГРПШ, 34,79 км – газ құбыры салынды.

Нәтижесімен, облыс аумағындағы жеке үйлердің қоршаған ортаға шығындылары қысқартылды.

Қабылдау актісі 28.06.2022 ж. тапсырылған.

1.6

Қоршаған ортаға жағымсыз әсер етуді төмендету мақсатында Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Бірлік елді мекенінде кентішілік газ тарату желілерін және Жаңақорған АГТС-тен жоғары қысымды тартылатын газ құбырын салу

Қабылдау актісі

ҚО ЭжТҮКШБ

2022 ж.

 

Орындалуда

Жобаны жүзеге асыру 2022-2023 жылдарға жоспарланған.

Қазіргі таңда, 57 шақырым газ құбырлары жүргізілді. Сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмыстары барысында 17 адам уақытша жұмыспен қамтылды, оның ішінде 5 адам жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен жұмыс жасады.

Аталған нысан 2023 жылға өтпелі болып табылады. Жоба толық аяқталғаннан кейін 3605 халық табиғи газдың игілігін көруге мүмкіндік алады.

 

2 Бөлім. Су обьектілерін қорғау

2.1

Қызылорда қаласы Қосшыңырау ауылдық округінің экологиялық жағдайын және сумен қамтамасыз етілуін жақсарту үшін «Р-2-2» каналына  сушаруашылығы жұмыстарын жүргізу

Қабылдау актісі

 

ҚО ТРжТПРБ,

Қызылорда қаласы әкімдігі

2022 ж.

 

Орындалды

Облыстық бюджеттен 27046,2 мың теңге бөлініп, мердігер ШЖҚ «Табиғат» МКК-мен «Р-2-2» каналының  8,1 шақырымына тазалау жұмыстары жүргізілді.

Жұмыстар мердігер мекеме ШЖҚ "Табиғат" МКК-мен 25.01.2022 ж №4, қосымша шарт 02.06.2022 ж №135 жасалған келісім-шарттарға сәйкес атқарылды.

Нәтижесімен, Қосшыңырау ауылдық округі тұрғындарының аяқ сумен қамтамасыз етілуі жақсарып, 200 га күріш дақылын суармалы сумен қамтамасыз етілетін болды.

Нысанды қабылдау актісімен 23.08.2022 жылы қабылданды.

2.2

Қызылорда қаласы Қосшыңырау ауылдық округінің экологиялық жағдайын және сумен қамтамасыз етілуін жақсарту үшін «Алтынбай» каналын  ағымдағы жөндеу

Қабылдау актісі

ҚО ТРжТПРБ, Қызылорда қаласы әкімдігі

2022 ж.

Орындалды

Облыстық бюджеттен 21480,1 мың теңге бөлініп, мердігер ШЖҚ «Табиғат» МКК-мен «Алтынбай» каналының  11,1 шақырымына  тазалау жұмыстары жүргізілді.

Жұмыстар мердігер мекеме ШЖҚ "Табиғат" МКК-мен 25.01.2022 ж №3, қосымша шарт 25.04.2022 ж №93 жасалған келісім-шарттарға сәйкес атқарылды.

Нәтижесімен, Қосшыңырау ауылдық округі тұрғындарының аяқ сумен қамтамасыз етілуі жақсарып, 219 га күріш дақылын суармалы сумен қамтамасыз етілетін болды.

Нысанды қабылдау актісімен 06.10.2022 жылы қабылданды.

2.3

Қызылорда қаласы Қосшыңырау ауылдық округінің экологиялық жағдайын және сумен қамтамасыз етілуін жақсарту үшін «Ешпан» каналын  ағымдағы жөндеу

Қабылдау актісі

ҚО ТРжТПРБ,

Қызылорда қаласы әкімдігі

2022 ж.

Орындалды

Облыстық бюджеттен 19417,5 мың теңге бөлініп, мердігер ШЖҚ «Табиғат» МКК-мен «Ешпан» каналының          7,2 шақырымына тазалау жұмыстары жүргізіліп, 1 бас су құрылысына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жұмыстар мердігер мекеме ШЖҚ "Табиғат" МКК-мен 25.01.2022 ж №2, қосымша шарт 25.04.2022 ж №92  жасалған келісім-шарттарға сәйкес атқарылды.

Нәтижесімен, Қосшыңырау ауылдық округі тұрғындарының аяқ сумен қамтамасыз етілуі жақсарып, 315 га күріш дақылын суармалы сумен қамтамасыз етілетін болды.

Нысанды қабылдау актісімен 20.10.2022 жылы қабылданды.

2.4

Қызылорда қаласындағы Оң жақ магистралды каналының «Сол тармақ» каналына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу

Қабылдау актісі

ҚО ТРжТПРБ,

Қызылорда қаласы әкімдігі

2022 ж.

Орындалды

Облыстық бюджеттен 29081 мың теңге бөлініп, мердігер «Сириус-строй» ЖШС-мен «Сол тармақ» каналының  12,8 шақырымына тазалау жұмыстары жүргізілді.

Жұмыстар мердігер мекеме "Сириус-строй" ЖШС-і-мен 09.03.2022 ж №42   келісім-шарттарға сәйкес атқарылды.

Нәтижесімен, 2100 гектарға дейін егістікті суландыруды жақсартуға, Лепірім, Жаманкөл, Шортанкөл көлдерін және Қызылорда қаласына қарасты Қызылжарма, Талсуат, Қараөзек елді мекендері аумағында 100 гектарға дейін егістікті суландыруды жақсартуға мүмкіндік болды.

Нысанды қабылдау актісімен 18.03.2022 жылы қабылданды.

2.5

Қазалы ауданы Құмжиек ауылдық округінің экологиялық жағдайын және сумен қамтамасыз етілуін жақсарту үшін «Үлкенарық» каналына  сушаруашылығы жұмыстарын жүргізу

Қабылдау актісі

ҚО ТРжТПРБ,

Қазалы ауданы әкімдігі

2022 ж.

Орындалды.

Облыстық бюджеттен 3252,7 мың теңге бөлініп, мердігер «Qaz-ProjectStroy» ЖШС-мен «Үлкенарық» каналының 1,0 шақырымына тазалау жұмыстары жүргізілді.

Жұмыстар мердігер мекеме «Qaz-ProjectStroy» ЖШС-мен 28.03.2022 ж №73 келісім-шарттарға сәйкес атқарылды.

Нәтижесімен, ауыл іргесіндегі 25 га үй ілгерлік жерлерді сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік болды.

Нысанды қабылдау актісімен 22.08.2022 жылы қабылданды.

2.6

Қазалы ауданы Алға ауылдық округінің экологиялық жағдайын және сумен қамтамасыз етілуін жақсарту үшін «Шлюз арық» каналына ағымдағы жөндеудің сушаруашылығы жұмыстарын жүргізу

Қабылдау актісі

ҚО ТРжТПРБ,

Қазалы ауданы әкімдігі

2022 ж.

Орындалды

Облыстық бюджеттен 40572,5 мың теңге бөлініп, мердігер «XAN STORY 2005» ЖШС-мен «Шлюз арық» каналының 12,2 шақырымы тазартылып,,
2 дана гидротехникалық құрылыс салу жұмыстары атқарылды.

Жұмыстар мердігер мекеме «XAN STORY 2005» ЖШС-мен 29.03.2022 ж №68 келісім-шарттарға сәйкес атқарылды.

Нәтижесімен ауыл іргесіндегі 110 га жайылымдық жерлерді, үй іргелік жерлерді сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік болды.

Нысанды қабылдау актісімен 22.10.2022 жылы қабылданды.

2.7

Қазалы ауданы Арықбалық ауылдық округінің экологиялық жағдайын және сумен қамтамасыз етілуін жақсарту үшін «Аққолқа» каналына  сушаруашылығы жұмыстарын жүргізу

Қабылдау актісі

ҚО ТРжТПРБ,

Қазалы ауданы әкімдігі

2022 ж.

Орындалды

Облыстық бюджеттен 22207 мың теңге  бөлініп, мердігер «Қызылорда ДосСтройПроект» ЖШС-мен
«Аққолқа» каналына 3,9 шақырымы тазартылып,,
2 дана гидротехникалық құрылыс салу жұмыстары атқарылды.

Жұмыстар мердігер мекеме «Қызылорда ДосСтройПроект» ЖШС-мен 16.03.2022 ж №43 келісім-шарттарға сәйкес атқарылды.

Нәтижесімен, 40 гектар жайылымдық, бақшалық жерлерді суландырылды.

Нысанды қабылдау актісімен 17.09.2022 жылы қабылданды.

2.8

Сырдария өзеніне коллекторлық-дренаждық суларды ағызу үшін Қазалы ауданының пайдаланудағы 1-5Д коллекторын реконструкциялау жұмыстарын жүргізу

Қабылдау актісі

ҚО ТРжТПРБ,

Сырдария ауданы әкімдігі

2022 ж.

Орындалды

Облыстық бюджеттен 68347,2 мың теңге бөлініп, мердігер «Қазалы Тұлпары» ЖШС-мен
«1-5Д» коллекторына реконструкциялау жұмыстары жүргізілді.

Жұмыстар мердігер мекеме ««Қазалы Тұлпары»  ЖШС-мен 27.01.2022 ж №11, қосымша келісім шарт 13.04.2022 ж №91 келісім-шарттарға сәйкес атқарылды.

Нәтижесінде, І, ІІ ауыспалы ауыспалы егістіктердің қашыртқы сулары реттеліп, егістікті су басу қаупі толық шешіліп, көлдің ыза суымен егістіктің сорлануы тоқтады.

Нысанды қабылдау актісімен 15.08.2022 жылы қабылданды.

2.9

Қармақшы ауданы Алдашбай ахун ауылдық округінің экологиялық жағдайын және сумен қамтамасыз етілуін жақсарту үшін «Шаймерден» каналына  сушаруашылығы жұмыстарын жүргізу

Қабылдау актісі

ҚО ТРжТПРБ,

Қармақшы ауданы әкімдігі

2022 ж.

Орындалды

Облыстық бюджеттен 17988,1 мың теңге бөлініп, мердігер «Сириус-Строй» ЖШС-мен «Шаймерден» каналының 6,8 шақырымы шақырымы тазартылып, 1 бас су құрылысы жөнделді.

Жұмыстар мердігер мекеме «Сириус-Строй» ЖШС-мен 09.03.2022 ж №42 келісім-шарттарға сәйкес атқарылды.

Нәтижесінде, Қармақшы ауданы Алдашбай ахун ауылдық округінің 156 га алаңы аяқ сумен қамтылды.

Нысанды қабылдау актісімен 15.09.2022 жылы қабылданды.

2.10

Жалағаш ауданы Жаңадария ауылдық округінің экологиялық жағдайын және сумен қамтамасыз етілуін жақсарту үшін «Іңкәрдария» каналына  сушаруашылығы жұмыстарын жүргізу

Қабылдау актісі

ҚО ТРжТПРБ,

Жалағаш ауданы әкімдігі

2022 ж.

 Орындалуда

Облыстық бюджеттен 13172 мың теңге бөлініп, мердігер «Еламан» ЖШС-мен «Іңкәрдария» каналының 7,9 шақырымына тазалау жұмыстары жүргізілді.

Жұмыстар мердігер мекеме «Еламан» ЖШС-мен 14.03.2022 ж №41 келісім-шартқа сәйкес атқарылды.

Нәтижесінде, 250 га көкөніс бау бақша, 30 га жоңышқа дақылдарын егу жұмыстары жүргізіледі.

Нысанды қабылдау актісімен 10.09.2022 жылы қабылданды.

2.11

Сырдария ауданы Іңкәрдария  ауылдық округінің экологиялық жағдайын және сумен қамтамасыз етілуін жақсарту үшін «Ақтам» каналына  сушаруашылығы жұмыстарын жүргізу

Қабылдау актісі

ҚО ТРжТПРБ,

Сырдария ауданы әкімдігі

2022 ж.

Орындалды

Облыстық бюджеттен 22223 мың теңге бөлініп, мердігер «Еламан» ЖШС-мен «Ақтам» каналының
14,7 шақырымына тазарту жұмыстары атқарылды.

Жұмыстар мердігер мекеме «Еламан» ЖШС-мен 14.03.2022 ж №40 келісім-шартқа сәйкес атқарылды.

Нәтижесінде, Сырдария ауданы Іңкәрдария  ауылдық округінің халқы 700 га жерге бақша дақылдарын егуге мүмкіндіктері пайда болды.

Нысанды қабылдау актісімен 31.05.2022 жылы қабылданды.

2.12

Сырдария ауданы Амангелді ауылдық округінің экологиялық жағдайын және сумен қамтамасыз етілуін жақсарту үшін «Қосапан» каналына  ағымдағы жөндеудің сушаруашылығы жұмыстарын жүргізу

Қабылдау актісі

ҚО ТРжТПРБ,

Сырдария ауданы әкімдігі

2022 ж.

Орындалды

Облыстық бюджеттен 28311 мың теңге  бөлініп, мердігер «KazStroy Project» ЖШС-мен «Қосапан» каналының 14,3 шақырымы тазартылып, 4 дана гидротехникалық құрылыс салу жұмыстары атқарылды.

Жұмыстар мердігер мекеме «KazStroy Project» ЖШС-мен 31.03.2022 ж №67 келісім-шартқа сәйкес атқарылды.

Нәтижесінде, елді мекен орталығы халқының
15 пайызы үй іргелік жерлеріне және жайылымдық, шабындық 6937 га жерге су барды.

Нысанды қабылдау актісімен 26.08.2022 жылы қабылданды.

2.13

Сырдария ауданы Жетікөл ауылдық округінің сумен қамтамасыз етілуін жақсарту үшін «Хозцентр» каналына   сушаруашылығы жұмыстарын жүргізу

Қабылдау актісі

ҚО ТРжТПРБ,

Сырдария ауданы әкімдігі

2022 ж.

Орындалды

Облыстық бюджеттен 6475,4 мың теңге бөлініп, мердігер «Еламан» ЖШС-мен «Хозцентр» каналының 7,0 шақырымына тазалау жұмыстары жүргізілді.

Жұмыстар мердігер мекеме «Еламан» ЖШС-мен 14.03.2022 ж №38 келісім-шартқа сәйкес атқарылды.

Нәтижесінде, Сырдария ауданы Жетікөл ауылдық округінің 20 га жерге бау бақша егу және 150 га жерге жоңышқа егу жұмыстары жүргізілуде.

Нысанды қабылдау актісімен 31.05.2022 жылы қабылданды.

2.14

Сырдария ауданы Айдарлы ауылдық округінің экологиялық жағдайын және сумен қамтамасыз етілуін жақсарту үшін «Ақтам» каналына  тазалау жұмыстарын жүргізу

Қабылдау актісі

ҚО ТРжТПРБ,

Сырдария ауданы әкімдігі

2022 ж.

Орындалды

Облыстық бюджеттен 31476 мың теңге бөлініп, мердігер ШЖҚ «Табиғат» МКК-мен «Ақтам» каналының 6,7 шақырымына тазарту жұмыстары жүргізілді.

Жұмыстар мердігер мекеме «Табиғат» МКК-мен 25.01.2022 ж №1, қосымша шарт 02.06.2022 ж №136    келісім-шарттарға сәйкес атқарылды.

Нәтижесімен, Сырдария ауданы Айдарлы ауылдық округінде бау бақша, жоңышқа дақылдарын егу жұмыстары жүргізілетін болады.

Нысанды қабылдау актісімен 17.11.2022 жылы қабылданды.

2.15

Сырдария ауданы Жетікөл ауылдық округінің сумен қамтамасыз етілуін жақсарту үшін «Жыңғылдыкөл» каналына   сушаруашылығы жұмыстарын жүргізу

Қабылдау актісі

ҚО ТРжТПРБ,

Сырдария ауданы әкімдігі

2022 ж.

Орындалды

Облыстық бюджеттен 18215,8 мың теңге бөлініп, мердігер «Еламан» ЖШС-мен «Жыңғылдыкөл» каналының 4,8 шақырымы тазартылып, 1 дана гидротехникалық құрылысы  (ГТС) жөнделді.

 Жұмыстар мердігер мекеме «Еламан» ЖШС-мен 25.03.2022 ж №63 келісім-шартқа сәйкес атқарылды.

Нәтижесімен, Сырдария ауданы Жетікөл ауылдық округінің 150 га жерге бау бақша егу және 1000 га жерге жоңышқа егу жұмыстары жүргізілетін болады.

Нысанды қабылдау актісімен 18.10.2022 жылы қабылданды.

2.16

Шиелі  ауданы Алмалы  ауылдық округінің экологиялық жағдайын және сумен қамтамасыз етілуін жақсарту үшін «Л-4А Сайфурхан» каналына  сушаруашылығы жұмыстарын жүргізу

Қабылдау актісі

ҚО ТРжТПРБ,

Шиелі аудан әкімдігі

2022 ж.

Орындалды

Облыстық бюджеттен 8682 мың теңге бөлініп, мердігер «Qaz ProjectStroy» ЖШС-мен «Л-4А Сайфурхан» каналының 3,3 шақырымы тазартылып, 2 дана гидротехникалық құрылыс (ГТС) жөнделді.

Жұмыстар мердігер мекеме «Qaz ProjectStroy» ЖШС-мен 18.03.2022 ж №64 келісім-шартқа сәйкес атқарылды.

Нәтижесінде, Алмалы  ауылдық округінің 285 тұрғын үйдің 60 гектар егістігі, 80 гектар жайылымдық шабындық жерлердің  сумен қамтамасыз етілуі жақсарды.

Нысанды қабылдау актісімен 10.08.2022 жылы қабылданды.

2.17

Жаңақорған  ауданы Қожакент ауылдық округінің экологиялық жағдайын және сумен қамтамасыз етілуін жақсарту үшін «Бабакент» каналына  сушаруашылығы жұмыстарын жүргізу

Қабылдау актісі

ҚО ТРжТПРБ,

Жаңақорған аудан әкімдігі

2022 ж.

Орындалды.

Облыстық бюджеттен 30588,2 мың теңге бөлініп, мердігер «Достық спец транс» ЖШС-мен «Бабакент» каналының 4,9 шақырымы тазаланып, 10 дана гидротехникалық құрылысы (ГТС) жөнделді.

Жұмыстар мердігер мекеме «Достық спец транс» ЖШС-мен 16.03.2022 ж №39 келісім-шартқа сәйкес атқарылды.

Нәтижесінде, Қожакент ауылдық округінің 80 гектар егістік жерлерінің сумен қамтамасыз етілуі жақсарды.

Нысанды қабылдау актісімен 25.05.2022 жылы қабылданды.

2.18

Жаңақорған  ауданы Жайылма ауылдық округінің экологиялық жағдайын және сумен қамтамасыз етілуін жақсарту үшін «Темірбетонды лотокты» каналына  сушаруашылығы жұмыстарын жүргізу

Қабылдау актісі

ҚО ТРжТПРБ,

Жаңақорған аудан әкімдігі

2022 ж.

Орындалды

Облыстық бюджеттен 134273 мың теңге бөлініп, мердігер «Сәт Сервис» ЖШС-мен «Темірбетонды лотокты» каналының 19,3 шақырымы тазаланып, 2 дана гидротехникалық құрылысы (ГТС) жөнделді.

Жұмыстар мердігер мекеме «Сәт Сервис» ЖШС-мен 09.03.2022 ж №37 келісім-шартқа сәйкес атқарылды.

Нәтижесінде, 500 га шабындық, 1000 га инженерлік мал азығындық суармалы алқап, үй іргелік жерлердің  сумен қамтамасыз етілуі жақсаратын болады.

Нысанды қабылдау актісімен 28.11.2022 жылы қабылданды.

2.19

Арал ауданының сумен қамтамасыз етілуін және экологиялық жағдайын жақсарту үшін «Нұралы-жарма» каналына сушаруашылығы жұмыстарын жүргізу

Қабылдау актісі

ҚО ТРжТПРБ,

Арал ауданы әкімдігі

2022 ж.

Орындалды

Облыстық бюджеттен 151,1 млн.тг. бөлініп, мердігер мекеме «Техоснастка-Ремсервис» ЖШС-мен «Нұралы-жарма» каналының 1,0 шақырымы тазартылып, 3 гидротехникалық құрылысы (ГТС) жөнделді.

Жұмыстар мердігер мекеме «Техоснастка-Ремсервис» ЖШС-мен 20.05.2022 ж №87 келісім-шартқа сәйкес атқарылды.

Нәтижесімен, 2500 гектар аумағындағы Ақбасты Қаракөл, шабындықтарын суландыруға мүмкіндік пайда болады.

Нысанды қабылдау актісімен 21.11.2022 жылы қабылданды.

2.20

Сырдария өзенінің 15 шақырымын тазалау жобасының ЖСҚ әзірлеу жұмыстарын жүргізу

 

 

Алыс беріс актісі

ҚО ТРжТПРБ

 

2022 ж.

Орындалуда

Облыстық бюджеттен барлығы 66372,5 мың теңге бөлініп, мердігер "Биосфера" ғылыми-өндірістік кәсіпорнымен Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кенті маңындағы Сырдария өзенінін тазалау жобасының (1-кезек) жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде.

2022 жылы 14749,5 мың теңгесі игерілді. 2023 жылға 51623,1 мың теңге қаралып, жоба-сметалық құжаттама әзірлеу жұмыстары жалғасуда.

                3 Бөлім. Жағалау және су экожүйелеріне әсер етуден қорғау

3.1

«Таза су айдындары»

іс-шарасын ұйымдастырып, өткізу

Қорытынды есебі

ҚО ТРжТПРБ

АСОББШИ

 

 

2022-2024

жж.

Орындалуда

2022 жылы «Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясысы бойынша Қызылорда облысы шегінде кең көлемде өтікізіліп, тазалау жұмыстарына 98 адам қатысып, 12 арнайы техника мен 10 маторлы қайық, 5,600 тонна қоқыс жиналып, тиісті орындарға шығарылған.

3.2

2022-2025 жылдарға далалық топырақ зерттеу жүргізу және ормандандырудың жұмыс  жобасын жасау

Жұмыс жобасы

ҚО ТРжТПРБ

2022 ж.

 

 

Орындалды

Арал теңізінің құрғаған ұлтанының 150 мың га жеріне топырақ зерттеу, жобалау жұмыстарына облыстық бюджеттен 59,5 млн. теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілді.

4 Бөлім. Жерді қорғау

4.1

Жерді сарқылудан, тозудан және шөлейттенуден, қайталама тұзданудан қорғау үшін Арал қаласы орталығындағы сор көлдерді құрғату жұмыстары

Қабылдау актісі

Арал ауданы әкімдігі

2022-2024 жж.

Орындалуда

Арал қаласындағы сор көлдерінің жалпы көлемі 76,5 га. құрайды және ол Арал қаласының 5 ірі мөлтек аудандарында орналасқан.

1. «Приарал» мөлтек ауданында - 4,5 га;

2. «5-ші мөлтек ауданында» - 16,2 га;

3. «Жарбол» мөлтек ауданында - 4,0 га;

4. «Жаңауыл» мөлтек ауданында - 50,0 га;

5. «Суворов» мөлтек ауданында - 1,8 га.

Арал ауданы әкімдігімен сор көлдерді көму жұмыстарына сметалық есептемелер жасалынып, көму жұмыстарының алдын-ала құны - 460,2 млн.теңгені құрады.

2022 жылға бюджеттік өтінім ұсынылған (30.12.2021 ж. № 08-9/4308) болатын. Алайда, өткізілген бюджеттік комиссия қорытындысымен қаржыландыру мәселесі қолдау тапқан жоқ.  

Осы орайда, 2022 жылдың маусым айында облыс әкімінің Арал ауданы халқымен өткен кездесуде Арал қаласындағы сор көлдер, соның ішінде 5-ші мөлтек ауданындағы сор көл мәселесі көтеріліп, осыны шешу туралы өтініштер білдірілген.

Осыған орай, облыстық экономика және қаржы басқармасына Арал қаласындағы 5-ші мөлтек ауданындағы сор көлді көму жұмыстарына 2023 жылға 82,1 млн. теңгеге бөлу бойынша бюджеттік өтінім жолданды.

4.2

Жерді қалдықтармен, химиялық, биологиялық, радиоактивті және басқа да зиянды заттармен ластанудан қорғау үшін рұқсат етілмеген қоқыс орындарын жою, болдырмау шараларын жүргізу

Орындалуы туралы ақпарат

ҚО ТРжТПРБ,

ҚО ЭД,

Қала және аудан әкімдігі

2022-2024 жж.

Орындалуда

2022 жылы «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК»
АҚ-мен қалдықтар орналасқан жерлерді қашықтықтан ғарыштық зондтау қызметі нәтижесімен Қызылорда қаласының радиусы 50 шақырым аумағында 99 заңсыз қалдықтар орындары (Қызылорда қаласы - 45, қалаға қарасты ауылдық округтер - 13, Сырдария ауданы - 27, Жаңақорған ауданы – 13, Шиелі ауданы - 1) анықталып, облыстық экология департаменті жергілікті атқарушы органдармен бірлесе атқарған шаралары нәтижесімен, анықталған орындар толығымен тазартылды.

Бүгінгі күні «Геопортал» жүйесі бойынша ғарыштық мониторинг арқылы космостық бейне-суреттерді зерделеумен 99 рұқсатсы қалдықтар орындарының Департаментпен жергілікті атқарушыоргандармен бірлесе атқарған іс-шаралары нәтижесімен аңықталған заңсыз қалдықтар орындарының барлығы  100 пайыз жойылды.

4.3

Жерді қайталама тұзданудан, құрғаудан және тығыздалудан, қалдықтармен басқа да зиянды заттармен ластанудан қорғау үшін жер қоры құрамындағы тозған жайылымдар, тұзданған жерлерді талдау бойынша
іс-шаралар жүргізу

Орындалуы туралы ақпарат

ҚО АШЖҚБ,

Қала және аудан әкімдігі,

«Азаматтарға арналған Үкімет» АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы

2022-2024 жж.

Орындалуда

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы  бойынша  филиалына 2022 жылы жалпы көлемі 650,0 мың га жерде топырақ іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін мемлекеттік тапсырысқа сәйкес республикалық  бюджеттен қаржы  бөлініп  топырақ  іздестіру  жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі таңда төмендегі жұмыстар жүргізілді

-топырақ зерттеу жұмыстары Қызылорда облысының Арал ауданында жалпы көлемі – 350,0 мың га.

-ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің топырақ бонитетін анықтау жұмыстары Қызылорда облысының Қармақшы, Жалағаш аудандарында жалпы көлемі – 300,0 мың га.

-жер мониторингі жүргізу жұмыстары Қызылорда облысының Қазалы және Шиелі аудандарының егістік алқаптарында орналасқан стационарлық-экологиялық алаңшаларда жүргізілді.

Жүргізілген жұмыстар бойынша әзірленген дайын өнімдер (материалдарды) жергілікті атқарушы органдарға табысталды.

4.4

Өндірістік мақсаттағы жер қоры құрамындағы бүлінген учаскелерді  түгендеу, ақпаратын қалыптастыру және тиісті есептіліктерге өзгерістер енгізу шараларын жүргізу

Түгендеу есебі,

жер есебінің 2-ТП нысаны

ҚО АШЖҚБ,

Қала және аудан әкімдігі

2022 ж.

Орындалуда

2022 жылғы 1 қарашаға облыс бойынша бүлінген жерлердің ауданы 3019 га құрайды, оның ішінде 711 га өңделді, оның ішінде министрліктер бойынша:
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі -48 га, Энергетика және сауда министрліктері - 21 га, Индустрия және инфрақұрылымдық министрлігі - 113 га, Ауыл шаруашылығы министрлігі - 439 га, Ішкі істер министрлігі - 3 га, Тұрғын үй шаруашылығы департаменті - 68 га, басқа мемлекеттік емес өнеркәсіптік кәсіпорындар - 1026 га, Қазақстан Республикасының басқа ведомстволары - 576 га, ТМД елдерінің басқа ведомстволары - 725 га.

5 Бөлім. Жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау

5.1

Жануарларды көметін арнайы орындар салу (мал көмінділері)

Қабылдау актісі

ҚО ВБ

2022-2024 жж.

Орындалуда

Қызылорда облысының ветеринария басқармасы тарапынан типтік жобадағы мал қорымдарын салдыру мақсатында тиісті жұмыстар ұйымдастырылуда.

Қазіргі күні, облыс бойынша 90 типтік жобадағы мал қорымдары пайдаланылуда. 2022 жылы    Қазалы ауданында 3 мал қорымын салуға қаржы бөлінуі облыстық бюджеттен қолдау таппады.

2023 жылы облыс бойынша 3 мал қорымын салуға облыстық бюджеттен 60,2 млн. теңге (Өркендеу а/о, Майдакөл а/о, Майлыбас а/о) бөлінуіне бюджеттік өтінім берілді.

5.2

Аңшылық алқаптарының резервтiк қорында жануарлар дүниесiн қорғауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету

Заң бұзушылық

тар есебі

 

 

ҚО ТРжТПРБ,

ОШжЖДАИ

 

 

 

Тұрақты

 

 

 

 

Орындалуда

2022 жылы облыс аумағы бойынша резервтік қорда тұрған жергілікті маңызы бар аңшылық алқаптарда 275 рейд жүргізілді, 34 құқықбұзушылық анықталып, 30 әкімшілік хаттама толтырылды, 21 адамға ескерту беріліп, 12 адамға айыппұл салынды, нәтижесінде 91,8 мың теңге толық өндірілді. Балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң резервтiк қорында 7 құқықбұзушылық анықталып, 7 адамға айыппұл салынып, 107,1 мың теңге толық өндірілді, ішкі істер органында 1 іс қаралып жатыр.

5.3

Балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң резервтiк қорын қорғауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету

6 Бөлім. Қалдықтармен жұмыс істеу

6.1

Жалағаш ауданында ТҚҚ полигонын салу

Қабылдау актісі

Жалағаш ауданы әкімдігі

2022-2024 ж.

 

Орындалуда

Жалағаш ауданында ТҚҚ полигонын салуға ЖСҚ әзірленіп, қазіргі таңда мемлекеттік сараптама қортындысын алуға ұсынылды.

 

6.2

Сырдария ауданы Тереңөзек кентінде ТҚҚ полигонын салу

Қабылдау актісі

Сырдария ауданы әкімдігі

2022-2024 ж.

Орындалуда

Сырдария ауданы Тереңөзек кентінде ТҚҚ полигонын салуға ЖСҚ әзірленіп, қазіргі таңда мемлекеттік сараптама қортындысын алуға ұсынылды.

6.3

Шиелі ауданы Шиелі кентінде ТҚҚ полигонын салу

Қабылдау актісі

Шиелі ауданы әкімдігі

2022-2024 ж.

Орындалуда

Шиелі ауданында ТҚҚ полигонын салуға ЖСҚ әзірленіп, қазіргі таңда мемлекеттік сараптама қортындысын алуға ұсынылды.

7 Бөлім. Радиациялық, биологиялық және химиялық қаіупсіздік

7.1

Облыстың жақын маңындағы елді мекендерінде «Байқоңыр» кешенінің зымырандарын ұшыру кезінде ауадағы зиянды  заттарды анықтау мақсатында мониторинг  жұмыстарын жүргізу

Жүргізілген мониторинг есептерінің ақпараты

ҚО ЭД,

«Инфракос» ШжҚ РМК


Тұрақты

Орындалуда

Байқоңыр ғарыш айлағында зымыран аппаратының ғарышқа ұшырылуына дейін және ұшырылғаннан кейін қоршаған орта келітірілген әсеріне мониторинг шараларын Ресей Федерациясы тарапынан «ЦЭНКИ»  КЦ «Южный» Акционерлік қоғамының Байқоңыр қаласындағы филиалының арнайы заманауи құрылғылармен жабықталған экологиялық мониторинг қызметі жүзеге асырып зымыран аппаратының ғарышқа ұшырылуын сүйемелдейді.

Қазақстан Республикасы тарапынан зымыран аппаратының ғарышқа ұшырылуын сүйемелдеп, қоршаған орта сапасына және ғарыштық-зымыран қызметінің әсеріне түсіп отырған аймақтарға экологиялық мониторингті Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің «Инфракос» ШЖҚ РМК Алматы қаласындағы филиалының Байқоңыр кешеніндегі бөлімі жүзеге асырады. Атап айтқанда ғарыштық аппарат ұшырылғанға дейін және кейін елді-мекендер аумағында қоршаған орта компонеттері атмосфера, су, топырақтан сынамалар алып зерттеу жұмыстар жүргізеді. «Инфракос» ШЖҚ РМК-ның Алматы қаласындағы филиалы ҚР-ның «Байқоңыр» кешенінің ғарыштық-зымыран қызметінің әсеріне ұшыраған аймақтарына экологиялық мониторинг жүргізетін және ғарыштық-зымыран қызметін экологиялық нормалау бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулерді орындайтын Қазақстандағы мамандандырылған жалғыз кәсіпорын болып табылады.

Жүргізілген экологиялық мониторинг жұмыстары нәтижесінде ластаушы заттардың шекті жол берілетін фондық көрсеткіштен асқан жағдайлары тіркелмеген.

    Байқоңыр ғарыш айлағында зымыран аппаратының ғарышқа ұшырылу кезінде экологиялық қауіпсіздікті және қоршаған ортаның сапасын бақылауды замануи үздік технологиялармен жабдықталған арнайы мамандандырылған кәсіпорындар жүзеге асырады.

Бұған қоса, «Байқоңыр» ғарыш аймағына жақын орналасқан елді мекендердегі атмосфералық ауа қабатына бақылау жүргізу мақсатында  «Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалы Қармақшы ауданы Төретам кенті және Ақай а.о СКАТ автоматты бекеттерін орнатты.  Аталмыш бекеттер автоматты түрде үздіксіз бақылаулар жүргізеді.

8.1

Атмосфералық ауаны ластаушы заттарды бақылау және төтенше жағдайларда әрекет етудің мобильді жүйесі

Қабылдау актісі

ҚО ТРжТПРБ,

ҚО ЭД

2022 ж.

Орындалды

Жергілікті бюджеттен атмосфералық ауаны ластаушы заттарды бақылау және төтенше жағдайларда әрекет етудің мобильді жүйесін мемлекеттік сатып алу тәсілі бойынша 25,6 млн. тенгеге  алынды. Атмосфералық ауаны ластаушы заттарды бақылау және төтенше жағдайларда әрекет етудің мобильді жүйесі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің  теңгеріміне берілген. 

2022 жылы Қызылорда қаласының Оңтүстік өндіріс аумағы, Солтүстік өндіріс аумағы,Сыбаға базары, Қойсары батыр, Берденова №6, Хон Бен До, И.Журба көшесі,Қалалық полигон аймағы, Биологиялық тазарту станциясы аумағы, темір жол депосының аймақтарынан 2022 жылға бекітілген кестеге сәйкес, Қызылорда облысы бойынша экология департаментімен санитарлық-қорғау аймағына мониторинг жүргізілді (1107 сынама алынып, 1107 анықтау жұмыс жүрген).        

Мониторинг нәтижелері бойынша шекті рұқсат етілген көрсеткіштерден асу дерегі анықталған жоқ.

8.2       

Орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жарақтандыру

Қабылдау актісі

ҚО ТРжТПРБ

2022-2024 жж.

Орындалды

2022 жылы орман мекемелерінің материалды-техникалық базасын нығайту үшін облыстық бюджеттен 600 млн. теңге бөлініп, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес техникалар мен құрал жабдықтар сатып алынды.

Анықтама ретінде: 6 дана трактор,  6 дана орман отырғызу агрегаты,  1 дана вахталық автобус, 1 дана су тасымалдауыш, 5 дана трактор тіркемесі, 2 дана өрт сөндіру автокөлігі, 2 дана патрулдік автокөлігі, 1 дана жанар-жағармай тасымалдауыш автокөлігі, 8 дана электростанция, 9 дана палатка, 9 дана турая.

9 Бөлім. Ғылыми-зерттеу, іздестіру және басқа да әзірлемелер

9.1

«Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін» қолданысқа енгізілген Экологиялық кодекске сәйкес әзірлеу 

Іс–шараның орындалуы туралы ақпарат

ҚО ТРжТПРБ

2022 ж.

Орындалуда

 Қызылорда облысының қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу үшін облыстық бюджеттен қаржы 10,8 млн. тг бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесімен «ECO BISS» ЖШС-і жеңімпаз болып анықталып,бүгінгі таңда тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Жоба 2023 жылға өтпелі.

Дата публикации
11 апреля 2023
Дата обновления
11 апреля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Оңтүстік Хайркелді кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, Оңтүстік Хайыркелді кен орнындағы қабат қысымын ұстап тұру жүйесінің суларының ластаушы заттардың жол берілетін төгінділерінің нормативтері жобасы, шығарындылардың стационарлық
Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Таур кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы, ҚОҚБ, ҚББ, ӨЭББ, ҚОҚІШ.
Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Оңтүстік-Батыс Хайркелді кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы, ҚОҚБ, ҚББ, ӨЭББ, ҚОҚІШ.

Социальные медиа

Фейзбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы