Меню

Страницы

Статья

2022 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстар

БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Облыс аумағында Кіші Арал теңізі, Сырдария өзені және
балық шаруашылығына маңызы бар 207 көлдер бар. Оның ішінде, Кіші Арал теңізі толықтай және 180 көл конкурстық негізде 5-49 жылдарға табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілсе, 27-і (Қызылорда-3, Арал-3, Қазалы-3, Жалағаш-3, Сырдария-2, Шиелі-11, Жаңақорған-2) резервтік қорда.

Балық аулау: 2022 жылдың 11 айында 6908,7 тонна балық ауланып, бюджетке 142,8 млн.теңге қаржы түсірілді.

Анықтама ретінде:  2021 жылы 8121,2 тонна балық ауланып, республикалық бюджетке 152 млн.теңге қаржы түсірілді.

Облыс бойынша 10 балық өңдеу зауыттарының 4-уінде «Еврокод» Еуропалық сапа стандартына растайтын белгісі бар.

Анықтама ретінде:   Экспортталатын балықтардың негізгі түрлері: тыран, торта, алабұға, шортан, көксерке. Сондай-ақ, өңделген өнімдер түрінде көксерке сүбесі, тыран қанаттары, балық фаршы, балық сүбесі, мұздатылған балық және балық ұны.

Балық экспорты: 2021 жылы 3911 тонна балық 10 шет елдеріне экспортталса,  2022 жылдың 11 айында 4517,1 тонна балық 13 елдерге экспортталды (Ресей  – 2394,36тн, Германия – 928,33 тн, Грузия – 350 тн, Литва – 294,26 тн, Польша – 276,74 тн, Нидерланды – 66,96 тн, Әзірбайжан – 60 тн, Венгрия – 50,7 тн, Австрия – 43,1 тн, Чехия – 16,4 тн, Франция – 16,2 тн, ҚХР – 20 тн).

Балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасына сәйкес 2030 жылға дейін 16 шарбақтық шаруашылық, 12 тоған шаруашылық, 3 тұйық жүйелі сумен қамтамасыз ету құрылғылары іске қосылуы және көлде тауарлы балық өсіру шаруашылықтарының саны 55 жеткізу жоспарланған.   

Соның ішінде, бүгінгі күнге 6 тоған шарушылығы іске қосылып, көл-тауарлы балық шаруашылықтарының саны 71 жетті. 6 шарбақтық шаруашылықтарды құру мақсатында Қамбаш су айдынының учаскелеріне биологиялық негіздеме әзірленіп, паспорт жасалды. 418 тонна тауарлы балық өсірілді (2022 жылға жоспар 409 тонна).

Сонымен бірге, облыстық бюджеттен балық өсіру үшін балық жемін сатып алуға жұмсалатын шығыстардың 30%-ын субсидиялауға 8,4 млн.теңге бөлініп, игерілді («Ислам»ШҚ. Жаңақорған ауданы).

Бағдарламаға сәйкес 49 көлге гидротехникалық құрылыс салу көзделген болатын. Соның ішінде, 2021 жылы 19 көлге жоба-сметалық құжаттамаларын әзірленді. Алайда, жоба-сметалық құжаттамаларын мемлекеттік сараптамадан өткізуге қаржы қаралмай келеді (қажетті қаржы 5,5 млн. теңге).

Арал қаяз балығы санын қалпына келтіру жобасы: Арал қаязының аналық-аталықтарын тоған жағдайында қалыптастырып, олардан табиғи жағдайда уылдырық алу дәрежесіне дейін жеткізу мақсатында облыстық бюджеттен 16780 млн. теңге бөлініп, облыс аумағындағы күріштік алқаптарынан 10 мың дана қаяз балығының шабақтары жиналып, оларды екі жаздық деңгейге дейін жеткізіп, Сырдария өзені мен балық шаруашылығына маңызы бар көлдерге жіберілді.

Балық қорғау шаралары «2022 жылға облыс көлеміндегі күріштік алқаптарда қалған балық шабақтарын құтқару жұмыстарының  іс-шаралар жоспарына» сәйкес 8,2 млн. дана балық шабақтары құтқарылып, балық шаруашылығына маңызы бар су айдындарына жіберілді (2021 жылы 7,6 млн.дана шабақ құтқарылды).

ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ

Қызылорда облысында жалпы көлемі 9,8 млн.га болатын 41 аңшылық алқаптар бар, оның ішінде 17 аңшылық алқап табиғат пайдаланушыларға бекітіліп беріліп, 24 аңшылық алқап резервте тұр.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылдың 2 қыркүйектегі №594 бұйрығымен «Аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттардың үлгілік нысандарын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.12.2018 жылғы №542 бұйрығына өзгерістер енгізіліп, Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы ҚР Заңына сәйкестендірілді.

Анықтама ретінде:

Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы Заңының 37-бабының 1-тармағына сәйкес аңшылық шаруашылығын жүргізу құқығы облыстың жергілікті атқарушы органының аңшылық алқаптарды бекітіп беру туралы шешімі, ведомствоның аумақтық бөлімшесі мен жануарлар дүниесін пайдаланушы арасында жасалатын аңшылық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттар негізінде белгіленеді  делінген.

Ал, Ауыл шаруашылығы министрінің 27.12.2018 жылғы
№542 бұйрығымен бекітілген аңшылық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттың үлгілік нысандарында аңшылық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарт жергілікті атқарушы орган мен пайдаланушы арасында жасалады деп көрсетілген. 

Осыған сәйкес, резервтегі 6 аңшылық алқаптың құжаттары дайындалып (даму жоспары, бастапқы бағасы) конкурсқа шығару мақсатында тиісті шаралар жүргізілуде.

2021 жылы «Қызылорда облысы аңшылық алқаптарының ақпараттық - анықтамалық картасы сайтын әзірлеу» жобасы аяқталып, қазіргі уақытта жұмыс жасап тұр.

2022 жылы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерімен 1,5 млн. теңгеге биотехникалық іс-шаралар жүзеге асырылды.

Анықтама ретінде:

Облыс аймағында сүтқоректілердің 40-тан астам түрі және құстардың 300 түрі, оның ішінде, Қазақстанның Қызыл кітабына енген жануарлар мен құстардың 31 түрі мекендейді.

2021 жылғы 1 шілдеден бастап 2022 жылғы 1 шілдеге дейінгі аралықта Экология және табиғи ресурстар министрлігімен Қызылорда облысына жалпы көлемі 128 632 дана жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимиті бекітілді. Оның ішінде жануарлардың 4 түріне – 42170 дана, құстардың 6 түріне – 86 462 дана. Аталған лимит толығымен игеріліп,  республикалық бюджеттке 7,1 млн. теңге қаржы түсірілді (қабан – 1438, түлкі – 733, қоян – 39276, борсық – 723, қаз – 6000, үйрек – 25000, шіл – 28209, қасқалдақ – 743, кептер – 6846, қырғауыл –19664).

2022 жылғы 1 шілдеден бастап 2023 жылғы 1 шілдеге дейінгі аралықта Экология және табиғи ресурстар министрлігімен, Қызылорда облысына жалпы көлемі 113 428 дана жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимиті бекітілді. Оның ішінде жануарлардың 4 түріне – 37 763 дана, құстардың 6 түріне – 75 665 дана. (қабан – 2 955, түлкі – 862, қоян – 33 307, борсық – 639, қаз – 6 000, үйрек – 25 000, шіл – 663, қасқалдақ – 21 527, кептер – 3 210, қырғауыл – 19 265).

Дата публикации
05 января 2023
Дата обновления
06 января 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Оңтүстік Хайркелді кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, Оңтүстік Хайыркелді кен орнындағы қабат қысымын ұстап тұру жүйесінің суларының ластаушы заттардың жол берілетін төгінділерінің нормативтері жобасы, шығарындылардың стационарлық
Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Таур кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы, ҚОҚБ, ҚББ, ӨЭББ, ҚОҚІШ.
Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Оңтүстік-Батыс Хайркелді кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы, ҚОҚБ, ҚББ, ӨЭББ, ҚОҚІШ.

Социальные медиа

Фейзбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы