Бүгінгі күні, облыстық коммуналдық меншікке 226 (372 нысан) су шаруашылығы нысандары алынған.
2022 жылы облыстық бюджеттен су шаруашылығы саласына 919 млн. теңге бөлініп, нәтижесінде:
- 167,3 шақырым болатын 22 каналға (647,3 млн.теңге) тазалау жұмыстары жүргізілді;
- елді мекендерге 23 насос қондырғылары (227,7 млн.теңге) жеткізіліп берілді;
- 9 дана жобалау сметалық құжаттама әзірленді (44,0 млн.теңге 8 ЖСҚ әзірленді, 1 ЖСҚ жалғасуда)
Сонымен бірге, Күміскеткен су қоймасының ТЭН түзету жұмыстарын бастауға 100 мың теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу заңдылықтарына сәйкес конкурс жариялануда. (2023 жылға 26,5 млн.теңге қажет)
Су тапшылығын төмендету үшін Үкімет резервінен 3,6 млрд теңге бөлініп, ұзындығы 230,1 шақырым болатын 21 канал тазаланып (17 канал «Қазсушар» РМК, 3 канал ТЖ бөлімі, 1 канал ТРБ), 133 (67 насос «Қазсушар» РМК, 66 насос ТРБ) дана насос алынып, 52 (Арал 7, Қазалы 3 Жаңақорған 11, Қызылорда 31) ұңғыма бұрғыланды.
Жалпы, өткен жылы барлық қаржы көздерінен ұзындығы 1034 шақырымнан астам 162 канал тазартылды, 133 дана насос алынды, 52 ұңғыма бұрғыланды, 322 гидротехникалық құрылыс жөндеуден өтті.
Нәтижесінде, егістік жерлер сумен толық қамтамасыз етіліп, табиғи мал азығымен қамтылу деңгейі жақсарып, көлдер жүйесі суландырылды.
Облыста суармалы жерлерді қалпына келтіру және айналымға қосу бойынша 161 млрд. теңгеге 3 (үш) жоба әзірленген.
Олар: 158 мың гектар суармалы егістіктегі ирригация және дренаж жүйелерін жетілдіру және пайдаланылмай тұрған 29 мың гектар суармалы жерлерді су үнемдеу технологияларды пайдалана отырып, айналымға қосу жобалары.
Соның ішінде, 2019 жылдан бастап ПУИД-2 жобасы аясында Жалағаш ауданында (Аққұм, Бұқарбай батыр, Таң, Мәдениет а.о) 15 мың гектар суармалы жерлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда 746,9 км (90 %) су жүйелері, 871,3 км (94%) қашыртқы жүйелері тазаланып, 10,1 мың дана (71,0 %) су құрылыстары, 39 дана (25,8%) бақылау ұңғымалары салынды.
Анықтама ретінде: жобаның жалпы құны - 9,3 млрд. теңге. Жоба бойынша 2019 жылы 879 млн.теңге, 2020 жылы 2,226 млрд.теңге, 2021 жылы 1,500 млрд. теңге, 2022 жылы 2,228 млрд. теңге қаржы игерілді. Қалғаны 2,446 млрд.теңге.
Анықтама ретінде: өзекті су шаруашылығы жобалары