Меню

Страницы

Статья

2022 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстар

Облыс аумағында мемлекеттік орман қоры жерлерінің жалпы көлемі
7,0 млн. гектарды құрайтын болса, оның 3,8 млн. гектары орманды алқаптар болып табылады. Орманды алқаптың 83% негізгі орман құраушы сексеуіл ағаштары алып жатыр.

Облыста ормандарды қорғау, молықтыру, сақтау және орман өртін алдын алу мақсатында, 8 орман шаруашылығы мекемелерінде                           562 қызметкерлер жұмыс жасауда.

Облыс аумағында 2020-2022 жылдар аралығында орман орналастыру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесімен орман шаруашылығы мекемелерінің штаттық кестесін нормативке жеткізу үшін 2023-2025 жылдарға жалпы сипаттағы трансферт бөлініп, қосымша 135 штат бірлігі құрылуда.

Мемлекет басшысының Арал теңізінің құрғаған ұлтанында алдағы                 5 жыл ішінде 1,1 млн. га сексеуіл екпелерін ұлғайту жөніндегі тапсырмасына сәйкес 2022 жылы теңіздің құрғаған ұлтанында 250 мың га фитоорманмелиорациялық жұмыстары жүргізілді (оның ішінде,  облыстық бюджет есебінен 95,4 мың га, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті тарапынан               154,6 мың га).

Атап өту керек, егемендік алған 30 жыл ішінде Арал теңізінің құрғаған ұлтанының Қазақстандық бөлігінде барлығы 395 мың гектар жер ормандандырылса, 2021 жылы 101 мың гектар, 2022 жылы 250 мың гектар жерге фитоорманмелиорациялық жұмыстар жүргізілді.

Бұл жұмыстарды атқару үшін республикалық бюджеттен трансферт арқылы 403,1 млн. теңге, орман мекемелерінің материалды-техникалық базасын нығайту үшін қажетті техникалар мен құрал жабдықтарды сатып алуға облыстық бюджеттен 600 млн. теңге бөлінді.

Анықтама ретінде: 2022 жылы сатып алынған техникалар мен құрал-жабдықтар трактор 5 дана,  орман отырғызу агрегаты 6 дана,  вахталық автобус  1 дана, су тасымалдауыш 1 дана, трактор тіркемесі 5 дана, өрт сөндіру автокөлігі 2 дана, патрулдік автокөлігі 2 дана, жанар-жағармай тасымалдауыш автокөлігі 1 дана, электростанция 8 дана, палатка 9 дана, турая 9 дана.

Орман молықтыру және көгалдандыру жұмыстарына қажетті сексеуіл мен саялы ағаш көшеттерін өсіретін 159 га уақытша орман тұқымбақтары ұйымдастырылды.

Орман қорының санитарлық жағдайын бақылау үшін 302 мың га жерге орман патологиялық зерттеу жұмыстары жоспарланып, толық атқарылды. Нәтижесінде 40 923 га ауру ошақтары анықталды.

Сонымен қатар, мемлекеттік орман қоры учаскелерінде заң бұзушылықтарды алдын-алу, оны анықтау мақсатында 275 рейдтер ұйымдастырылып, оның ішінде орма тәртібін бұзушылықтар бойынша 39 жағдайы анықталды.

Орман өртін болдырмау және алдын алу мақсатында орман шаруашылығы мекемелерінде 11 дана өрт сөндіру автокөлігі мен 53 тұрақты өрт сөндірушілер қызмет атқарады.

Өрт қауіпті учаскелерде 488 шақырымға жаңадан өрт жолақтары және 3 229 шақырымға ескі өрт жолақтары қалпына келтірілді.

Дүниежүзілік Банктің қайтарымсыз қаржысы есебінен «Қазақстан Ландшафтарын қалпына келтіру жөніндегі» жобасы  аясында, сексеуіл көшеттерін дайындау үшін 33 га болатын тұрақты орман тұқымбағын құру және қажетті техникалар сатып алу, Арал теңізінің құрғаған ұлтанының 500 мың га картаға түсіру, 100 мың га жобалық іздестіру және Қызылорда-Жезқазған автожолының бойында 3 000 га алаңда Жасыл аймақ құру жұмыстары жүргізілуде.

Халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID) Халықаралық Аралды құтқару қоры арқылы Арал теңізінің құрғаған ұлтанына су қондырғысын орнатып, 500 га жерге сексеуіл егу жобасы жүзеге асырылатын болады.

Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамдастығы (GIZ) арқылы 50 мың га жерге топырақ зерттеу, іздестіру және жобалау жұмыстары жүргізілді.

Дата публикации
04 января 2023
Дата обновления
05 января 2023
Тип

Сейчас читают

Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Оңтүстік Хайркелді кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, Оңтүстік Хайыркелді кен орнындағы қабат қысымын ұстап тұру жүйесінің суларының ластаушы заттардың жол берілетін төгінділерінің нормативтері жобасы, шығарындылардың стационарлық
Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Таур кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы, ҚОҚБ, ҚББ, ӨЭББ, ҚОҚІШ.
Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Оңтүстік-Батыс Хайркелді кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы, ҚОҚБ, ҚББ, ӨЭББ, ҚОҚІШ.

Социальные медиа

Фейзбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы