Тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару :
Қзақстан Республикасының «Жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі Тұжырымдамасының қалдықтарды басқару бағытында облыста негізгі 3 нысаналы индикатор бойынша жұмыстар атқарылуда.
1-ші. Қалдықтардың өңдеу (сұрыптау) үлесін арттыру:
Жалпы облыс аумағында түрлі қалдықтарды тасымалдау, сұрыптау жинақтау, қайта өңдеу және жою саласында 15 кәсіпкерлік субъектілері жұмыс жасайды.
2022 жылдың 6 айында 69 500 тонна қатты тұрмыстық қалдықтардың 16 080 тоннасы өңделді. Пайыздық үлесі 23,1 % құрады.
Анықтама ретінде:
Қызылорда қаласында -«Ибрайхан и К ЛТД», Smart Rubber» (Смарт Раббер) ЖШС-і,
«Қызылорда Қағазы» ЖШС-і ,«ДаЖаЕр» ЖШС, «Август», «Аймырзаев», «Аян»
Арал ауданы бойынша - ЖК «Садылдаев Д»;
Қазалы ауданы бойынша - ЖК «Ж. Карымсаков», «Ә.Бөлекбаев»;
Қармақшы ауданында - ЖК «Досмуратов»;
Жалағаш ауданында - «Сыр арна» ЖШС, ЖК «Қасиет», ЖК «Мақсұт»;
Сырдария ауданында - «ПК Саулет», «Т.Ермантаев», «С. Сейтов»;
Шиелі ауданында - «Сазқұм» өндірістік кооперативі;
Жаңақорған ауданында - «Нұр-Шах» ЖШС-і.
2-ші. Халықты тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және тасымалдау қызметімен қамту:
Облыс тұрғындарының 71,3 % тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдау қызметімен қамтамасыз етілген.
Анықтама ретінде:
Жалпы облыста 9030 дана контейнер, соның ішінде 874 дана құрамында сынабы бар шамдарды жинауға арналған арнайы контейнерлер орнатылған. Халыққа 221 дана арнайы техника қызмет көрсетеді.
2022 жылғы 10 наурызда «СНГ Строй» ЖК-і өз қаражаты есебінен Қызылорда қаласында орналасқан көпқабатты тұрғын үй аулаларына 20 дана нан қалдықтарын тастайтын контейнерлер орнатып, нан қалдықтарын сұрыптап, төрт түлікке азық болатын жем өңдіруде.
3-ші. Экологиялық және санитариялық талапқа сай келетін полигондар:
Облыс бойынша барлығы 145 полигон құрылысы үшін жер учаскелері бөлініп, полигондарды экологиялық және санитариялық талаптарға сәйкестендіру бағытында кезең-кезеңмен шаралар жүргізілуде.
Бүгінгі күні, облыстағы 145 полигонның 7-уі (немесе 5%) экологиялық және санитарлық талаптарға сәйкестендірілген.
Соңғы 3 жылда облыста 1,4 млрд. теңгеге жаңадан 2 тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарының (Қызылорда, Арал қалалары) құрылысы жүргізілсе, соның 650 млн. теңгесі жеке инвестордың қаржысы есебінен жүзеге асты.
2021 жылы 3 ауданда (Жалағаш, Сырдария және Шиелі) жаңа полигондардың құрылысы бойынша жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп қазіргі уақытта жобалық құжаттамалары мемлекеттік сараптамадан өткізілуде. Аталған жобалардың жалпы құны 901,6 млн. теңге құрайды (Жалағаш -342,8 млн., Сырдария 223,8 млн. және Шиелі-335,0 млн.). Полигондардың құрлыстары 2023-2025 жылдарға жоспарланып отыр.
Алдағы мндеттер:
- облыс аумағындағы полигондарды экологиялық және санитариялық талаптарға сәйкестендіру;
- жеке инвесторларды тарту арқылы тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, өңдеу мен кәдеге жарату инфрақұрылымын құру;
- тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу мен кәдеге жарату үлесін 2025 жылға қарай 33,6 % ға арттыру.