Бүгінгі күні, облыстық коммуналдық меншікке 226 (372 нысан) су шаруашылығы нысандары алынған. Коммуналдық меншікке қабылданған су шаруашылығы нысандарын тазалау, жөндеу жұмыстары кезең - кезеңімен атқарылуда.
Ағымдағы жылы, елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында 193,8 шақырым болатын 25 каналға су шаруашылығы жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен 756,7 млн,теңге қаржы бөлінді. Бүгінгі күні 18 каналға тазалау жұмыстары аяқталды.
Анықтама ретінде:
Қызылорда қаласы Қосшыңырау ауылдық округіндегі «Р-2-2» (8,1 км), «Сол тармақ» (21,8 км), «Алтынбай» (11,1 км), «Ешпан» (7,23 км) каналдары; Қазалы ауданы Құмжиек ауылдық округіндегі «Үлкенарық» (1 км) каналы, Алға ауылдық округіндегі «Шлюз арық» (12,2 км) каналы, Арықбалық ауылдық округіндегі «Аққолқа» (3,9 км) каналы, Сырдария өзеніне коллекторлық-дренаждық суларды ағызу үшін Қазалы ауданының пайдаланудағы «1-5Д» коллекторын реконструкциялау; Қармақшы ауданы Алдашбай Ахун ауылдық округіндегі «Шаймерден» (6,8 км) каналы, Көмекбаев ауылдық округіндегі «Қарақ» және «Қоңыраулы» каналы, Жосалы кентіндегі «Шығыс» каналының қорғаныс бөгетін қалпына келтіру; Жалағаш ауданы Жаңадария ауылдық округіндегі «Іңкәрдария» (7,9 км) каналы; Сырдария ауданы Іңкәрдария ауылдық округіндегі «Ақтам» (14,7 км) каналы, Амангелді ауылдық округіндегі «Қосапан» (14,3 км) , Жетікөл ауылдық округіндегі «Хозцентр» (7,0 км), Айдарлы ауылдық округіндегі «Ақтам» (6,7 км), Жетікөл ауылдық округіндегі «Жыңғылдыкөл» (4,8 км) каналы; Шиелі ауданы Алмалы ауылдық округіндегі «Л-4А Сайфурхан» 3,3 км) каналы; Жаңақорған ауданы Қожакент ауылдық округіндегі «Бабакент» (4,9 км) каналы, Жайылма а/о «Темірбетонды лотокты» (19,3 км) каналдары.
Сонымен бірге, елді мекендерді сумен қамтамасыз ету мақсатында, облыстық бюджеттен 23 дана насос қондырғысын сатып алу белгіленіп, бүгінгі күні елді мекендерге насос қондырғылары жеткізіліп берілді.
Атап айтқанда:
Қызылорда қаласы Қызылөзек, Ақжарма ауылдық округтері, Қазалы ауданы Қазалы қаласы, Сырдария ауданы Н. Ілиясов, Айдарлы ауылдық округтері, Қармақшы ауданы Тұрмағамбет, Төребай би ауылдық округтері, Жалағаш ауданы Жалағаш кенті, Мақпалкөл, Аққыр ауылдық округтері және ШЖҚ «Табиғат» МКК.
Ағымдағы жылы барлық қаржы (бюджет, шаруашылық құрылым қаржысы, «Қазсушар» РМК тарифі) көздері есебінен жалпы ұзындығы 1 034 шақырымды құрайтын 162 каналды тазалау, 156 дана насос қондырғыларын сатып алу, 87 ұңғыманы жөндеу және бұрғылау, 322 дана гидротехникалық құрылыстарды жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Соның ішінде, биылғы жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 3,6 млрд.теңге қаржы бөлініп, 21 канал тазалау, 52 ұңғыманы қалпына келтіру және бұрғылау жұмыстары жүргізілетін болса, қашыртқы суларды қайта пайдалану және елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында 133 дана насос қондырғылары сатып алынатын болады.
Соның ішінде бүгінгі күні 21 каналға тазалау жұмыстары жүргізіліп, елді мекендерге 114 дана насос қондырғылары жеткізілді.