2022 жылдың III – тоқсан қортындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша анықтама
2022 жылдың III - тоқсан қорытындысымен басқармаға «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы барлығы жеке және заңды тұлғалардан 140 жолданымдар келіп түсті.
Оның ішінде:
Арыз – 42;
Сұрау салу – 40;
Ұсыныс – 37;
Үн қосу – 4;
Шағым – 3.
Басқа органға құзыреті бойынша жолданған жолданымдар саны – 16.
Жыл басынан бастап барлық қаралған жолданымдар саны – 121.
Оның ішінде, әкімшілік рәсім тәртібімен қаралған жолданымдар саны – 48 (қолайлы әкімшілік акт қабылданды – 29; ауыртпалық түсіретін әкімшілік акт қабылданды – 1; әкімшілік рәсім тоқтатылды - 18).
Сонымен қатар, оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібімен қаралған жолданымдар саны – 73 (жауап берілді – 71; назарға алынды - 2) және 3 жолданым заңға сәйкес қаралуда.
Жеке қабылдау бойынша:
Бекітілген қабылдау кестесіне сәйкес басқарма басшысы және басқарма басшысының орынбасары жеке және заңды тұлғалардың өкілдерімен жеке қабылдауды тұрақты түрде жүргізіп келеді.
Сонымен қатар, жеке қабылдаудың кестесі облыс әкімдігі ғимаратының 1 қабатында көрнекі жеріне ілініп, халыққа қол жетімді болу мақсатында басқарманың ақпараттық жүйелеріне енгізілген.