Қалдықтарды басқару бойынша
Облыс бойынша 2026 жылдың 1 тоқсанында 67 117 тонна қатты тұрмыстық қалдықтардың 22967 тоннасы өңделді (34.2%).
Облыс бойынша қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және өңдеу саласында 17 кәсіпкерлік субъектілері жұмыс жасауда.
«Smart Rubber» ЖШС автокөліктердің шиналарынан резеңке ұнтақтарын (гранула) шығаруда. «Қызылорда Қағазы» ЖШС макулатура, картон қалдыктарын жинақтап, қағаз өнімдерін (әжетхана қағазын) шығаруда. «Қарасақал» ЖК макулатура, пластик, картон қалдықтарын жинақтауды арнайы қабылдау пунктінде жүзеге асыруда. «Август» ЖК және «Абай Даулет» ЖШС пластик, картон калдықтарын сұрыптап, жинақтауда.
Облыс бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған барлығы –
9 921 дана контейнерлер, оның ішінде, қалдықтарды бөлек жинауға арналған – 2 184 дана арнайы контейнерлер орналасқан.
Облыстың 140 елді мекендерінде полигон қызметі үшін жалпы көлемі
402 гектар жер учаскелері белгіленген, оның ішінде 7 полигонға (5%) экологиялық және санитарлық рұқсат құжаттары алынған.
Облыс бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау, өңдеу бағытында 99 млрд. 259 млн. теңгеге 10 жоба жүзеге асырылуда.
Оның ішінде, 98 млрд. 700 млн. теңгені құрайтын 9 жоба «Жасыл Даму» акционерлік қоғамы қаржыландыруы арқылы іске асырылуда.
Облыс бойынша 9 жобаның барлығы «Өнеркәсіпті дамыту қоры» сараптамасының 1-ші кезеңінен өткізілген.
Құны 159,5 млн.теңгені құрайтын Жаңақорған ауданының «Сұрыптау кешенін орнату» жобасы («КомХоз Жаңақорған» ЖШС) қаржыландырылды. 23.12.2025 ж. қондырғылар жеткізіліп, орнатылды. Сәуір айының соңында іске қосылатын болады.
Арал ауданының жобасы 2-кезең сараптамасымен мақұлданып (22.08.2025 ж.), қаржыландыру үшін келісім-шарт жасалуда («Тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау кешені», «Хан-Батыр» ЖШС, құны – 80,2 млн.тг.).
Жалпы құны 37,8 млрд.теңгені құрайтын Қызылорда қаласында Оңтүстік Корея технологиясы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау, өңдеу және кәдеге жарату жобасы 2 - кезең сараптамасымен мақұлданды (22.11.2025 ж.) («With You E&C Kyzylorda» ЖШС).
Сонымен қатар, Қызылорда қаласындағы «Дезинфекция» ЖШС-нің жобасы (214,9 млн.тг.) және Жалағаш ауданындағы «К. Канатбаева» ЖШС-нің жобасы (73,3 млн.тг.) «Өнеркәсіпті дамыту қоры» сараптамасының 2-кезеңінен өтті.
Қалған 3 жобалар 2-кезең сараптамасынан өтуде.
Құны 559 млн.теңгені құрайтын «Рем Пласт Инвест» ЖШС-нің өз қаражаты есебінен макулатура мен картон қалдықтарын қайта өңдеу және дайын өнім шығару жобасы іске асырылуда.
Қуаттылығы 5 400 тоннаны құрайтын жобаның құрылыс жұмыстары 80% аяқталып, инфрақұрылым жүйелерін жүргізуге құжаттар дайындалуда.
2025 жылдың 8 шілдесінде облыс әкімі, Парламент Мәжілісінің депутаттары және Экология және табиғи ресурстар министрінің қатысуымен жалпы құны 37,8 млрд.теңгені құрайтын Қызылорда қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау, өңдеу және кәдеге жарату зауытының капсуласы салынды.
Қуаттылығы жылына 300 мың тонна қалдық сұрыптау қарастырылған Оңтүстік Корея технологиясы бойынша жұмыс жасайтын зауытының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.