Орман шаруашылығы бойынша
Облыс аумағында мемлекеттік орман қоры жерлерінің жалпы көлемі 7,3 млн. га құрайды, оның 3,9 млн. га орманды алқаптар.
2026 жылы орман қоры жерінің 10 мың гектарына ағаш отырғызу және тұқым себу жұмыстары жоспарланып, қазіргі таңда 3,2 мың гектарына (3,8 млн. дана) көшет отырғызу жұмыстары атқарылуда, қалған көлем агротехникалық талаптарға сәйкес күзде орындалатын болады.
Сонымен қатар, өткен жылғы егілген екпелердің шығымдылығы төмен алқаптарының 4418 гектарына (1,3 млн. дана) толықтыру жұмыстары жүргізілді.
Орман молықтыру және көгалдандыру жұмыстарына қажетті сексеуіл мен саялы ағаш көшеттерін өсіретін 102 гектарды құрайтын 8 уақытша және 33,5 гектар жерге тұрақты орман тұқымбақтары ұйымдастырылатын болады.
Жыл басынан бері мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша ағаш кесу және орман билеті, барлығы 317 (орман билеті-308, ағаш кесу-9) жеке және заңды тұлғаларға беріліп, облыстық бюджетке 9,5 млн. теңге түсті.
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде заң бұзушылықтарды алдын-алу, оны анықтау мақсатында 66 рейдтер ұйымдастырылып, оның ішінде орман тәртібін бұзушылықтар бойынша 12 жағдайы анықталды.
Қызылорда облысы аумағында орман және дала өрттерінің туындау тәуекелдерін азайту жөніндегі арнайы іс-шаралар жоспары бекітілді (05.03.2026 ж.)
Орман өртін болдырмау және алдын алу мақсатында орман шаруашылығы мекемелерінде 17 дана өрт сөндіру автокөлігі мен 65 тұрақты өрт сөндірушілер қызмет атқарады.
Өрт қауіпті учаскелерде 283 шақырымға (факт 90 шақырым) жаңадан өрт жолақтары мен 6070 шақырымға (факт 80 шақырым) ескі өрт жолақтарын жүргізу жоспарлануда.