2026 жылдың 3 айында атқарылған жұмыстар

Су шаруашылығы бойынша

2025 жылдың 31 наурыздағы жағдайы бойынша Шардара су қоймасындағы су көлемі 5,1 млрд. текше метрді құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 622 млн. текше метрге артық.
ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 28 тамыздағы №694 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының су саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарына» облыстан жалпы соммасы 148,3 млрд. теңге болатын 112 жоба енгізілді.
Оның ішінде су жинау көлемі 775 млн. м3 болатын «Қараөзек» су қоймасын салу мәселесін Ислам Даму Банкі есебінен қаржыландыру үшін Су ресурстары және ирригация министрлігімен бірлесіп жұмыстар жүргізілуде (жоба құны 3,8 млрд.теңге).
Ислам Даму Банкі есебінен қаржыландыруға облыс бойынша бірінші кезекте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуі тиіс 3,2 млрд. теңге болатын 5 жоба ұсынылып, бүгінгі күні Шиелі ауданы, Шиелі кентінде орналасқан «Базар арығы» каналына тиісті жұмыстар басталды.
Ағымдағы жылы республикалық бюджеттен «Қызылорда қаласын абаттандыру мақсатында Қызылжарма науа каналының құрылысы» жобасына 1 323,9 млн.теңге бөлініп, бүгінгі күні 2026 жылға бөлінген құрылыс-монтаж жұмыстарына арналған қаражаттың шамамен 11%-ы игерілді.
Сонымен бірге, «Қызылорда облысы Қазалы ауданы Сол жағалау алабының 1-ГД, 2-ГД, К-3-2 коллекторлар жүйесін реконструкциялау» жобасына республикалық бюджеттен 2026 жылға 801,832 млн.теңге бөлініп, қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық рәсім жүргізілуде.
Облыс аумағындағы иесіз көлдер мен каналдарға түгендеу жұмыстарын жүргізу мақсатында жұмысшы тобы құрылды. Нәтижесінде 48 көл мен 82 каналдар анықталып, қала және аудан әкімдіктеріне құжаттандыру бойынша тиісті тапсырмалар берілді.
Су шығынын азайту мақсатында ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі тарапынан Дүниежүзілік банк қаржысы есебінен бетондалатын каналдарға жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеу бойынша қала және аудан әкімдіктерімен тиісті жұмыстар атқарылуда.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы «Арна» КММ арқылы Шиелі ауданы Майлытоғай ауылдық округіндегі ұзындығы 5 шақырым болатын «Тұрымбет» каналына тазалау жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, ағымдағы жылы «Арна» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арқылы жалпы ұзындығы 12,2 шақырым болатын 4 каналға ағымдағы тазалау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда (Қазалы ауданы Аранды ауылдық округіндегі "Бөкебай", Қармақшы ауданы Иіркөл ауылдық округіндегі "Жапалақ жарма", Сырдария ауданы Ақжарма ауылдық округіндегі "Ақжарма", Сырдария ауданы Шаған ауылдық округіндегі "Жиделі арық").
Қызылорда қаласының Бас жоспары әзірленуіне байланысты, Сырдария өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулеріне өзгеріс енгізу мақсатында «Қызылорда облысының су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2025 жылғы 22 қазандағы № 201 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қызылорда облысы әкімдігінің қаулысы жобасы әзірленуде.

 

Дата публикации
10 апреля 2026