2026 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша анықтама

2026 жылғы 01 қаңтар – 31 наурыз аралығында басқармаға барлығы 58 өтініш тіркелген. Оның ішінде:
Арыз (ЖТ/ЗТ тұлғаларды қабылдауға арыз)–32;
Шағым - 0;
Басқа да өтініштер (хабар, сұрау салу, үн қосу, ұсыныс) - 19;
Ведомства бойынша жолданғаны - 17;
Қаралған жолданымдар –39;
Әкімшілік рәсім тәртібімен-15;
Қолайлы әкімшілік акт қабылданды-14;
Ауыртпалық түсіретін әкімшілік акт қабылданды-1;
Оңайланған әкімшілік рәсім тәртібімен-19;
Оңайлатылған әкімшілік рәсім тоқтатылды – 2;
Жауап берілді-19;
Назарға алынды - 0;
Шағым қараусыз қалдырылды – 0;
Есептік кезеңнің соңына қалдықта қалғаны – 6.

Жеке қабылдау бойынша:
Бекітілген қабылдау кестесіне сәйкес басқарма басшысы және басқарма басшысының орынбасары жеке және заңды тұлғалардың өкілдерімен жеке қабылдауды тұрақты түрде жүргізіп келеді.
Сонымен қатар, жеке қабылдаудың кестесі облыс әкімдігі ғимаратының 1 қабатында көрнекі жеріне ілініп, халыққа қол жетімді болу мақсатында басқарманың ақпараттық жүйелеріне енгізілген.

Дата публикации
10 апреля 2026