2025 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстар

Балық шаруашылығы бойынша
Облыс аумағында Кіші Арал теңізі, Сырдария өзені және балық шаруашылығына маңызы бар 201 көлдер бар. Оның ішінде, Кіші Арал теңізі толықтай және 164 көл конкурстық негізде 5-49 жылдарға табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілсе, 37-і (Арал-2, Қазалы-11, Қармақшы-6, Жалағаш-3, Сырдария-6, Жаңақорған-1, Шиелі-5, Қызылорда-3) резервтік қорда.
Облыс су айдындарының биологиялық әртүрлілігіне балықтың 16 негізгі кәсіптік түрі кіреді: торта, көксерке, табан, алабұға, қылышбалық, шортан, аққайран, қызылқанат, мөңке, жыланбас, камбала, сазан (тұқы), ақмарқа, жайын, айнакөз, ақ амур.
Балық шаруашылығы 3 бағытқа бөлінген: кәсіпшілік балық аулау, балық өсіру (аквакультура) және балық өнімдерін өңдеу.
Балық аулау:
Кәсіпшілік балық аулау-табиғи су айдындарында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.
2025 жылы 5000 тоннадан астам балық ауланды.
Балық экспорты:
2025 жылы 4434 тонна балық өнімдері 12 шет мемлекеттеріне экспортталды.
Анықтама: 2024 жылы 4010 тонна балық өнімдері 13 шет елдеріне экспортталды.
Бүгінгі күні облыста 11 балық өңдеу зауыттары жұмыс жасауда. Оның 4-уінде Еуропалық Одақ елдеріне балық өнімдерін экспорттау құқығын алған Еуропалық одақтың талаптарына сәйкес келеді.
Балық өңдеу зауыттарының жалпы қуаттылығы жылына 23,8 мың тоннаны құрайды.
Анықтама: Экспортталатын балықтардың негізгі түрлері: тыран, торта, алабұға, шортан, көксерке. Сондай-ақ, өңделген өнімдер түрінде көксерке сүбесі, тыран қанаттары, балық фаршы, балық сүбесі, мұздатылған балық және балық ұны.
Тауарлы балық өсіруді (аквакультура) дамыту бойынша:
Облыста балық өсіру: көл тауарлы балық өсіру, тоғанда балық өсіру, тор қоршамада балық өсіру және түйық жүйелі сумен қамтамасыз ету құрылғылары арқылы балық өсіру шаруашылықтарымен жүргізіледі.
Балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған бағдарламасына (Үкіметтің 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 208 қаулысымен бекітілген) (бұдан әрі - Бағдарлама) сәйкес 2030 жылға қарай балық өсіру көлемін 16 000 тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда.
Бағдарламаға сәйкес, 2030 жылға дейін 16 тор қоршамада балық өсіру шаруашылығы, 12 тоған шаруашылығы, 3 тұйық жүйелі сумен қамтамасыз ету құрылғылары іске қосылуы және көлде тауарлы балық өсіру шаруашылықтарының саны 55-ке жеткізу жоспарланған.
Бүгінгі күні, облыста тауарлы балық өсірумен 109 шаруашылық айналысады.
Оның ішінде: 76-көл тауарлы балық шаруашылығы көлі, 28 – тоған және 3 – тор шаруашылығы және 2 – тұйық жүйелі сумен қамтамасыз ету құрылғылары арқылы балық өсіру шаруашылықтарымен жүргізіледі.
2024 жылы облыс бойынша 1 001,2 тонна балық өсіріліп, Республикалық балық шаруашылығын дамытуда көрсетілген көрсеткіш толық орындалды.
2025 жылы көл-тауарлы балық шаруашылықтарымен 1 400 тоннадан аса тауарлы балық өсірілді.
Анықтама: 2021 жылы жоспарланған тауарлық балықтың көлемі 172 тонна, нақты 184 тонна өсірілді, 2022 жылы жоспарланған тауарлық балықтың көлемі
480 тонна, нақты 527 тонна өсірілді, 2023 жылы жоспарланған тауарлық балықтың көлемі 800 тонна, нақты 875 тонна өсірілді.
Акваөсіру шаруашылықтарын субсидиялау:
2024 жылы акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау мақсатында облыстық бюджеттен 9 524 мың теңге бөлініп, 6 балық өсіру шаруашылықтары 3 бағыт бойынша толығымен субсидияланды.
2025 жылы облыстық бюджеттен акваөсіру өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау мақсатында 10,1 млн.теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда келіп түскен өтінімдер күту парағына қойылды. Бүгінгі күні, 16 млн. теңге көлемде өтінім келіп түсіп күту парағына орналастырылды.
Балық қорғау шаралары:
2025 жылға арналған облыс көлеміндегі күріштік алқаптарда қалған балық шабақтарын құтқару жұмыстарының іс-шаралар жоспары бекітілді.
Іс-шара жоспарына сәйкес тамыз, қыркүйек және қазан айлары балық шабақтарын құтқару айлары болып жарияланып, орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерімен, қала және аудан әкімдіктерімен жұмысшы топтар құрылып, іс-шара барысында, 7 млн-нан астам балық шабақтары құтқарылып, балық шаруашылығы су айдындарына жіберілді.

Дата публикации
13 января 2026