Орман шаруашылығы бойынша
Облыс аумағында мемлекеттік орман қоры жерлерінің жалпы көлемі 7,3 млн. га құрайды, оның 3,8 млн. га орманды алқаптар.
2025 жылы облыстық деңгейде 100 мың гектарға оның ішінде; 85 мың га алқапқа қажетті 357 тонна галофитті тұқымдарды араластырып себіліп (сексеуіл
71,4 тонна, қарабарақ 285,6 тонна), 15 мың га жерге 4,5 млн. дана көшет отырғызылды.
2025 жылы облыстық деңгейде көктем айында өткен жылғы егілген екпелердің шығымдылығы төмен алқаптардың 13 250 гектарына толықтыру
(4 млн. дана сексеуіл) жұмыстары жүргізілді.
Орман молықтыру және көгалдандыру жұмыстарына қажетті сексеуіл мен саялы ағаш көшеттерін өсіретін 148 гектарды құрайтын 8 уақытша орман тұқымбақтары ұйымдастырылды.
Бұдан бөлек, Дүниежүзілік Банк қайтарымсыз қаржысы есебінен Қазалы ауданында сексеуіл, саялы ағаш көшеттерін дайындау үшін 33,5 га тұрақты орман тұқымбағын құру жұмыстары толығымен аяқталып, 15 тұрақты мамандар
30 маусымдық жұмысшылар алынды.
2025 жылы орман шаруашылығы мекемелері мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша ағаш кесу және орман билеті, барлығы 629 (орман билеті-
615, ағаш кесу-14) жеке және заңды тұлғаларға беріліп, облыстық бюджетке
20,0 млн. теңге түсті.
Өткен жыл басынан бері мемлекеттік орман қоры учаскелерінде заң бұзушылықтарды алдын-алу, оны анықтау мақсатында 273 рейдтер ұйымдастырылып, оның ішінде орман тәртібін бұзушылықтар бойынша 53 жағдайы анықталды.
Анықталған жағдай бойынша 977,0 мың теңге айыппұл салынып,
толығымен өндірілсе, табиғатқа 521,2 мың тенге зиян келтіріліп, одан
464,0 мың теңгесі өндірілген. Қалған фактілер бойынша істер құқық қорғау органдарына жолданған.
2025 жылдың 27 ақпанында Қызылорда облысы аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.
Орман өртін болдырмау және алдын алу мақсатында орман шаруашылығы мекемелерінде 15 дана өрт сөндіру автокөлігі мен
65 тұрақты өрт сөндірушілер қызмет атқарады.
Өрт қауіпті учаскелерде 498 шақырымға жаңадан өрт жолақтары жүргізілсе, 6005 шақырымға ескі өрт жолақтары жаңаланылды. Өрт қауіпті аймақтарда 128 дана аншлагтар орналастырылды, 2352 дана елді мекендердегі тұрғындар мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерге ескерту хаттар таратылып, бұқаралық ақпарат құралдарына 18 рет мақалалар жарияланды.
2025 жылы орман мекемелерінің материалды-техникалық базасын нығайту үшін жергілікті бюджеттен 438,5 млн. теңге бөлініп, ҚР «Мемлекеттік сатып алу» Заңына сәйкес қажетті техникалар сатып алынды..
Анықтама ретінде: 2 дана өрт сөндіру көлігі,1 дана трактор көлігі,
59 дана мотоцикл техникасы,2 дана жылжымалы өрт цистернасы,10 (Пн-
4-35: ПКЛ-70) соқа, 40 дана радиостанция, 18 дана навигатор, 4 дана ұұа (дрон) және басқада құрал-жабдықтар сатып алынды.