Су шаруашылығы бойынша
2025 жылдың 31 желтоқсандағы жағдайы бойынша Шардара су қоймасындағы су көлемі 3,0 млрд. текше метрді құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,2 млрд. текше метрге кем. Оның Сырдария өзенінің төменгі ағысына 150 текше метрі жіберілуде.
Мемлекет Басшысының Жолдауында «Ирригация жүйелері жалпы су шаруашылығы мәселесімен мұқият айналысу, көктемгі қарқын суды жинап, оны дихандардың қажетіне жарату мақсатында гидрология бекеттерін жөндеп, жаңғырту» қажеттігін тапсырды. Бұл бағытта, облыста бірқатар жұмыстар атқарылды.
ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 28 тамыздағы №694 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының су саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарына» облыстан жалпы соммасы 148,3 млрд. теңге болатын 112 жоба ұсынылды.
Оның ішінде су жинау көлемі 775 млн. м3 болатын «Қараөзек» су қоймасын салу мәселесін Ислам Даму Банкі есебінен қаржыландыру үшін Су ресурстары және ирригация министрлігімен бірлесіп жұмыстар жүргізілуде (жоба құны 3,8 млрд.теңге).
Сонымен қатар, Ислам Даму Банкі есебінен қаржыландыруға облыс бойынша бірінші кезекте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуі тиіс 4,914 млрд. теңге болатын 8 жоба ұсынылды.
«Қызылорда қаласының жағалау аймақтарын абаттандыру мақсатында, Қызылорда қаласы аумағындағы Сырдария өзенінің арнасын тазалау» жобасын жүзеге асыру мақсатында «Арна» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен Сырдария өзені жағалауынан топырақ алушы қаланың 12 мердігер мекемелер Ынтымақтастық туралы Меморандумға отырды және «Арна» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мамандарымен Сырдария өзенінің сол жағалауына қайтадан түсірілім жасалып, бұрынғы жобаға өзгерістер енгізілді.
Ағымдағы жылы «Арна» КММ арқылы Қармақшы ауданы Көмекбаев ауылындағы «Қарақ» учаскесінде орналасқан 5 көзді су тоспаға күрделі жөндеу жүргізілді және де 6 каналға 13,3 шақырым болатын механикалық тазалау жұмыстары атқарылды.
2025 жылдың 9 сәуірінде № 178-VIII ҚРЗ жаңа Су кодексі қабылданды.
Осыған орай, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 10.06.2025 жылғы №87 өкіміне сәйкес 4 нормативтік құқықтық актілер қабылдау тапсырылды.
Бүгінгі күні нормативтік құқықтық актілердің барлығы, яғни «Су объектілерінде жаппай демалуға, туризм мен спортқа арналған орындарды белгілеу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2025 жылғы 03 қыркүйектегі № 173 қаулысы, «Қызылорда облысының ирригациялық және коллекторлық-дренаждық жүйелерді пайдаланудың қағидаларын бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2025 жылғы 05 қыркүйектегі № 174 қаулысы және «Қызылорда облысының су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2025 жылғы 22 қазандағы № 201 қаулысы және «Қызылорда облысында ортақ су пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2025 жылғы 9 желтоқсандағы № 211 шешімі қабылданды.