Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында жүргізіліп жатқан шаралар туралы анықтама

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
бағытында жүргізіліп жатқан шаралар туралы
Анықтама

Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мен басқармаға бағынысты мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында шаралар тұрақты түрде қабылданып келеді.Басқарманың сенім телефондары, басқарма басшылығының азаматтар мен заңды тұлғаларды жеке мәселелермен қабылдау кестесі ресми-интернет ресурстарда және жергілікті баспасөз газеттерінде жарияланды.
Басқарма мен басқармаға бағынысты мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттарды қамтитын құқықтық бұрыштамалар орналастырылды.
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру бойынша
2025 жылға арналған іс-шаралар жоспары әзірленіп бекітілді.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша басқарма және бағынысты мекемелермен 5 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі және бұл қызметтер толығымен электронды форматта көрсетілуде.Атап айтсақ:
1.«II санаттағы объектілер үшін әсер етуге арналған экологиялық рұқсатты беру» мемлекеттік қызметі бойынша электронды үкімет порталы арқылы – 81 экологиялық рұқсат берілді.
2.«Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызметі бойынша электронды үкімет порталы арқылы – 172 қорытынды берілді.
Анықтама: Оның ішінде: ІІ санат объектілері бойынша – 81; ІІІ санат объектілері бойынша – 56; Өзге жобалар – 35.
3.«Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметі бойынша электронды үкімет порталы – 274 рұқсат берілді.
4.«Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметі бойынша электронды үкімет порталы арқылы – 281 рұқсат берілді.
5.«Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік қызметі бойынша электронды үкімет порталы арқылы – 582 рұқсат берілді.
2025 жылдың 12 айында электронды үкімет порталы арқылы 1 390 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Басқармаға түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауап беру кезінде олардың мерзімдерін бұзылу деректері орын алған жоқ.
Сонымен қатар 2025 жылы басқарма басшысы мен орынбасарларының төрағалығымен басқарма ұжымы мен басқармаға бағынысты мекемелердің қатысуымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алуға бағытталған 12 рет жиналыстар өткізіліп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алуға бағытталған шаралар жүргізу туралы бірқатар тапсырмалар берілді.
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы табиғат пайдаланушылармен берілетін есепті тапсыру барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу үшін есептерді қабылдау электронды форматқа өтіп, emission.orda.gov.kz порталы арқылы жүргізілуде.
Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу мақсатында табиғат пайдаланушыларға аңшылық алқаптарды бекітіп беру бойынша конурстар өткізу жұмыстары толық автоматтандырылды. Конкурс электронды түрде Gosreestr.kz порталы арқылы жүргізіліп, жеңімпаздар портал арқылы анықталуда.

Дата публикации
09 января 2026