Қалдықтарды басқару бойынша
Облыс бойынша 2025 жылдың III тоқсан қорытындысымен жинақталған 230 715 тонна қатты тұрмыстық қалдықтардың 75 630 тоннасы өңделді (32,8%).
Облыс бойынша қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және өңдеу саласында 17 кәсіпкерлік субъектілері жұмыс жасауда.
Қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинауды, сұрыптауды және қайта өңдеуді енгізу нәтижесімен көмілетін қалдықтар көлемі қысқаруда.
«Smart Rubber» ЖШС автокөліктердің шиналарынан резеңке ұнтақтарын (гранула) шығаруда. «Қызылорда Қағазы» ЖШС макулатура, картон қалдыктарын жинақтап, қағаз өнімдерін (әжетхана қағазын) шығаруда. «Қарасақал» ЖК макулатура, пластик, картон қалдыктарын жинақтауды арнайы қабылдау пунктінде жүзеге асыруда. «Август» ЖК және «Абай Даулет» ЖШС пластик, картон калдыктарын сұрыптап, жинактауда.
Облыс бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған барлығы – 9921 дана контейнерлер, оның ішінде, қалдықтарды бөлек жинауға арналған – 2 184 дана арнайы контейнерлер орналасқан.
Облыстың 145 елді мекендерінде полигон қызметі үшін жалпы көлемі 402 гектар жер учаскелері белгіленген.
Бүгінгі күні, облыстағы 7 полигонға (4,82%) экологиялық және санитарлық рұқсат құжаттары алынған.
2024 жылы Сырдария ауданындағы (Тереңөзек кенті) сұрыптау кешені бар қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының құрылысына облыстық бюджеттен 475,5 млн.теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары аяқталды. Жаңа полигон пайдалануға берілді.
Өңірде «Жасыл Даму» акционерлік қоғамының қалдықтарды басқару саласындағы жобаларды қаржыландыруы арқылы қалдықтарды сұрыптау және өңдеу саласында жалпы құны 95,6 млрд.теңгені құрайтын 9 жобаларды іске асыру бағытында жұмыстар жүруде.
Ағымдағы жылдың 8 шілдесінде облыс әкімі, Парламент Мәжілісінің депутаттары және Экология және табиғи ресурстар министрінің қатысуымен жалпы құны 34,5 млрд.теңгені құрайтын Қызылорда қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау, өңдеу және кәдеге жарату зауытының капсуласы салынды.
Бүгінгі күні қуаттылығы жылына 300 мың тонна қалдық сұрыптау қарастырылған Оңтүстік Корея технологиясы бойынша жұмыс жасайтын зауытының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, 1 жоба «Өнеркәсіпті дамыту қорының» сараптама кезеңдерінен толық өткізіліп (Жаңақорған ауданы - «Ком Хоз Жаңақорған» ЖШС, жоба құны - 159,5 млн. тг.), қаржыландыру үшін тиісті келісім-шарт жасалды
(25.07.2025 ж.). Желтоқсан айында сұрыптау кешені жеткізілетін болады.
Арал ауданындағы жоба мақұлданды, келісім-шарт жасалуда.
Қалған 7 жоба бойынша тиісті өтінімдер ұсынылып, Қордың сараптамасынан өтуде.