Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша
Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен табиғат пайдаланушыларға, жеке және заңды тұлғаларға 2025 жылдың ІІ-тоқсанында электронды үкімет порталы арқылы 743 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Атап айтсақ:
1. «II санаттағы объектілер үшін әсер етуге арналған экологиялық рұқсатты беру» мемлекеттік қызметі бойынша электронды үкімет порталы арқылы – 38 экологиялық рұқсат берілді.
2. «Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызметі бойынша электронды үкімет порталы арқылы – 93 қорытынды берілді.
Оның ішінде:
ІІ санат объектілері бойынша –38;
ІІІ санат объектілері бойынша – 35;
Өзге жоба (иные проекты) – 20.
3. «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметі бойынша электронды үкімет порталы арқылы – 21 рұқсат берілді.
4. «Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметі бойынша электронды үкімет порталы арқылы – 102 рұқсат берілді.
5. «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік қызметі бойынша электронды үкімет порталы арқылы – 489 рұқсат берілді.