2025 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар

Орман шаруашылығы бойынша
Облыс аумағында мемлекеттік орман қоры жерлерінің жалпы көлемі 7,3 млн. га құрайды, оның 3,8 млн. га орманды алқаптар.
Облыстағы ормандарды қорғау, сақтау, және молықтыру мақсатында 8 орман шаруашылығы мекемелерінде 744 қызметкерлер жұмыс жасайды.
2025 жылы 100 га жерге Арал теңізінің құрғаған ұлтанында фитоорманмелиорациялық жұмыстары жоспарлануда, оның ішінде 15 мың га жерге сексеуіл көшеті отырғызылып, 85 мың га жерге галофитті тұқымдар себіледі.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы көктем айында 2024 жылғы егілген екпелердің шығымдылығы төмен алқаптардың 13 250 га жеріне толықтыру жұмыстары жүргізілді.
Қазіргі таңда фитоорманмелиорациялық және көгалдандыру жұмыстарына қажетті сексеуіл мен саялы ағаш көшеттерін өсіретін 148 га уақытша орман тұқымбақтары ұйымдастырылуда.
Орман қорының санитарлық жағдайын бақылау үшін 188,2 мың га жерге орман патологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді.
2025 жылы орман шаруашылығы мекемелері мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша ағаш кесу және орман билеті, барлығы 489 (орман билеті-479, ағаш кесу-10) жеке және заңды тұлғаларға беріліп, облыстық бюджетке 14,2 млн. теңге түсті.
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде заң бұзушылықтарды алдын-алу, оны анықтау мақсатында 139 рейдтер ұйымдастырылып, оның ішінде орман тәртібін бұзушылықтар бойынша 23 жағдайы анықталды.
Анықталған жағдай бойынша 198,7 мың теңге айыппұл мен табиғатқа келтірілген 49,5 мың тенге зиян толығымен өндірілген. Қалған фактілер бойынша істер құқық қорғау органдарына жолданған.
2025 жылдың 27 ақпанында Қызылорда облысы аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.
Орман өртін болдырмау және алдын алу мақсатында орман шаруашылығы мекемелерінде 15 дана өрт сөндіру автокөлігі мен 65 тұрақты өрт сөндірушілер қызмет атқарады.
Өрт қауіпті учаскелерде 498 шақырымға жаңадан өрт жолақтары жүргізілсе, 6005 шақырымға ескі өрт жолақтары салынуда. Өрт қауіпті аймақтарда 128 дана аншлагтар орналастырылуда, 1886 дана елді мекендердегі тұрғындар мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерге ескерту хаттар таратылып, бұқаралық ақпарат құралдарына 15 рет мақалалар жарияланды.
Орман мекемелерінің материалды-техникалық базасын нығайту үшін жергілікті бюджеттен 438,5 млн. теңге бөлініп, ҚР «Мемлекеттік сатып алу» Заңына сәйкес жұмыстар жүргізілуде.
Анықтама ретінде: сатып алынатын 2 дана өрт сөндіру көлігі,1 дана трактор көлігі,59 дана мотоцикл техникасы,2 дана жылжымалы өрт цистернасы,10 (Пн-4-35: ПКЛ-70) соқа, 40 дана радиостанция, 18 дана навигатор, 4 дана ұұа (дрон) және басқада құрал-жабдықтар.
Бұдан бөлек, Дүниежүзілік Банк қайтарымсыз қаржысы есебінен Қазалы ауданында сексеуіл, саялы ағаш көшеттерін дайындау үшін 33,5 га тұрақты орман тұқымбағын құру жұмыстары толығымен аяқталып, облыстық теңгерімге алынып, толық көлемде жұмыс жасауда.

Дата публикации
25 июля 2025