2025 жылғы 6 айында атқарылған жұмыстар

Қалдықтарды басқару бойынша
Облыс бойынша 2025 жылдың ІІ тоқсан қорытындысымен жинақталған
153 820 тонна қатты тұрмыстық қалдықтардың 48 520 тоннасы өңделді (31,5%).
Облыс бойынша қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және өңдеу саласында 17 кәсіпкерлік субъектілері жұмыс жасауда.
Қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинауды, сұрыптауды және қайта өңдеуді енгізу нәтижесімен көмілетін қалдықтар көлемі қысқаруда.
«Smart Rubber» ЖШС автокөліктердің шиналарынан резеңке ұнтақтарын (гранула) шығаруда. «Қызылорда Қағазы» ЖШС макулатура, картон қалдыктарын жинақтап, қағаз өнімдерін (әжетхана қағазын) шығаруда. «Қарасақал» ЖК макулатура, пластик, картон қалдыктарын жинақтауды арнайы қабылдау пунктінде жүзеге асыруда. «Август» ЖК және «Абай Даулет» ЖШС пластик, картон калдыктарын сұрыптап, жинактауда.
Облыс бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған барлығы –
9 546 дана контейнерлер, оның ішінде, қалдықтарды бөлек жинауға арналған –
2 184 дана арнайы контейнерлер орналасқан.
Облыстың 145 елді мекендерінде полигон қызметі үшін жалпы көлемі
402 гектар жер учаскелері белгіленген.
Бүгінгі күні, облыстағы 8 полигонға (5,5%) экологиялық және санитарлық рұқсат құжаттары алынған.
2024 жылы Сырдария ауданындағы (Тереңөзек кенті) сұрыптау кешені бар қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының құрылысына облыстық бюджеттен
475,5 млн.теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары аяқталды. Жаңа полигон пайдалануға берілді.
Өңірде «Жасыл Даму» акционерлік қоғамының қалдықтарды басқару саласындағы жобаларды қаржыландыруы арқылы қалдықтарды сұрыптау және өңдеу саласында жалпы құны 95,6 млрд.теңгені құрайтын 9 жобаларды іске асыру бағытында жұмыстар жүруде.
Жоба бастамашыларымен жобаларды қаржыландыруға «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-на өтінімдер жолданып, сараптамалардан өтуде.
Ағымдағы жылы 8 шілдесінде облыс әкімі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары және ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі қатысуымен Қызылорда қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау, өңдеу және кәдеге жарату зауытының капсуласы салынды.
Бүгінгі күні қуаттылығы жылына 300 мың тонна қалдық сұрыптау қарастырылған жалпы құны 34,5 млрд.теңгені құрайтын Оңтүстік Корея технологиясы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау, өңдеу және кәдеге жарату зауытының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Дата публикации
25 июля 2025