Су шаруашылығы бойынша
2025 жылдың 21 шілдедегі жағдайы бойынша Нарын-Сырдария каскадында орналасқан су қоймаларында (Тоқтағұл, Қайраққұм, Әндіжан, Шарбақ, Шардара су қоймалары) жинақталған су көлемі 17,2 млрд. текше метрді құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,9 млрд. текше метрге кем.
Бүгінгі күні, Шардара су қоймасындағы су көлемі 1,0 млрд. текше метрді құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,5 млрд. текше метрге кем. Оның Сырдария өзенінің төменгі ағысына 370 текше метрі жіберілуде.
2025 жылғы 5 сәуірде Самарқан қаласында Сырдария өзені бойынша Қазақстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түркіменстан мен Өзбекстан Республикасы қатысуларымен Мемлекетаралық үйлестіруші су шаруашылығы комиссиясының 88-отырысы өтті.
Мемлекет Басшысының Жолдауында «Ирригация жүйелері жалпы су шаруашылығы мәселесімен мұқият айналысу, көктемгі қарқын суды жинап, оны дихандардың қажетіне жарату мақсатында гидрология бекеттерін жөндеп, жаңғырту» қажеттігін тапсырды. Бұл бағытта, облыста бірқатар жұмыстар атқарылды.
ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 28 тамыздағы №694 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының су саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарына» облыстан жалпы соммасы 148,3 млрд. теңге болатын 112 жоба ұсынылды.
Оның ішінде су жинау көлемі 775 млн. м3 болатын «Қараөзек» су қоймасын салу мәселесін Ислам Даму Банкі есебінен қаржыландыру үшін Су ресурстары және ирригация министрлігімен бірлесіп жұмыстар жүргізілуде (жоба құны 3,8 млрд.теңге).
Сонымен қатар, Ислам Даму Банкі есебінен қаржыландыруға облыс бойынша бірінші кезекте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуі тиіс 4,914 млрд. теңге болатын 8 жоба ұсынылды.
«Климатқа оңтайлы су ресурстарын дамыту 1-кезең» жобасы аясында Арал ауданындағы «Қара-арық», Қазалы ауданындағы «Ішкі», «Нартай», Шиелі ауданындағы «Базар арығы» каналдары мен «Қызылорда облысында Қараөзек тармағында су жинақтауға арналған су қоймасын салу» жобалары ұсынылды.
«Қызылорда қаласының жағалау аймақтарын абаттандыру мақсатында, Қызылорда қаласы аумағындағы Сырдария өзенінің арнасын тазалау» жобасын жүзеге асыру мақсатында «Арна» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен Сырдария өзені жағалауынан топырақ алушы қаланың 12 мердігер мекемелер Ынтымақтастық туралы Меморандумға отырды және «Арна» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мамандарымен Сырдария өзенінің сол жағалауына қайтадан түсірілім жасалып, бұрынғы жобаға өзгерістер енгізілді.
Сонымен қатар, «Арна» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі Қармақшы ауданы Көмекбаев ауылындағы «Қарақ» учаскесінде орналасқан 5 көзді су тоспаға күрделі жөндеу жүргізілді.
«РЗА» АҚ-ның «Қызылорда облысы, Қазалы ауданында 825,11 га (дақылдарды егу үшін) суармалы жер учаскесін құру» бойынша сыртқы инфрақұрылым объектілерін салу (сорғы станциясы, тарату құбыры)» жобасын, «Қызылорда қаласын абаттандыру мақсатында Қызылжарма науа каналының құрылысы» жобасын және «Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Манап ауылындағы Талап бекетіндегі артизан құрылысы» жобаларын іске асыру мақсатында респубдикалық бюджеттен қаржыландыру үшін ҚР Су ресрустары және ирригация министрлігіне бюджеттік өтінім ұсынылды.