Балық шаруашылығы
Облыс аумағында Кіші Арал теңізі, Сырдария өзені және балық шаруашылығына маңызы бар 201 көлдер бар. Оның ішінде, Кіші Арал теңізі толықтай және 164 көл конкурстық негізде 5-49 жылдарға табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілсе, 37-сы (Арал-2, Қазалы-11, Қармақшы-6, Жалағаш-3, Сырдария-6, Жаңақорған-1, Шиелі-5, Қызылорда-3) резервтік қорда.
Балық аулау
2025 жылдың 2-ші тоқсанында 3110,281 тонна балық ауланды.
Ең үлкен кәсіпшілік балық аулау Кіші Арал теңізінде жүргізіледі (93%) қалған 7% жергілікті су айдындарында.
Балық экспорты:
2025 жылдың 6 айы бойынша 2028,7 тонна балық өнімдері 8 шет мемлекеттеріне экспортталды.
Бүгінгі күні облыста 11 балық өңдеу зауыттары жұмыс жасауда. Оның 4-уінде Еуропалық Одақ елдеріне балық өнімдерін экспорттау құқығын беретін «Еврокод» нөмірлері бар.
Анықтама: Экспортталатын балықтардың негізгі түрлері: тыран, торта, алабұға, шортан, көксерке. Сондай-ақ, өңделген өнімдер түрінде көксерке сүбесі, тыран қанаттары, балық фаршы, балық сүбесі, мұздатылғанбалық және балықұны.
Тауарлы балық өсіруді (аквакультура) дамыту бойынша:
2017 жылдан 2024 жыл аралығында көл-тауарлы балық шаруашылықтарымен 3 077,6 тонна балық өсірілді (2017 ж – 105тн, 2018 ж – 125 тн, 2019 ж – 144 тн, 2020 ж – 155 тн, 2021 ж – 184 тн, 2022 ж – 526,4 тн, 2023 ж – 875тн,
2024 ж – 1001,2 тн).
2025 жылы көл-тауарлы балық шаруашылықтарымен 1 426 тонна тауарлы балық өсіру жоспарлануда.
Бүгінгі күні, облыс бойынша 1 тұйық жүйелі сумен қамтамасыз ету құрылғысы, 12 тоған шарушылығы, 6 тор қоршамада балық өсіру шаруашылығы толығымен іске қосылып, көл-тауарлы балық шаруашылықтарының саны 76-ға жетті.
2025 жылы облыстық бюджеттен балық өсіру үшін балық жемін сатып алуға жұмсалатын шығыстардың 30%-ын субсидиялауға 10,1 млн.теңге қаржы бөлінген.
Балық қорғау шаралары
2025 жылы Облыс көлеміндегі күріштік алқаптарда қалған балық шабақтарын құтқару жұмыстарының іс-шаралар жоспары бекітілді.
Іс-шара жоспарына сәйкес, тамыз-қыркүйек-қазан айлары балық шабақтарын құтқару айлары болып жарияланып, орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерімен, қала және аудан әкімдіктерімен жұмысшы топтар құрылды.
Жануарлар дүниесі
Қызылорда облысында жалпы көлемі 9,8 млн.га болатын 41 аңшылық алқаптар бар, оның ішінде 27 аңшылық алқап табиғат пайдаланушыларға бекітіліп беріліп, 14 аңшылық алқап резервте тұр.
Анықтама: Облыс аймағында сүтқоректілердің 40-тан астам түрі және құстардың 300 түрі, оның ішінде, Қазақстанның Қызыл кітабына енген жануарлар мен құстардың 30 түрі мекендейді.
2025 жылғы 15 ақпаннан бастап 2026 жылғы 15 ақпанға дейінгі аралықта Экология және табиғи ресурстар министрлігімен Қызылорда облысына жалпы көлемі 107 390 дана жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимиті бекітілді. Оның ішінде жануарлардың 6 түріне – 28 518 дана, құстардың 7 түріне – 78 872 дана.
Жануарлар дүниесін пайдалану
«Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметі.
Жыл басынан жануарлар дүниесін пайдалануға 143 өтінім келіп түсті, оның ішінде 123 өтінімге рұқсат беріліп, 20 өтінім дәлелді бас тартылды.