2024 жылы мемлекеттік экологиялық саясаттың жергілікті деңгейде іске асырылу барысы туралы ақпарат
БАСҚАРМА БЮДЖЕТІ
2024 жылы бюджет көлемі 9 бюджеттік бағдарламасы бойынша –
7,468 млрд. теңге құрады.
2024 жылдың төлемдер бойынша қаралған қаржы
7,468 млрд. теңге құрап, оның 7,429 млрд. теңгесі игеріліп, 99,5 %-ға орындалды.
СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БОЙЫНША
Мемлекет Басшысының Жолдауында «Ирригация жүйелері жалпы су шаруашылығы мәселесімен мұқият айналысу, көктемгі қарқын суды жинап, оны дихандардың қажетіне жарату мақсатында гидрология бекеттерін жөндеп, жаңғырту» қажеттігін тапсырды. Бұл бағытта, облыста бірқатар жұмыстар атқарылды.
ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 28 тамыздағы №694 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының су саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарына» облыстан жалпы соммасы 148,3 млрд. теңге болатын 112 жоба ұсынылды.
Оның ішінде су жинау көлемі 775 млн. м3 болатын «Қараөзек» су қоймасын салу мәселесін Ислам Даму Банкі есебінен қаржыландыру үшін Су ресурстары және ирригация министрлігімен бірлесіп жұмыстар жүргізілуде (жоба құны 3,8 млрд.теңге).
Кешенді жоспарға енгізілген «Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының Келінтөбе магистралды каналына су беретін канал» жобасын жүзеге асыруға 2024 жылға республикалық бюджеттен 488 млн.теңге, облыстық бюджеттен 50,2 млн.теңге бөлініп, игерілді. Жоба аясында ұзындығы 6,1 шақырымды құрайтын айналма канал қазылды.
Сонымен қатар, Ислам Даму Банкі есебінен қаржыландыруға облыс бойынша бірінші кезекте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуі тиіс 5,173 млрд. теңге болатын 8 жоба ұсынылды.
Ағымдағы жылы облыстық бюджеттен 27,5 млн.теңге бөлініп, облыстық коммуналдық меншіктегі 2 су қоймасының (Көлтоған, Манап) жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, мемсараптаманың қарауына енгізілді және 60,4 млн.теңгеге 3 су қоймасына (Көлтоған, Манап, Қыраш) көп факторлы тексеру жүргізу мен қауіпсіздік декларациясын рәсімдеу жұмыстары жүргізілді.
Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес, облыстың елді мекендеріндегі су нысандарын тазалау және гидротехникалық құрылыстардың жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында облыс әкімдігінің 2024 жылғы 06 маусымдағы №92 қаулысымен «Арна» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды.
Мемлекеттік мекеменің мақсаты облыстық коммуналдық меншіктегі гидротехникалық құрылыстар мен су шаруашылығы жүйелерін күтіп ұстау, пайдалануға енгізу, сондай-ақ қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жүзеге асыру, елді мекендердің тыныс-тіршілігін аяқ сумен қамтамасыз ету болып табылады.
Ағымдағы жылы облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, «Арна» КММ-і арқылы 6,8 млн.теңгеге Сырдария ауданы С. Сейфуллин ауылдық округіндегі ұзындығы 1,8 шақырым болатын «Құрымбек» каналына тазалау мен гидротехникалық құрылысын жөндеу және 9,2 млн.теңгеге Тереңөзек кентіндегі ұзындығы 3,5 шақырым болатын «Айтбай арығы» каналына тазалау, гидротехникалық құрылысына жөндеу жұмыстары атқарылды.
Сонымен бірге, Көлтоған су қоймасының аппаттық жағдайын алдын алу үшін арнасын тазалау мен уақытша бөгетін нығайту жұмыстары атқарылды.
БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Облыс аумағында Кіші Арал теңізі, Сырдария өзені жәнебалық шаруашылығына маңызы бар 201 көлдер бар. Оныңішінде, Кіші Арал теңізі толықтай және 174 көл конкурстық негізде 5-49 жылдарға табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілсе, 26-сы (Арал-2, Қазалы-7, Қармақшы-4, Жалағаш-2, Сырдария-4,Жаңақорған-1, Шиелі-4, Қызылорда-3) резервтік қорда.
Балық аулау
2024 жылдың 11 айында облыс бойынша – 4333,1 тонна балық ауланды.
1). Кіші Арал теңізі – 4135,8 тонна
2). Жергілікті көлдер – 197,3 тонна
Ең үлкен кәсіпшілік балық аулау Кіші Арал теңізінде жүргізіледі (93%) қалған 7% жергілікті су айдындарында.
Балық экспорты:
2024 жылдың 12 айы бойынша 4 052 тонна балық өнімдері 13 шет мемлекеттеріне экспортталды.
Анықтама: 2023 жылы 3394,3 тонна балық өнімдері шет елдеріне экспортталды.
Бүгінгі күні облыста 10 балық өңдеу зауыттары жұмыс жасауда. Оның 4-уінде Еуропалық Одақ елдеріне балық өнімдерін экспорттау құқығын беретін «Еврокод» нөмірлері бар.
Анықтама: Экспортталатын балықтардың негізгі түрлері: тыран, торта, алабұға, шортан, көксерке. Сондай-ақ, өңделген өнімдер түрінде көксерке сүбесі, тыран қанаттары, балық фаршы, балық сүбесі, мұздатылғанбалық және балықұны.
Тауарлы балық өсіруді (аквакультура) дамыту бойынша:
2017 жылдан 2023 жыл аралығында көл-тауарлы балық шаруашылықтарымен 2 076,4 тонна балық өсірілді (2017 ж – 105тн, 2018 ж – 125 тн, 2019 ж – 144 тн, 2020 ж – 155 тн, 2021 ж – 184 тн, 2022 ж – 526,4 тн, 2023 ж – 875тн).
2024 жылы көл-тауарлы балық шаруашылықтарымен 1 000 тонна тауарлы балық өсіру жоспарлануда.
Қызылорда облысында балық шаруашылығын дамытудың
2021-2030 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы:
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің тапсырмасына сәйкес, «Қызылорда облысында балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған өңірлік Бағдарламасы» әзірленіп, облыс әкімдігімен 2020 жылғы 30 қазанда №127 қаулысымен бекітілді.
Бағдарламаға сәйкес 2030 жылға дейін 16 тор қоршамада балық өсіру шаруашылығы, 12 тоған шаруашылығы, 3 тұйық жүйелі сумен қамтамасыз ету құрылғылары іске қосылуы және көлде тауарлы балық өсіру шаруашылықтарының саны 55-ке жеткізу жоспарланған.
Бүгінгі күні, облыс бойынша 2 тұйық жүйелі сумен қамтамасыз ету құрылғысы, 8 тоған шарушылығы, 6 тор қоршамада балық өсіру шаруашылығы толығымен іске қосылып, көл-тауарлы балық шаруашылықтарының саны 76-ға жетті.
2023 жылы облыстық бюджеттен балық өсіру үшін балық жемін сатып алуға жұмсалатын шығыстардың 30%-ын субсидиялауға 9,1 млн.теңге қаржы бөлінген.
Өз кезегінде, Жаңақорған ауданы «Ислам» ШҚ-ы атынан 9,1 млн. теңге қаржыға балық жемін сатып алу субсидиясы бойынша келіп түскен өтінімдер Басқармамен мақұлданып, субсидияланды.
«2024 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау» бойынша 9 524 млн т. бөлініп, 6 балық өсіру шаруашылықтары толығымен субсидияланды.
Балық қорғау шаралары
2024 жылы Облыс көлеміндегі күріштік алқаптарда қалған балық шабақтарын құтқару жұмыстарының іс-шаралар жоспары бекітілді.
Іс-шара жоспарына сәйкес, тамыз-қыркүйек-қазан айлары балық шабақтарын құтқару айлары болып жарияланып, орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерімен, қала және аудан әкімдіктерімен жұмысшы топтар құрылды.
Бүгінгі күнге, 7 млн-нан астам балық шабақтары құтқарылып, балық шаруашылығы су айдындарына жіберілді.
Анықтама :2023 жылы облыс аумағында орналасқан күріш алқаптарында, каналдарда, бөлектеніп қалған су айдындарында шабақ құтқару жұмыстары жүргізіліп, 324 адам қатысып, 42 дана техника қолданылып, 7,7 млн. дана балық шабақтары құтқарылып балық шаруашылығына маңызы бар су айдындарына жіберілді.
ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ
Қызылорда облысында жалпы көлемі 9,8 млн.га болатын 41 аңшылық алқаптар бар, оның ішінде 25 аңшылық алқап табиғат пайдаланушыларға бекітіліп беріліп, 16 аңшылық алқап резервте тұр.
2021 жылы «Қызылорда облысы аңшылық алқаптарының ақпараттық - анықтамалық картасы сайтын әзірлеу» жобасы аяқталып, қазіргі уақытта жұмыс жасап тұр.
Анықтама: Облыс аймағында сүтқоректілердің 40-тан астам түрі және құстардың 300 түрі, оның ішінде, Қазақстанның Қызыл кітабына енген жануарлар мен құстардың 30 түрі мекендейді.
2024 жылғы 15 ақпаннан бастап 2025 жылғы 15 ақпанға дейінгі аралықта Экология және табиғи ресурстар министрлігімен Қызылорда облысына жалпы көлемі 168 189 дана жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимиті бекітілді. Оның ішінде жануарлардың 6 түріне – 61 974 дана, құстардың 7 түріне – 106 215 дана.
2023 жылғы 15 ақпаннан бастап 2024 жылғы 15 ақпанға дейінгі аралықта Экология және табиғи ресурстар министрлігімен Қызылорда облысына жалпы көлемі 38 011 дана жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимиті бекітілді. Оның ішінде жануарлардың 4 түріне – 9 167 дана, құстардың 6 түріне – 28 844 дана.
Анықтама: 2024 жылы (қабан – 2 718, қарсақ – 49, түлкі – 975, қоян – 33 122,
ондатр – 24 500, борсық – 610, қаз – 12 274, үйрек – 37 123, қасқалдақ – 25 837,
қырғауыл – 20 309, шіл – 863, кекілік – 675, кептер – 9134).
2023 жылы (қабан – 228, түлкі – 5, қоян – 8 842, борсық – 92, қаз – 1 639,
үйрек – 11 965, шіл – 90, қасқалдақ – 4 894, кептер – 280, қырғауыл – 9 976).
Жануарлар дүниесін пайдалану
«Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметі
Жыл басынан жануарлар дүниесін пайдалануға 417 өтінім келіп түсті, оның ішінде 387 өтінімге рұқсат беріліп, 30 өтінім дәлелді бастартылды.
Сонымен бірге, ағымдағы жылы жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат берілген рұқсаттар бойынша бюджетке 182 млн. теңге түсті.
ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Облыс аумағында мемлекеттік орман қоры жерлерінің жалпы көлемі 7,0 млн. га құрайды, оның 3,8 млн. га орманды алқаптар.
Облыстағы ормандарды қорғау, сақтау, және молықтыру мақсатында 8 орман шаруашылығы мекемелерінде 729 қызметкерлер жұмыс жасайды.
Мемлекет басшысының бес жыл ішінде Арал теңізінің құрғаған ұлтанында 1,1 млн.га сексеуіл екпелерін ұлғайту жөнінде тапсырмасын орындау мақсатында облыстық деңгейде 2024 жылы 100 мың гафитоорманмелиорациялық жұмыстары толығымен орындалды.
Сонымен қатар, облыстық бюджеттен 58,4 млн. теңге бөлініп, Арал теңізінің құрғаған ұлтанының 150 мың га топырақ зерттеу және жобалау жұмыстары жүргізілді.
Жыл басынан бері мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша ағаш кесу және орман билеті, барлығы 585 (орман билеті-566, ағаш кесу-19) жеке және заңды тұлғаларға беріліп, облыстық бюджетке 23,9 млн. теңге түсті.
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде заң бұзушылықтарды алдын-алу, оны анықтау мақсатында 291 рейдтер ұйымдастырылып, оның ішінде орман тәртібін бұзушылықтар бойынша 64 жағдайы анықталды.
2024 жылдың 29 ақпанында Қызылорда облысы аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.
Орман өртін болдырмау және алдын алу мақсатында орман шаруашылығы мекемелерінде 13 дана өрт сөндіру автокөлігі мен
65 тұрақты өрт сөндірушілер қызмет атқарады.
Қазіргі таңда, өрт қауіпті учаскелерде 6445 шақырымға өрт жолақтары қалпына келтірілді, 107 дана аншлагтар мен паннолар орналастырылды, 1993 дана елді мекендердегі тұрғындар мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерге ескерту хаттар таратылып, бұқаралық ақпарат құралдарына 23 рет мақалалар жарияланды.
Орман мекемелерінің материалды-техникалық базасын нығайту үшін 102,5 млн. теңге бөлініп, қажетті техника мен құрал саймандар сатып алынды.
Анықтама ретінде: 33 мотоцикл (Арал-6, Қазалы-5, Қызылорда-6, Шиелі-7,Жаңақорған-9), 1 Нива (Сырдария),1 Дрон (Жалағаш), 1 трактор (Сырдария), 5 орман отырғызу агрегаты (Қазалы-3, Қармақшы-2), 15 навигатор (Қазалы-5, Қармақшы- 5, Жалағаш-5), 10 мотопомпа (Арал-3, Қазалы-5, Жалағаш-2), байланыс құралдары (15 навигатор Қазалы-5, Қармақшы-5, Жалағаш-5,мобилді радиостанция Қвзвлы-6,арқаға асатын радиостанция Қазалы-2, Қармақшы-3, жалағаш-8, Шиелі-7, GPS навигатор Қызылорда-1) және т.б.
Бұдан бөлек, Дүниежүзілік Банк қайтарымсыз қаржысы есебінен «Қазақстан Республикасында ландшафтарды қалпына келтіру» жобасы аясында Қазалы ауданында сексеуіл, саялы ағаш көшеттерін дайындау үшін тұрақты орман тұқымбағын құру жұмыстары және Қызылорда қаласы маңындағы Қызылорда-Жезқазған автожолы бойындағы орман қоры жерінің 3 мың гектарына жасыл аймақ құру бойынша сексеуіл көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілді.
ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ БОЙЫНША
ҚР «Жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдамасының
қалдықтарды басқару бағыты бойынша 3 нысаналы индикатор аясында шаралар атқарылуда.
Облыс бойынша қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және өңдеу саласында 17 кәсіпкерлік субъектілері жұмыс жасауда.
Қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинауды, сұрыптауды және қайта өңдеуді енгізу нәтижесімен көмілетін қалдықтар көлемі қысқаруда. «Адима» жеке кәсіпкері Жалағаш кентінде картон қалдықтары мен макулатурадан эковата шығаруда. «Қызылорда Қағазы» ЖШС макулатура, қартон қалдықтарын жинақтап, қағаз өнімдерін (әжетхана қағазы) шығаруда. «Қарасақал» жеке кәсіпкерлігі Қызылорда қаласы, Тасбөгет кентінен макулатура, қартон, пластмасса, пластик қалдықтарын қабылдауда. «Абай-Даулет» ЖШС-мен пластик бөтелкелерін сұрыптап, жинақтауды жүзеге асыруда. Тиісті есептілік ақпарат Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне жолданды.
2024 жылы облыс тұрғындарының 72,0 % тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және тасымалдау қызметімен қамтамасыз етілген.
Облыс бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған барлығы – 9 546 дана контейнерлер бар. Оның ішінде, қалдықтарды бөлек жинауға арналған – 1 844 дана арнайы контейнерлер (874 – құрамында сынабы бар шамдарға, 50 – тағам қалдықтарына, 911 – пластикалық бөтелкелерге, 9 – макулатураға) орналасқан.
Облыстың 145 елді мекендерінде полигон қызметі үшін жалпы көлемі
402 гектар жер учаскелері белгіленген.
Бүгінгі күні, облыстағы 8 полигонға (5,5%) экологиялық және санитариялық рұқсат құжаттары алынған.
Сырдария ауданындағы (Тереңөзек кенті) полигон жобасына мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды, полигон құрылысына облыстық бюджеттен 475,5 млн.теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары аяқталды. Нысан 20.11.2024 ж. қабылданды.
Өңірде «Жасыл Даму» акционерлік қоғамының қалдықтарды басқару саласындағы жобаларды қаржыландыруы арқылы қалдықтарды сұрыптау және өңдеу саласында жалпы құны 42,5 млрд.теңгені құрайтын 9 жобалар бойынша жұмыстар жүруде.
Бұл жобалар облыстың барлық ауданын және Қызылорда қаласын қамтиды. Инвесторлар анықталды. Қаржыландыруға «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-на өтінімдер жолданып, сараптамалардан өткізілуде.
2024 жылы «Қазақстан Ғарыш Сапары» мекемесімен ғарыштық түсірілім арқылы облыс аумағында 118 стихиялық қоқыс орындары анықталып, толығымен тазартылды.
МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛГЕН ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША
Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен 2024 жылдың 12 айында 5 мемлекеттік қызмет түрі бойынша 1137 электронды үкімет порталы арқылы қызмет көрсетілді.
Атап айтсақ:
1.«II санаттағы объектілер үшін әсер етуге арналған экологиялық рұқсатты беру» қызметі бойынша– 90 экологиялық рұқсат берілді.
Облыстық бюджетке қоршаған ортаға эмиссия үшін төленетін төлемақы бойынша 1млрд. 208 млн. 111 мың 950 теңге түсім түсті.
Оның ішінде:
ІІ санат объектілері бойынша –90;
ІІІ санат объектілері бойынша – 85;
Өзге жоба (иные проекты) – 22.
Облыстық бюджетке 21 млн. 472 мың 322 теңге түсті
Қоғамдық тыңдаулар.
2024 жылдың 12 айында барлығы 308 қоғамдық тыңдаулар өткізілді.
Ашық отырыс нысанында өткізілген қоғамдық тыңдаулар саны 231 және жария талқылау нысанындағы қоғамдық тыңдаулар саны 77.
Бөлім қызметкерлері қоғамдық тыңдауларға онлайн, zoom қосымшасы арқылы қатысып, өткізілген қоғамдық тыңдаулардың хаттамалары басқарманың ресми интернет ресурсында орналастырылды.
Сонымен қатар, ІІІ санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға әсер ету туралы қабылданған декларациялар бойынша 125 оператор есебін қабылдады.