2025 жылдың 3 сәуірдегі жағдайы бойынша Нарын-Сырдария каскадында орналасқан су қоймаларында (Тоқтағұл, Қайраққұм, Әндіжан, Шарбақ, Шардара су қоймалары) жинақталған су көлемі 18,3 млрд. текше метрді құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,3 млрд. текше метрге артық.
Бүгінгі күні, Шардара су қоймасындағы су көлемі 4,6 млрд. текше метрді құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 202 млн. текше метрге кем. Оның Сырдария өзенінің төменгі ағысына 100 текше метрі жіберілуде.
Көксарай су реттегішіне жиналған су көлемі 1,4 млрд. текше метрді құрайды.
2025 жылдың басынан бері Солтүстік Арал теңізіне 1,1 млрд.текше метр су түсті, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 182 млн. текше метрге артық. Теңіздегі судың көлемі 23,4 млрд. текше метрді құрайды. Бүгінгі күнге теңізге секундына 140 текше метр су түсуде.
Мемлекет Басшысының Жолдауында «Ирригация жүйелері жалпы су шаруашылығы мәселесімен мұқият айналысу, көктемгі қарқын суды жинап, оны дихандардың қажетіне жарату мақсатында гидрология бекеттерін жөндеп, жаңғырту» қажеттігін тапсырды. Бұл бағытта, облыста бірқатар жұмыстар атқарылды.
ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 28 тамыздағы №694 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының су саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарына» облыстан жалпы соммасы 148,3 млрд. теңге болатын 112 жоба ұсынылды.
Оның ішінде су жинау көлемі 775 млн. м3 болатын «Қараөзек» су қоймасын салу мәселесін Ислам Даму Банкі есебінен қаржыландыру үшін Су ресурстары және ирригация министрлігімен бірлесіп жұмыстар жүргізілуде (жоба құны 3,8 млрд.теңге).
Сонымен қатар, Ислам Даму Банкі есебінен қаржыландыруға облыс бойынша бірінші кезекте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуі тиіс 5,173 млрд. теңге болатын 8 жоба ұсынылды.
Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес, облыстың елді мекендеріндегі су нысандарын тазалау және гидротехникалық құрылыстардың жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында облыс әкімдігінің 2024 жылғы 06 маусымдағы №92 қаулысымен «Арна» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды.
Ағымдағы жылы мекеме арқылы елді мекен тұрғындарын аяқ сумен қамтамасыз ету, экологиялық жағдайларын жақсарту және су шаруашылығы нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік жасау үшін ағымдағы жылдың I тоқсанында барлығы 41,7 млн.теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстарын атқару үшін жоспарланған.
Бұл ретте, 24,4 мың.теңгеге Жаңақорған ауданы М. Нәлібаев ауылдық округінде орнасқан жалпы ұзындығы 7,5 шақырым болатын «К-2-6-1» және «К-2-6-2-1» қашыртқыларына толық тазалау жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, 0,4 млн.теңгеге Қармақшы ауданы Т. Көмекбаев ауылдық округінде орналасқан «Қарақ» су тоспасының 2450 м3 жер жұмысы атқарылуда. Аталған жұмыс ағымдағы жылдың маусым айында аяқталу жоспарлануда.