Облыс аумағында мемлекеттік орман қоры жерлерінің жалпы көлемі 7,3 млн. га құрайды, оның 3,8 млн. га орманды алқаптар.
Облыстағы ормандарды қорғау, сақтау, және молықтыру мақсатында 8 орман шаруашылығы мекемелерінде 729 қызметкерлер жұмыс жасайды.
2025 жылы 100 га жерге Арал теңізінің құрғаған ұлтанында фитоорманмелиорациялық жұмыстары жоспарлануда, оның ішінде 15 мың га жерге сексеуіл көшетін отырғызу, 85 мың га жерге галофитті тұқымдар себу жоспарлануда.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы көктем айында 2024 жылғы егілген екпелердің шығымдылығы төмен алқаптардың 13250 га жеріне толықтыру жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі таңда фитоорманмелиорациялық және көгалдандыру жұмыстарына қажетті сексеуіл мен саялы ағаш көшеттерін өсіретін 148 га уақытша орман тұқымбақтары ұйымдастырылуда.
Орман қорының санитарлық жағдайын бақылау үшін көктем және күз айларында 376,3 мың га жерге орман патологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
2025 жылы орман шаруашылығы мекемелері мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша ағаш кесу және орман билеті, барлығы 354 (орман билеті-344, ағаш кесу-10) жеке және заңды тұлғаларға беріліп, облыстық бюджетке 10,9 млн. теңге түсті.
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде заң бұзушылықтарды алдын-алу, оны анықтау мақсатында 89 рейдтер ұйымдастырылып, оның ішінде орман тәртібін бұзушылықтар бойынша 23 жағдайы анықталды.
2025 жылдың 27 ақпанында Қызылорда облысы аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.
Орман өртін болдырмау және алдын алу мақсатында орман шаруашылығы мекемелерінде 13 дана өрт сөндіру автокөлігі мен
65 тұрақты өрт сөндірушілер қызмет атқарады.
Өрт қауіпті учаскелерде 498 шақырымға жаңадан өрт жолақтары және 6005 шақырымға ескі өрт жолақтары қалпына келтірілді. Өрт қауіпті аймақтарда 139 дана аншлагтар мен паннолар орналастырылады, 1146 дана елді мекендердегі тұрғындар мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерге ескерту хаттар таратылып, бұқаралық ақпарат құралдарына 6 рет мақалалар жарияланды.
Орман мекемелерінің материалды-техникалық базасын нығайту үшін жергілікті бюджеттен 438,5 млн. теңге бөлінді.
Анықтама ретінде: сатып алынатын: 2 дана өрт сөндіру көлігі,1 дана трактор көлігі,59 дана мотоцикл техникасы,2 дана жылжымалы өрт цистернасы,10 (Пн-4-35: ПКЛ-70) соқа, 40 дана радиостанция, 18 дана навигатор, 4 дана ұұа (дрон) және басқада құрал-жабдықтар.