2024 жылдың 12 айында басқармамен көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы

Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен 2024 жылдың 12 айында 5 мемлекеттік қызмет түрі бойынша  1137 электронды үкімет порталы арқылы қызмет көрсетілді.

Атап айтсақ:

1.«II санаттағы объектілер үшін әсер етуге арналған экологиялық рұқсатты беру» қызметі бойынша– 90 экологиялық рұқсат берілді. 

Облыстық бюджетке қоршаған ортаға эмиссия үшін төленетін төлемақы бойынша  1млрд. 208 млн. 111 мың 950 теңге түсім түсті.

  1. «Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» қызметі бойынша – 197 қорытынды берілді.

Оның ішінде:

ІІ санат объектілері бойынша –90;

ІІІ  санат объектілері бойынша – 85;

Өзге жоба (иные проекты) – 22.

  1. «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» қызметі бойынша – 280 рұқсат берілді.
  2. «Ағаш кесу және орман билетін беру» қызметі бойынша – 570 рұқсат құжаты берілді.

Облыстық бюджетке 21 млн. 472 мың 322 теңге түсті

  1. «Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау, сондай-ақ асыл тұқымды балық шаруашылығын дамытуды субсидиялау» - жыл басынан бері барлығы 6 рұқсат беріліп, 9524 теңге субсидияланды.

Қоғамдық тыңдаулар.

2024 жылдың 12 айында барлығы 308 қоғамдық тыңдаулар өткізілді.

Ашық отырыс нысанында өткізілген қоғамдық тыңдаулар саны 231 және жария талқылау нысанындағы қоғамдық тыңдаулар саны 77.

Бөлім қызметкерлері қоғамдық тыңдауларға онлайн, zoom қосымшасы арқылы қатысып, өткізілген қоғамдық тыңдаулардың хаттамалары басқарманың ресми интернет ресурсында орналастырылды.

Сонымен қатар, ІІІ санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға әсер ету туралы қабылданған декларациялар бойынша 125 оператор есебін қабылдады.

Дата публикации
14 января 2025