Қызылорда облысының табиғи ресурстар
және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының
2016 жылғы "___"___________№_______
бұйрығына 3-қосымша
"Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік экологиялық сараптама бөлімінің Ережесі
1) Бөлім басшысы;
2) Бас маман;
3) Статист;
4) Статист;
5) Әдіскер;
6) Әдіскер;
7) Әдіскер;
- өз құзыреті шегінде II, III және IV санаттағы объектілерінің мемлекеттік экологиялық сараптамасын ұйымдастырады, табиғат пайдаланушыларға II, III және IV объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар береді;
- мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын органдарға барлық қажетті құжаттама берілген кезден бастап II санаттағы объектілер үшін - бір айдан, III және IV санаттардағы объектілер үшін он жұмыс күнінен аспауға, ал алдын ала сараптамадан өткізу мерзімі құжаттаманың мемлекеттік экологиялық сараптамаға келіп түскен күнінен үш жұмыс бес жұмыс күннен аспауға тиіс. Табыс етілген құжаттама толық болмаған жағдайда ол табыс еткен тұлғаға қайтарылады;
- қоршаған ортаға эмиссиялар үшін өтінімдер беру, II санаттағы объектілер үшін - қолданыстағы рұқсат мерзімі аяқталғанға дейін не жаңа объект пайдалануға берілгенге дейін бір айдан кешіктірілмей, III, IV санаттағы объектілер үшін - он жұмыс күнінен және кешіктірілмей жүзеге асырылады. Рұқсат беретін орган өтінім тіркелген күннен бастап II санаттағы объектілер үшін күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімде, III, IV санаттағы объектілер үшін күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде өтінімді оның толықтығы және осы Кодекстің талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды;
- қоршаған ортаға эмиссиялар үшін табиғат пайдаланушыларға рұқсат беруді ұйымдастырады және табиғат пайдаланушылардың қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алған заңды және жеке тұлғалар туралы мәліметтерді Қызылорда облысы бойынша экология департаментімен Салық департаментіне және қала, аудан әкімдіктеріне хабарламалар электронды түрде жолданып отыруды ұйымдастырады.
Функциялары:
1) жобалау-сметалық құжаттама бойынша жүргізілген мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалардың, сондай-ақ, ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындыларының негізінде, өз құзыреті шегінде кәсіпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектілерді салуға, реконструкциялауға (кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға) немесе күрделі жөндеуге тыйым салады немесе рұқсат береді;
2) өз құзыреті шегінде шаруашылық қызмет объектілерінің мемлекеттік экологиялық сараптамасын ұйымдастырады және жүргізеді;
3) өз құзыреті шегінде қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар береді, оларда қоршаған ортаға эмиссияларға лимиттер белгілейді;
4) мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу кезінде қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырады;
5) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауды және қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын сыртқы сарапшыларды (жеке және заңды тұлғаларды) сараптамалық жұмыстар жүргізуге тартады;
6) қоғамдық экологиялық сараптама жүргізудің тіркелуін жүзеге асырады;
7) өз құзыреті шегінде табиғат қорғау іс-шараларының жоспарларын келіседі;
8) өз құзыреті шегінде II, III және IV санат объектілерінің мемлекеттік экологиялық сараптамасын ұйымдастырады, табиғат пайдаланушыларға II, III және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар береді, табиғат қорғау іс-шараларын жүргізеді, табиғат пайдалануды реттейді.
- мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу үшін белгіленген тәртіппен экологиялық сарапшылық комиссияларын, топтарын құруға, жұмысқа қатысуға отандық және шетелдік мамандарды, сондай-ақ заңды тұлғаларды тартуға;
- сарапшылық бөлімшелерінің, құрылатын комиссиялар мен топтардың қызметіне бақылау жасауды жүзеге асыруға;
- мемлекеттік экологиялық сараптаманың сараптама кеңестерін басқаруға, олардың қызметін ұйымдастыруға;
- мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу әдістерін айқындауға;
- Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сай келмейтін, мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылған материалдарды қабылдамай тастауға;
- есептеулерде қате және одан да олқылықтар жіберілген, оны түзету қосымша зерделеулерді, іздестіру жұмыстарын не қосымша қаражат бөлуді қажет ететін құжаттар мен материалдарды пысықтау үшін қайтаруға;
- мемлекеттік экологиялық сараптама сараптама қорытындыларына қол қоюға;
- сараптама объектісін іске асырудың қоршаған ортаға жағымсыз зардаптарын куәландыратын мән-жайлар анықталған не тапсырыс беруші жоғарыда аталған қорытынды талаптарын орындамаған кезден бастап бір ай ішінде бұрын берілген мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындыларын кері қайтарып алуға;
- мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге қажетті қосымша материалдарды сұратуға;
- мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы алынбаған объектілер туралы мәліметтерді банктер мен өзге де қаржы ұйымдарына табыс етуге;
- Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту туралы мәселелерді шешу үшін тиісті материалдар дайындап, құқық қорғау органдары мен өзге де органдарға тапсыруға құқығы бар;
- мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу кезінде сараптама бөлімшелерінің басшылары тәуелсіз болады және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес іс-әрекет жасайды;
- сараптама бөлімшелері басшыларының тәуелсіздігі қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және жергілікті атқарушы органдар бекітетін, оларды тағайындау және қызметтен босату тәртібі мен Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де шарттарды қамтитын олар туралы ережелермен қамтамасыз етіледі.
1) Бөлімнің басқа бөлімдерімен үйлесімді жұмыс жасауына тікелей басшылық жасау, бөлім қызметкерлерінің жұмысын жоспарлау, қауымдастыру;
2) Бөлімге келіп түскен хаттар мен арыздарды мерзімде қарап, уақытылы жауап берілуін қадағалау;
3) Бөлімге жүктелген жұмыс көлемін орындауды ұйымдастыру, басқарма тапсырыс беруші болатын мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеуге және өз құзыретіндегі жұмыстар бойынша мемлекеттік сатып алу конкурстарына қатысу;
4) бөлім мамандарының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
5) өз өкілеттіктері шеңберінде бөлімнің қызметін үйлестіреді;
6) жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.