Жануарлар дүниесін қорғау және балық шаруашылығын дамыту бөлімі

Қызылорда облысының табиғи ресурстар

және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының

2016 жылғы "___"___________№_______

бұйрығына 6-қосымша

 

«Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жануарлар дүниесін қорғау және балық шаруашылығын дамыту бөлімінің Ережесі

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Жануарлар дүниесін қорғау және балық шаруашылығын дамыту бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының (бұдан әрі - басқарма) құрылымдық  бөлімшесі болып табылады, өз құзыреті шегінде балық ресурстарын қорғау, молайту және балық шаруашылығын дамыту жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
  2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. Бөлімнің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен басқарма басшысы бекітеді.
  4. Бөлім 7 адамнан тұрады. Оның ішінде 1 мемлекеттік қызметші және                            6 штаттан тыс қызметкер:

         1) Бөлім басшысы;

         2) статистик;

         3) статистик;      

         4) статистик;

         5) әдіскер;

         6) әдіскер;

         7) әдіскер.

 

  1. Жануарлар дүниесін қорғау және балық шаруашылығын дамыту бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

 

  1. Міндеттері:

         Су айдынындағы жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану шараларының іске асырылуын қамтамасыз етеді;

  1. Функциялары:

         1) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

         2) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі өзінің ведомстволық бағыныстағы органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіруді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

         3) жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін бекіту туралы облыс әкімдігі қаулысының жобасын әзірлейді;

         4) жануарлар дүниесін пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдау туралы ұсыныстар әзірлейді;

         5) жануарларға ауырып қалған, бекітіліп берілмеген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде олардың қырылу қаупі төнген жағдайда оларға көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;

         6) аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары үшін жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптарды бекітіп беру бойынша конкурстар өткізеді;

         7) бір облыстың аумағында орналасқан, халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын бекітіп беру бойынша конкурстар өткізеді;

         8) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру, сондай-ақ, қолдан өсіру жөніндегі қызметті ұйымдастырады;

         9) аңшылық алқаптарының резервтік қорында жануарлар дүниесін қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

         10) балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорын қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

         11) ғылыми ұсынымдар негізінде балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттауды жүргізеді;

         12) рекреациялық балық аулау аймағын белгілеу туралы ұсыныстар әзірлейді;

         13) балық шаруашылығы учаскелерінің шекараларын белгілеу, ұйықтарды (ұйықтық учаскелерді) ашу және жабу туралы ұсыныстар әзірлейді;

         14) екі және одан да көп облыс аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшін аулау, сондай-ақ сирек кездесетін және құрып бара жатқан жануарлар түрін қоспағанда, жануарлар әлемін пайдалануға рұқсат береді;

  1. Құқықтары:

         - Бөлімнің функцияларын атқару үшін мемлекеттік органдардан, кәсіпорындар мен мекемелерден қажетті мәліметтер мен ақпараттарды сұрау және алу;

         - Жергілікті балық шаруашылығына маңызы бар су айдындары тізіміне енбеген су айдындарын тізімге тіркеуге және шығаруға ұсыныс беруге;

         - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар;

         - Облыс көлеміндегі балық ресурстарын пайдалану және молайту заңдылықтарын бақылау жасау;

         - Балық шаруашылығына, жергілікті ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға ықпал ету. Балық өнімдерін тиімді пайдалану, сақтау және қорғау жөніндегі іс-шаралардың жасалуына, іске асырылуына бақылау жасау.

        

  1. Жануарлар дүниесін қорғау және балық шаруашылығын дамыту бөлімінің қызметін ұйымдастыру

 

  1. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.
  2. Бөлім басшысы бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
  3. Бөлім басшысы осы мақсатта:

         1) бөлімнің басқа бөлімдермен үйлесімді жұмыс жасауына тікелей басшылық жасау, бөлім қызметкерлерінің жұмысын жоспарлау, қауымдастыру;

         2) бөлімге келіп түскен хаттар мен арыздарды мерзімді қарап, уақытылы жауап берілуін қадағалау;

         3) бөлімге келіп түскен хаттар мен арыздарды мерзімінде қарап, уақытылы жауап берілуін қадағалау;

         4) бөлімге жүктелген жұмыс көлемін орындауды ұйымдастыру, басқарма тапсырыс беруші болатын мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеуге және өз құзыретіндегі жұмыстар бойынша мемлекеттік сатып алу конкурстарына қатысу;

         5) бөлім мамандарының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

         6) өз өкілеттіктері шеңберінде бөлімнің қызметін үйлестіреді;

жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

  1. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлімнің атынан құжаттарға бөлімнің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын маман қол қояды.
Дата публикации
28 августа 2020