Қызылорда облысының табиғи ресурстар
және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының
2017 жылғы "___"___________№_______
бұйрығына 5-қосымша
"Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің су ресурстары бөлімінің Ережесі
1) Бөлім басшысы;
2) Бас маман;
3) Статист;
4) Әдіскер;
5) Әдіскер.
Облыс көлеміндегі коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарын басқару және оларды қорғау жөніндегі шараларының іске асырылуын қамтамасыз етеді;
1) коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарын басқарады, оларды қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
2) мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының есебін жүргізеді, иесіз су шаруашылығы құрылыстары табылған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген рәсәмдерді жүргізеді;
3) су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
4) бассейіндік су шаруашылығы басқармаларымен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша ауыз сумен жабдықтау көздерінің су қорғау аймақтарын белдеулерін және санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы облыс әкімдігі қаулысының жобасын әзірлейді;
5) бассейіндік су шаруашылығы басқармаларының келісімімен су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылық пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы облыс әкімдігі қаулысының жобасын әзірлейді;
6) конкурстық негізде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға береді;
7) бассейіндік кеңестердің жұмысына және бассейіндік келісімге қатысады, су объектілерін ұтымды пайдалану мен қорғау, елді мекендерді сумен жабдықтау, су бұру жөніндегі ұсыныстарды бассейіндік кеңестердің қарауына енгізеді, бассейіндік кеңестердің ұсынымдарын зерделейді, оларды іске асыру жөнінде шаралар қабылдайды;
8) су объектілерін ұтымды пайдалану және қорғау, елді мекендерді сумен жабдықтау, су бұру жөніндегі, оның ішінде жерді гидромелиорациялау, су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
9) тиісті аумақтарда су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешеді;
10) су шаруашылығы құрылыстарындағы авариялардың зардаптарын жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;
11) тиісті аумақтарда орналасқан су объектілерінің, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жай-күйі туралы халықты хабардар етуді жүзеге асырады;
12) жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын әзірлейді;
13) су пайдаланушылар арасында су пайдалану лимиттерін бөлу туралы облыс әкімдігі қаулысының жобасын әзірлейді;
14) Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Табиғат" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны арқылы Қызылорда қаласының аяқ сумен үздіксіз қамтамасыз етілуін ұйымдастырады.
- Бөлімнің функцияларын атқару үшін мемлекеттік органдардан, кәсіпорындар мен мекемелерден қажетті мәліметтер мен ақпараттарды сұрау және алу;
- Жергілікті су шаруашылығы нысандары бойынша ұсыныс беруге;
- Облыс көлеміндегі су шаруашылығы нысандарын қорғау және пайдалану заңдылықтарына бақылау жасау;
- Облыс көлеміндегі су шаруашылығы нысандарын пайдалану, сақтау және қорғау жөніндегі іс-шаралардың жасалуына, іске асырылуына бақылау жасау;
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар.
1) Бөлімнің басқа бөлімдерімен үйлесімді жұмыс жасауына тікелей басшылық жасау, бөлім қызметкерлерінің жұмысын жоспарлау, қауымдастырады;
2) Бөлімге келіп түскен хаттар мен арыздарды мерзімде қарап, уақытылы жауап берілуін қадағалайды;
3) Су ресурстарына экономикалық талдау, сараптау жүргізеді.
4) Бөлімге жүктелген жұмыс көлемін орындауды ұйымдастыру, басқарма тапсырыс беруші болатын мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеуге және өз құзыретіндегі жұмыстар бойынша мемлекеттік сатып алу конкурстарына қатысады.
5) Жобалық-сметалық құжаттардың сапасын бақылайды, мемлекеттік экологиялық сараптамалардың мерзімінде бекітілуін қамтамасыз етеді;
6) Техникалық қадағалау қызметін ұйымдастырады;
7) Облыс көлеміндегі су ресурстарын пайдалану заңдылықтарының сақталуына ұсыныс береді. Су объектілерін пайдалануды қабылдау кезіндегі комиссияның мүшелігіне кіреді;
8) Мемлекеттік емес ұйымдармен су пайдалану жөніндегі тексеруді бірлесіп жүзеге асырады;
9) Су ресурстарын пайдалану жөніндегі ақпарларды жинайды, қажетті органдарға тапсыруды ұйымдастырады;
10) Жоғарғы атқарушы органдарға су ресурстарын пайдаланудың тиімді жобаларын ұсынады;
11) Коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарын қорғау жөніндегі шараларды ұйымдастырады;
12) Су ресурстарына қатысты шығындардың бюджеттік өтінімін дайындайды және оның орындалуын қадағалайды. Шығындардың техникалық экономикалық негіздемелерін әзірлейді;
13) Бассейіндік су шаруашылығы басқармаларымен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық сауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен келісім бойынша ауыз сумен жабдықтау көздерінің су қорғау аймақтарын, белдеулерін және санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу жұмыстарын жүргізеді;
14) Облыс көлеміндегі су ресурстарын пайдалану жөніндегі заңдылықтарға өз құзыреті шегінде бақылау жасайды;
15) Бөлім жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді;