Табиғат қорғау шараларын іске асыру бөлімі

Қызылорда облысының табиғи ресурстар

және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының

2016 жылғы "___"___________№_______

бұйрығына 4-қосымша

 

"Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің табиғат қорғау шараларын іске асыру бөлімінің Ережесі

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Табиғат қорғау шараларын іске асыру бөлімі (бұдан әрі - бөлім) Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының (бұдан әрі - басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.    2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  2. Бөлімнің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен басқарманың басшысы бекітеді.
  3. Бөлім 4 адамнан тұрады. Оның ішінде 2 мемлекеттік қызметші және штаттан тыс 2 қызметкер:

            1) Бөлім басшысы;

            2) Бас маман;

            3) Статист;

            4) Әдіскер.

 

  1. Табиғат қорғау шараларын іске асыру бөлімнің негізгі міндеттері

 

  1. Міндеті:

            Функциялары:

            1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

            2) құзыреті шегінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы келісімдер мен меморандумдар жасасады;

            3) қоршаған ортаны қорғау саласында құжаттар әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізеді, мұндай құжаттардың бастамашылық жобаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның қарауына береді;

            4) өз құзыреті шегінде қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлейді;

            5) қалдықтарды жою және орналастыру жөніндегі объектілерді салуды қамтамасыз етеді;

            6) коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу кезінде экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;

            7) қалдықтардың пайда болу көлемдерін бақылауды жүзеге асырады және қалдықтардың пайда болу көлемдерін азайтуға, олардың қайтадан немесе баламалы түрде пайдаланылу деңгейін арттыруға және көмілуге тиіс қалдықтар көлемін қысқартуға бағытталған іс-шаралар мен экономикалық ынталандырулар әзірлейді;

            8) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен табиғи ресурстарды табиғат пайдалануға беру туралы шешім қабылдайды;

            9) тиісті аумақта тұрған табиғат объектілерінің жай-күйі туралы халықты хабардар етуді жүзеге асырады;

            10) қоршаған ортаны қорғау саласындағы инвестициялық жобаларды әзірлейді және оларды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынады;

            11) қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламалар әзірлеуді ұйымдастырады және олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

            12) коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуы нормаларын әзірлейді және жергілікті өкілді органдарға бекітуге ұсынады;

            13) коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласында қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуді ұйымдастырады;

            14) коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы облыс әкімдігінің қаулы жобасын әзірлейді;

            15) жер қойнауын пайдаланумен байланысты, экологиялық және рекреациялық маңызы бар объектілердің сақталуына жәрдемдеседі;

            16) парниктік газдар шығарындыларын азайту мен оларды сіңіру жөніндегі жобаларды әзірлейді және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келіседі.

  1. Құқықтары:

            - Бөлімнің функцияларын атқару үшін мемлекеттік органдардан, кәсіпорындар мен мекемелерден қажетті мәліметтер мен ақпараттарды сұрау және алу;

            - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар.

 

  1. Табиғат қорғау шараларын іске асыру бөлімінің құзыреті

 

  1. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен басқарма басшысы бекіткен басшы басқарады.
  2. Бөлімнің басшысы жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелетін міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
  3. Бөлім басшысы басқарма басшысына бөлімнің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.
  4. Бөлім басшысы осы мақсатта:

            1) Бөлімнің басқа бөлімдерімен үйлесімді жұмыс жасауына тікелей басшылық жасау, бөлім қызметкерлерінің жұмысын жоспарлау, қауымдастыру;

            2) Бөлімге келіп түскен хаттар мен арыздарды мерзімде қарап, уақытылы жауап берілуін қадағалау;

            3) Бөлімге жүктелген жұмыс көлемін орындауды ұйымдастыру, басқарма тапсырыс беруші болатын мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеуге және өз құзыретіндегі жұмыстар бойынша мемлекеттік сатып алу конкурстарына қатысу.

            4) бөлім мамандарының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

            5) өз өкілеттіктері шеңберінде бөлімнің қызметін үйлестіреді;

            6) жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

  1. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлімнің атынан құжаттарға бөлімнің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.
Дата публикации
28 августа 2020