Орман шаруашылығы бөлімі

Қызылорда облысының табиғи ресурстар

және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының

2017 жылғы "___"___________№_______

бұйрығына 3-қосымша

 

"Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің орман шаруашылығы бөлімінің

Ережесі

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Орман шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі - бөлім) Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының (бұдан әрі - басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Бөлімнің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен басқарманың басшысы бекітеді.
  4. Бөлім 5 адамнан тұрады. Оның ішінде 2 мемлекеттік қызметші және штаттан тыс 3 қызметкер:

            1) Бөлім басшысы;

            2) Бас маман;

            3) Статист;

            4) Статист;

            5) Статист.

 

  1. Орман шаруашылығы бөлімнің міндеттері, функциялары мен құқықтары.

 

  1. Міндеті:

            1) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру;

  1. Функциялары:

            1) мемлекеттік орман саясатын қалыптастыру және оны іске асыру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдауға қатысады;

            2) ормандарды күзетуді, қорғауды, молықтыру мен орман өсіруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, өзінің функционалдық қарауындағы мемлекеттік орман қоры аумағында орман пайдалануды реттейді;

            3) мемлекеттік орман қоры аумағында ормандағы өрттердің алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі іс-шаралардың жыл сайынғы жоспарларын әзірлейді, бекітеді және іске асырады;

            4) жеке және заңды тұлғаларды, сондай-ақ, ұйымдардың өрт сөндіру техникаларын, көліктері мен басқа да құралдарын ормандағы өрттерді сөндіруге тарту тәртібін әзірлейді, осы жұмысқа тартылған жеке тұлғаларды жүріп-тұру өрт сөндіру құралдарымен, тамақпен және медициналық көмекпен қамтамасыз етеді;

            5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өртке қарсы ерікті құрылымдардың жұмыс істеуіне жәрдемдеседі;

            6) орманда өрт қаупі болатын маусымда мемлекеттік орман қоры аумағында өрттерді сөндіру үшін жанар-жағармай материалдарының резервін жасайды;

            7) шаруа және фермер қожалықтары мен өзге де ауыл шаруашылығы ұйымдарының орман қорына іргелес аумақтардағы ауыл шаруашылығы алқаптарында, жайылымдық және шабындық жерлерге сабантүбін, аңыздарды және өзге де өсімдік қалдықтарын өртеуіне, қау шөбін өртеуіне бақылау жасауды қамтамасыз етеді;

            8) өртке қарсы насихатты, бұқаралық ақпарат құралдарында ормандарды сақтау, ормандарды өрт қауіпсіздігі ережелерін орындау туралы мәселелердің тұрақты берілуін ұйымдастырады;

            9) облыс аумағында ормандағы өртке қарсы күрес жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді, қажет болған жағдайда осы мақсатта арнайы комиссиялар құрады;      10) орман қоры аумағында орман зиянкестерімен және аурулармен күресті және орманның санитарлық жай-күйін жақсарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

            11) орман зиянкестері мен ауруларына қарсы күресте авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдық іс-шаралар жүргізген кезде, сондай-ақ, орманда өрт қаупі жоғары болып тұрған кезеңдерде жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы, орман пайдалану құқығын шектеу туралы шешім қабылдау үшін облыс әкімдігі қаулысының жобасын әзірлейді;

            12) уәкілетті органға беру үшін өзінің функционалдық қарауындағы орман қорының мемлекеттік есебі, мемлекеттік орман кадастры, мемлекеттік орман мониторингі жөнінде материалдар әзірлейді;

            13) өзінің функционалдық қарауындағы мемлекеттік орман қоры учаскелерінде аяқталған объектілерді және орман шаруашылығы іс-шараларын жүргізу нәтижесінде өндірілген дайын өнімдерді қабылдайды;

            14) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін (сүректі түбірмен босату үшін мөлшерлемелерді қоспағанда) жобаларын әзірлейді;

            15) уәкілетті органның және облыстың жергілікті өкілді органның қатысуымен өзінің қарауындағы мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді пайдалануға беру жөнінде тендерлер ұйымдастырады және өткізеді;

            16) өзінің функционалдық қарауындағы мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану құқығын, сондай-ақ ормандардың жай-күйіне және молықтырылуына қауіп төндіретін жұмыстарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтата тұрады, шектейді, тоқтатады;

            17)  орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген, өз қарауындағы мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер береді;

            18)  мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады;

            19) мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін сақтау мен күтіп ұстау ережелерін облыстық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;

            20) республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесі мен экологиялық желілерді дамыту, республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі ұсыныстарды уәкілетті органға енгізеду;

            21) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

            22) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану - ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді ұйымдастырады және оларға мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуді қамтамасыз етеді;

            23) жергілікті маңызы бар мемлекеттік-табиғи қорық қоры объектілерінің тізбесін, жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерді бекітеді;

            24) уәкілетті органмен келісе отырып, жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнінде шешімдер қабылдау туралы облыс әкімдігі қаулысының жобасын әзірлейді;

            25) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда, жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды функционалдық аймақтарға бөлудегі түзету жобаларын бекітеді;

            26) өзінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларын әзірлейді және бекітеді, оларды күзетуді, қорғауды және қалпына келтіруді, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргізуді қамтамасыз етеді;

            27) заңды тұлға мәртебесі бар жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар көрсететін қызметтер үшін тарифтер мөлшерін бекіту туралы облыс әкімдігі қаулысының жобасын әзірлейді;

            28) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрын жүргізуге қатысады;

            29) уәкілетті органмен келісе отырып, өзінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын әзірлейді және бекітеді және паспорттарды уәкілетті органга тіркеуге (қайта тіркеуге) береді;

            30) облыстың елді мекендерінің шекералары шегінде Қазақстан Республикасының орман қорына кірмейтін жасыл екпелерді егу, күтіп-ұстау және қорғау ережелерін облыстық мәслихатқа бекітуге ұсыну;

            31) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау аймақтары шегінде осы аумақтардың экологиялық жүйелерінің, экологиялық дәліздердің жай-күйіне, сондай-ақ оларды қорғау және пайдалану режиміне теріс әсер ететін қызметтің барлық түрін шектей отырып, осындай аймақтарды белгілеу жөнінде облыс әкімдігі қаулысының жобасын әзірлейді;

            32) өзінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің жай-күйіне, күзетілуіне, қорғалуына және пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

            33) жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғат ескерткіштері аумағының шекарасын және қорғау режимінің түрлерін бекіту туралы облыс әкімдігі қаулысының жобасын әзірлейді;

            34) облыстың жергілікті өқілді органына жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлем ставкаларын бекітуге ұсынады;

            35) жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарды тарату және олардың аумақтарын кішірейту туралы облыс әкімдігі қаулысының жобасын әзірлейді;

            36) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың барлық түрін құру үшін және резервте қалдыру жөнінде шешімдер қабылдау туралы облыс әкімдігі қаулысының жобасын әзірлейді;

            37) Қызылорда облысындағы жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау, қалалар және елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларына сәйкес жұмыстардың орындалуын ұйымдастырады.

  1. Құқықтары:

            - Бөлімнің функцияларын атқару үшін мемлекеттік органдардан, кәсіпорындар мен мекемелерден қажетті мәліметтер мен ақпараттарды сұрау және алу;

            - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар;

 

  1. Орман шаруашылығы бөлімінің қызметін ұйымдастыру

 

  1. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен басқарма басшысы бекіткен басшы басқарады.
  2. Бөлімнің басшысы жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелетін міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
  3. Бөлім басшысы басқарма басшысына бөлімнің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.
  4. Бөлім басшысы осы мақсатта:

            1) Бөлімнің басқа бөлімдерімен үйлесімді жұмыс жасауына тікелей басшылық жасау, бөлім қызметкерлерінің жұмысын жоспарлау, қауымдастыру;

            2) Бөлімге келіп түскен хаттар мен арыздарды мерзімде қарап, уақытылы жауап берілуін қадағалау;

            3) Бөлімге жүктелген жұмыс көлемін орындауды ұйымдастыру, басқарма тапсырыс беруші болатын мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеуге және өз құзыретіндегі жұмыстар бойынша мемлекеттік сатып алу конкурстарына қатысу.

            4) бөлім мамандарының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

            5) өз өкілеттіктері шеңберінде бөлімнің қызметін үйлестіреді;

            6) жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

  1. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлімнің атынан құжаттарға бөлімнің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.
Дата публикации
28 августа 2020