Қызылорда облысының табиғи ресурстар
және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының
2016 жылғы "___"___________№_______
бұйрығына 2-қосымша
"Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қаржы шаруашылығы бөлімінің
Ережесі
1) Бөлім басшысы;
2) Бас маман;
3) Әдіскер;
4) Статистик.
Функциялары:
1) Бөлімге келіп түскен хаттар мен арыздарды мерзімінде қарап, уақытылы жауап берілуін қамтамасыз ету;
2) "Мемлекеттік мекемелердің және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік есептілікті жасау мен ұсынудың ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 27 ақпандағы Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің бұйрығы.
3) "Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілеттік органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау ережесін бекіту туралы" 2013 жылғы 30 қазандағы №500 Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің бұйрығы.
4) "Қаржы есептілігін жасаудың және ұсынудың нысаны мен ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 8 шілдедегі №325 Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің бұйрығында және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді атқарады.
- Бөлімнің функцияларын атқару үшін мемлекеттік органдардан, кәсіпорындар мен мекемелерден қажетті мәліметтер мен ақпараттарды сұрау және алу;
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар;
1) Бөлімнің басқа бөлімдерімен үйлесімді жұмыс жасауына тікелей басшылық жасау, бөлім қызметкерлерінің жұмысын жоспарлау, қауымдастыру.
2) Бөлімге келіп түскен хаттар мен арыздарды мерзімде қарап, уақытылы жауап берілуін қадағалау;
3) Бөлімге жүктелген жұмыс көлемін орындауды ұйымдастыру, басқарма тапсырыс беруші болатын мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеуге және өз құзыретіндегі жұмыстар бойынша мемлекеттік сатып алу конкурстарына қатысу.
4) бөлім мамандарының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
5) өз өкілеттіктері шеңберінде бөлімнің қызметін үйлестіреді;
6) жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.