Financial and economic department

Қызылорда облысының табиғи ресурстар

және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының

2016 жылғы "___"___________№_______

бұйрығына 2-қосымша

 

"Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қаржы шаруашылығы бөлімінің

Ережесі

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Қаржы шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі - бөлім) Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының (бұдан әрі - басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Бөлімнің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен басқарманың басшысы бекітеді.
  4. Бөлім 4 адамнан тұрады. Оның ішінде 2 мемлекеттік қызметші және штаттан тыс 2 қызметкер:

            1) Бөлім басшысы;

            2) Бас маман;

            3) Әдіскер;

            4) Статистик.

 

  1. Қаржы шаруашылығы бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары.

 

  1. Міндеті:

            Функциялары:

            1) Бөлімге келіп түскен хаттар мен арыздарды мерзімінде қарап, уақытылы жауап берілуін қамтамасыз ету;

            2) "Мемлекеттік мекемелердің және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік есептілікті жасау мен ұсынудың ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы     27 ақпандағы Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің бұйрығы.

            3) "Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті  уәкілеттік органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау ережесін бекіту туралы" 2013 жылғы 30 қазандағы №500 Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің бұйрығы.

            4) "Қаржы есептілігін жасаудың және ұсынудың нысаны мен ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 8 шілдедегі №325 Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің бұйрығында және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді атқарады.

  1. Құқықтары:

            - Бөлімнің функцияларын атқару үшін мемлекеттік органдардан, кәсіпорындар мен мекемелерден қажетті мәліметтер мен ақпараттарды сұрау және алу;

            - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар;

 

  1. Қаржы шаруашылығы бөлімінің қызметін ұйымдастыру.

 

  1. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен басқарма басшысы бекіткен басшы басқарады.
  2. Бөлімнің басшысы жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелетін міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
  3. Бөлім басшысы басқарма басшысына бөлімнің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.
  4. Бөлім басшысы осы мақсатта:

            1) Бөлімнің басқа бөлімдерімен үйлесімді жұмыс жасауына тікелей басшылық жасау, бөлім қызметкерлерінің жұмысын жоспарлау, қауымдастыру.

            2) Бөлімге келіп түскен хаттар мен арыздарды мерзімде қарап, уақытылы жауап берілуін қадағалау;

            3) Бөлімге жүктелген жұмыс көлемін орындауды ұйымдастыру, басқарма тапсырыс беруші болатын мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеуге және өз құзыретіндегі жұмыстар бойынша мемлекеттік сатып алу конкурстарына қатысу.

            4) бөлім мамандарының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

            5) өз өкілеттіктері шеңберінде бөлімнің қызметін үйлестіреді;

            6) жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

  1. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлімнің атынан құжаттарға бөлімнің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.
Дата публикации
28 августа 2020