Әкімшілік бөлімі

Қызылорда облысының табиғи ресурстар

және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының

2016 жылғы "___"___________№_______

бұйрығына 1-қосымша

 

"Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің әкімшілік бөлімінің

Ережесі

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Әкімшілік бөлімі (бұдан әрі - бөлім) Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының (бұдан әрі - басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Бөлімнің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен басқарманың басшысы бекітеді.
  4. Бөлім 6 адамнан тұрады. Оның ішінде 2 мемлекеттік қызметші және штаттан тыс 4 қызметкер:

            1) Бөлім басшысы;

            2) Бас маман;

            3) Іс жүргізу жөніндегі инспектор;

            4) Әдіскер;

            5) Әдіскер;

            6) Әдіскер.

 

  1. Әкімшілік бөлімінің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары.

 

  1. Міндеті: Басқарма қызметін қамтамасыз ету

            Функциялары:

            1) ұйымдастыру және құқықтық қызмет;

            2) кадр қызметі;

            3) мемлекеттік құпияларды қорғау қызметін қамтамасыз ету;

            4) мемлекеттік сатып алу жұмыстарын ұйымдастыру қызметі;

            5) құжаттамалық қызмет;

            6) ақпараттық-талдау қызметі

            7) құқықтық оқуларды ұйымдастыру

            8) басқарма қызметкерлерінің арасында еңбек тәртібін сақтауды қадағалау

            9)басқарма кадрларының біліктілігін көтеру және қайта даярлау жұмыстарын жүргізу;

            10) берілген тапсырмаларды бақылау және бұйрықтарды дайындау.

            11) құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі шаралар қолданады;

            12) азаматтардың құқықтық тәрбиесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

            13) өз құзыреті шегінде жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;

            14) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады

  1. Бөлімнің құқықтары мен міндеттері:

            1) Бөлімнің құқықтары:

            - басқарма қызметкерлерін марапаттауға Қызылорда облысының әкімдігіне ұсыныстар беру;

            - мансаптық өсу жөнінде ұсынысты басқарма басшылығына ұсыну;

            - басқарма қызметкерлері арасында басқарма жұмысының сапасын және жағдайын жақсарту бағытында әр түрлі шаралар өткізу;

            - басқа да құқықтар.

            2) Бөлімнің міндеттері:

            - Облыс әкімі аппаратымен, облыстық бақылау органдарымен, басқа да жоғары органдардың аппаратымен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;

            - басқармаға бағынысты орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелердің директорларының ҚР заңнамаларында белгіленген шегінде қызметтері мен міндеттерін орындауына және олардың қызметін бақылау жұмыстарын үйлестіру және атқарушылық тәртіпті қамтамасыз ету;

            - "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және басқа да нормативтік құқықтық актілерге, шешімдерге және өкімдерге сәйкес қызметкерлерімен жұмыс жүргізу;

            -   басқарма аппаратының жұмысын қамтамасыз ету;

            -   құқықтық мәселелер бойынша жұмыс жасап, олардың шешімін табу;

            - басқарманың құрылымын, штат кестесін жасақтап, оны басқарма басшысына бекітуіне ұсыну;

            - Мемлекеттік сатып алу Заңына сәйкес, рәсімдер жүргізуге  және айлық, тоқсандық жарты жылдық есептерді тапсыру;

            - ҚР мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен өзара іс-әрекетте болып , тиісті жұмыстарды үйлестіру және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы Ережелері (Әдеп кодексі)талаптарын орындалуын қадағалау;

            - бөлім мамандарының өздеріне бекітілген жұмыстарының уақытылы, сапалы орындалуын қадағалау.

 

  1. Әкімшілік бөлімінің қызметін ұйымдастыру

 

  1. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.
  2. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.
  3. Бөлім басшысы бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
  4. Бөлім басшысы осы мақсатта:

            1) Бөлімнің басқа бөлімдерімен үйлесімді жұмыс жасауына тікелей басшылық жасау, бөлім қызметкерлерінің жұмысын жоспарлау, қауымдастыру;

            2) Бөлімге келіп түскен хаттар мен арыздарды мерзімде қарап, уақытылы жауап берілуін қадағалау;

            3) Бөлімге жүктелген жұмыс көлемін орындауды ұйымдастыру, басқарма тапсырыс беруші болатын мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеуге және өз құзыретіндегі жұмыстар бойынша мемлекеттік сатып алу конкурстарына қатысу;

            4) бөлім мамандарының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

            5) өз өкілеттіктері шеңберінде бөлімнің қызметін үйлестіреді;

            6) жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

  1. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлімнің атынан құжаттарға бөлімнің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.
Дата публикации
28 августа 2020