Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында жүргізіліп жатқан шаралартуралы АҚПАРАТ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

бағытында жүргізіліп жатқан шаралартуралы

АҚПАРАТ

 

Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен басқармаға бағынысты мекемелердесыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында шаралартұрақты түрде қабылданып келеді.

Басқарманың сенім телефондары, басқарма басшылығының азаматтар мен заңды тұлғаларды жеке мәселелермен қабылдау кестесі ресми-интернет ресурстарда және жергілікті баспасөз газеттерінде жарияланды.

          Басқарма мен басқармаға бағынысты мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттарды қамтитын құқықтық бұрыштамалар орналастырылды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу мен парасаттылық мәдениетін ілгерілету бойынша 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарлары әзірленіп бекітілді. 

          Басқармаға қарасты «Табиғат» МКК-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет туралы ереже бекітіліп, жауапты тұлға белгіленді. Комплаенс қызметтің жұмыс жоспары әзірленді. Басқарма мен басқармаға бағынысты мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттарды қамтитын құқықтық бұрыштамалар орналастырылды. Сонымен қатар, табиғат пайдаланушылармен  табиғат қорғау шараларының орындалуы туралы есептерді қабылдау эклектронды форматқа көшіріліп,

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша басқарма және бағынысты мекемелермен 4 қызмет түрлерікөрсетіледі және бұл қызметтер толығымен электронды форматта көрсетілуде.

Бүгінгі күнге дейінбасқармаға түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауап беру кезінде олардың мерзімдерін бұзылу деректері орын алған жоқ.

2022 жылдың қортындысыменбасқарманың қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстарыжүргізіліп, қорытындысымен бірқатар ұсынымдар әзірленді.

Сонымен қатар ағымдағы жылдың9 айындабасқарма басшысы
М. Құрманбаевтың төрағалығымен басқарма ұжымы мен басқармаға бағынысты мекемелердің қатысуымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алуға бағытталған 4 рет жиналыстар  өткізіліп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алуға бағытталған шаралар жүргізу туралы бірқатар тапсырмалар берілді.

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы табиғат пайдаланушылармен берілетін есепті тапсыру барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу үшін есептердіқабылдау электронды форматқа өтіп,  emission.orda.gov.kzпорталы арқылы жүргізілуде. 

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу мақсатында ағымдағы жылы табиғат пайдаланушыларға аңшылық алқаптарды бекітіп беру бойынша конкурстар өткізу жұмыстары толық автоматтандырылды. Конкурс электронды түрде  Gosreestr.kz порталы арқылы жүргізіліп, жеңімпаздар портал арқылы анықталуда.

 

Дата публикации
18 октября 2023