Экологиялық рұқсаттар беру, қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны ұсыну қағидаларын, әсер етуге экологиялық рұқсат бланкілерінің нысанын және оларды толтыру тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 9 тамыздағы № 319 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 10 тамызда № 23928 болып тіркелді

     

 

Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің м.а.
2021 жылғы 9 тамыздағы
№ 319 бұйрыққа
1-қосымша

 Экологиялық рұқсаттар беру, қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны, сондай-ақ әсер етуге арналған экологиялық рұқсат бланкілерінің нысандарын және оларды толтыру тәртібін ұсыну қағидалары

 1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы Экологиялық рұқсаттар беру, қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны, сондай-ақ әсер етуге арналған экологиялық рұқсат бланкілерінің нысандарын және оларды толтыру тәртібін ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасын ың Экология кодексінің 106-бабының 7-тармағына, 112-бабының 2-тармағына (бұдан әрі – Кодекс), "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1-тармақшасына сәйкес әзірленді және экологиялық рұқсаттар беру, қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны беру тәртібін айқындайды, сондай-ақ әсер етуге арналған экологиялық рұқсат бланкілерінің нысанына және оларды толтыру тәртібіне қойылатын талаптарды белгілейді.
  2. Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен анықтамалар:

      1) жеке кабинет – көрсетілетін қызметті алушының авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді және олардың өзгерістерін енгізу үшін өтініш беруге арналған электрондық кабинеті;

      2) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

      3) ластаушы заттардың шығарындылары-шығарындылар көздерінен атмосфералық ауаға ластаушы заттардың түсуі;

      4) сарқынды суларды шығару – сарқынды суларды жер үсті және жер асты су объектілеріне, жер қойнауына немесе жер бетіне ағызу құрылғысы мен орны;

      5) қоршаған ортаға әсер ету туралы декларация – рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті орган бекіткен өтініш беруші жасаған, қызметтің басталғаны туралы ақпарат беретін құжат;

      6) қоршаған ортаның ластануы – атмосфералық ауада, жер үсті және жер асты суларында, топырақта немесе жер бетінде ластағыш заттардың, жылудың, шудың, дірілдің, электромагнит өрістерінің, радиацияның мемлекет белгілеген қоршаған орта сапасының экологиялық нормативтерінен асатын мөлшерде (концентрацияларда, деңгейлерде) болуы;

      7) ластағыш заттар – қоршаған ортаға түскен кезде өздерінің сапалық немесе сандық сипаттамаларына орай табиғи ортаның табиғи тепе-теңдігін бұзатын, табиғи орта құрамдастарының сапасын нашарлататын, экологиялық залал не адамның өміріне және (немесе) денсаулығына зиян келтіруге қабілетті қатты, сұйық, газ тәрізді немесе бу тәрізді күйдегі кез келген заттар;

      8) мүдделі мемлекеттік органдар – объектіні іске асыру кезінде өздерінің функцияларын қозғайтын мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар;

      9) қозғалатын аумақ – өзінің шегінде қоршаған орта мен халық белгіленіп отырған қызметтің елеулі әсер етуіне ұшырауы мүмкін аумақ;

      10) қалдықтарды көму лимиті – қалдықтардың І және ІІ санаттағы объектілердің құрамына кіретін полигонда көмуге рұқсат етілген түрлері бойынша олардың шекті мөлшері (массасы);

      11) қалдықтардың жинақталу лимиті – I және II санаттағы объектілердің құрамына кіретін әрбір нақты орын үшін тиісті жинақтау орнында жинауға рұқсат етілген қалдықтардың түрлері бойынша шекті саны (массасы);

      12) маркерлік ластағыш заттар – өндірістің немесе технологиялық процестің нақты түрінің эмиссиялары үшін неғұрлым маңызды ластағыш заттар, олар осындай өндіріске немесе технологиялық процеске тән ластағыш заттар тобынан таңдап алынады және олардың көмегімен топқа кіретін барлық ластағыш зат эмиссиясының мәнін бағалауға болады;

      13) ең үздік қолжетімді техникалар (ЕҮҚТ) – қызмет түрлері мен оларды жүзеге асыру әдістерінің неғұрлым тиімді және үздік даму сатысы, бұл олардың қоршаған ортаға жағымсыз антропогендік әсер етуді болғызбауға немесе, егер бұл іс жүзінде жүзеге асырылмаса, барынша азайтуға бағытталған технологиялық нормативтер мен өзге де экологиялық шарттарды белгілеуге негіз болу үшін практикалық жарамдылығын куәландырады;

      14) рұқсат етілетін шығарындылар нормативі – экологиялық рұқсатта белгіленетін және ластағыш заттың не ластағыш заттар қоспасының атмосфералық ауаға шығару үшін рұқсат етілетін (рұқсат етілген) ең жоғары массасы ретінде айқындалатын экологиялық норматив;

      15) жол берілетін төгінді нормативі – экологиялық рұқсатта белгіленетін және ластағыш заттың мөлшері (массасы) не сарқынды сулардағы ластағыш заттар қоспасы ретінде айқындалатын, уақыт бірлігіне ағызуға жол берілетін (рұқсат етілген) ең жоғары экологиялық норматив;

      16) жол берілетін физикалық әсер ету нормативі – жылудың, шудың, дірілдің, иондаушы сәулеленудің, электромагниттік өрістердің кернеулігінің және табиғи ортаның компоненттеріне өзге де физикалық әсер етудің жол берілетін деңгейлері түрінде әрбір көз үшін белгіленетін, мұндай көзден болатын теріс физикалық әсер барлық басқа көздермен жиынтықта табиғи ортаға физикалық әсер етудің белгіленген жол берілетін шекті деңгейлерінен асып кетуге әкеп соқпайтын экологиялық норматив;

      17) эмиссиялар нормативтері – экологиялық рұқсатта белгіленетін эмиссиялардың шекті сандық және сапалық көрсеткіштерінің жиынтығы;

      18) I және II санаттағы объект – Кодекске 2-қосымшаның 1-бөлімінде (I санаттағы объектілер үшін) немесе 2-бөлімінде (II санаттағы объектілер үшін) көрсетілген қызметтің бір немесе бірнеше түрі шегінде жүзеге асырылатын стационарлық технологиялық объект (кәсіпорын, өндіріс), сондай-ақ объект орналастырылатын өнеркәсіптік алаң шегінде жүзеге асырылатын және эмиссиялардың көлеміне, санына және (немесе) қарқындылығына және осындай объектінің қоршаған ортаға теріс әсерінің өзге де нысандарына елеулі әсер етуі мүмкін онымен технологиялық тікелей байланысты кез келген өзге де қызмет түрлері;

      19) III санаттағы объект – Кодекске 2-қосымшаның 3-бөлімінде көрсетілген қызмет түрлері шегінде жүзеге асырылатын құрылыс объектісі (ғимарат, құрылысжай немесе олардың кешені) немесе алаң;

      20) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары – эмиссиялардың белгіленген нормативтерінің, қалдықтардың жинақталуы мен оларды көму лимиттерінің, күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастыру лимиттерінің (көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде) сақталуын қамтамасыз етуге қажетті, қоршаған ортаға теріс әсер етуді төмендетуге бағытталған іс-шаралар тізбесін қамтитын әсер етуге арналған экологиялық рұқсатқа қосымша;

      21) экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасы – технологиялық нормативтерге, эмиссиялар нормативтеріне қол жеткізуге бағытталған I санаттағы объектіні реконструкциялау, қайта жарақтандыру, жаңғырту жөніндегі жоспарланатын іс-шаралар кестесін көздейтін кешенді экологиялық рұқсатқа қосымша;

      22) өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы – қоршаған ортаға эмиссиялар деңгейінің, зиянды өндірістік факторлардың өлшемдері және (немесе) есеп-қисаптары, сондай-ақ табиғи, энергетикалық және өзге де ресурстарды тұтынудың іс жүзіндегі көлемі негізінде өндірістік процестің тиімділігін экологиялық бағалауды қамтамасыз ету бойынша I немесе II санаттағы объектілер үшін экологиялық рұқсатқа қосымша;

      23) ластаушы заттардың ағызылуы – сарқынды сулардағы ластаушы заттардың жер үсті және жер асты су объектілеріне, жер қойнауына немесе жер бетіне түсуі;

      24) технологиялық нормативтер – кешенді экологиялық рұқсатта:

      эмиссиялар көлемінің бірлігіндегі маркерлік ластағыш заттардың шекті саны (массасы);

      уақыт бірлігіне немесе өндірілетін өнімнің (тауардың), орындалатын жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бірлігіне есептелетін электр және (немесе) жылу энергиясының, өзге ресурстардың тұтынылу мөлшері түрінде белгіленетін экологиялық нормативтер;

      25) экологиялық шарттар – Қазақстан Республикасының экология заңнамасында белгіленген, осындай қызметке қолданылатын экологиялық талаптардың, сондай-ақ қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытындыларда қамтылған тұжырымдардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында I және II санаттағы объектілерді салуға және пайдалануға қойылатын жеке-дара талаптар;

      26) экологиялық рұқсат – жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың қоршаған ортаға теріс әсерді жүзеге асыру құқығын куәландыратын және қызметті жүзеге асырудың экологиялық шарттарын айқындайтын құжат;

      27) кешенді экологиялық рұқсат – ең үздік қолжетімді техникаларды қолдана отырып, қоршаған ортаның ластануын кешенді түрде болғызбауды қамтамасыз етуге, қоршаған ортаға жағымсыз антропогендік әсерді барынша азайтуға және бақылауға бағытталған құжат;

      28) әсер етуге арналған экологиялық рұқсат – II санаттағы объектілер мен 2021 жылғы 1 шілдеге дейін пайдалануға берілген I санаттағы объектілер үшін экологиялық рұқсат;

      29) эмиссиялар – антропогендік объектілерден босатылатын ластаушы заттардың атмосфералық ауаға, суға, жерге немесе оның астына түсуі.

 

 3-параграф. II санаттағы объектілер үшін әсер етуге экологиялық рұқсатты беру тәртібі

  1. "II санаттағы объектілер үшін әсер етуге экологиялық рұқсатты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

       "II санаттағы объектілер үшін әсер етуге арналған экологиялық рұқсатты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб – порталы (бұдан әрі – портал) арқылы "II санаттағы объектілер үшін әсер етуге арналған экологиялық рұқсатты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) осы Қағидалардың 11-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш (бұдан әрі – өтініш) беру арқылы жолдайды.

  1. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі өтінішті қоса берілген құжаттармен бірге ол келіп түскен күні порталда тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жібереді.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, қоршаған ортаға әсерді бағалау материалдарымен және эмиссиялар нормативтерімен бірге көзделіп отырған қызмет жобаларына мемлекеттік экологиялық сараптаманың рұқсаттары, қорытындылары туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

       Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде олардың толықтығын тексереді. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттар ұсынылған жағдайда, қабылдамаудың себептерін дәлелді негіздей отырып, осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында қараудан бас тарту жіберіледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында жазылған.

  1. Барлық талап етілетін мәліметтер мен қоса берілетін құжаттар объектілері үшін әсер етуге рұқсат алуға өтініште болған кезде көрсетілетін қызметті беруші ІI санаттағы объектілер үшін әсер етуге рұқсат беру бойынша Кодекстің 88-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес объектілерді салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жобалау құжаттамасына мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізеді.

      Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу кезеңінде II санаттағы объектілер үшін әсер етуге рұқсат беруге өтінішке және (немесе) оған қоса берілетін құжаттарға ескертулер болған кезде, көрсетілетін қызметті беруші өтініш берушіге өтінішті қарауға қабылдаған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде ескертулер жібереді.

      Өтініш беруші жіберілген ескертулерді ескертулер жіберілген күннен бастап бес күні ішінде жояды.

       Мемлекеттік экологиялық сараптама кодекстің 87-бабы 9) тармақшасының екінші бөлігіне сәйкес экологиялық рұқсаттар беру рәсімі шеңберінде жүргізіледі және мемлекеттік экологиялық сараптаманың жеке қорытындысы берілмейді.

  1. II санаттағы объектілер үшін әсер етуге рұқсат алуға өтінішті қарау мерзімдері мен ұзақтығы өтініш тіркелген күннен бастап отыз (отыз) жұмыс күнінен аспайды.
  2. II санаттағы объектілер үшін әсер етуге рұқсат алуға өтінішті қарау нәтижесі осы Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша II санаттағы объектілер үшін әсер етуге рұқсат беру немесе осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады.
  3. Ескертулер осы Қағидалардың 49-тармағында айқындалған мерзімдерде жойылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші II санаттағы объектілер үшін әсер етуге рұқсат беру бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды жібереді.
  4. Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" II санаттағы объектілер үшін әсер етуге рұқсат беру бойынша көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында сақталады.
  5. II санаттағы объектілер үшін әсер етуге рұқсатты қайта ресімдеу II санаттағы объектілер үшін әсер етуге рұқсат берілген объект операторының атауы өзгерген, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген жағдайларда жүзеге асырылады.

       II санаттағы объектілер үшін әсер етуге рұқсатты қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті алушылар портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса берумен осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша II санаттағы әсер етуге экологиялық рұқсатты қайта ресімдеуге өтініш береді.

  1. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі порталда қоса берілген құжаттармен бірге өтінішті түскен күні тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жібереді.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, Рұқсаттар, мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындылары туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушінің II санаттағы объектілер үшін әсер етуге рұқсат беру жөніндегі орындаушысы "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

  1. Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Кодекстің 108-бабының талаптарына сәйкестігін қарайды.

       Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі осы Қағидалардың 11-қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салуды қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

  1. Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында сақталады.
  2. Көрсетілетін қызметті беруші деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне Заңының 5-бабы 2-тармағы 11) тармақшасына сәйкес белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.
  3. II санаттағы объектілер үшін берілген әсер етуге экологиялық рұқсаттың көшірмесі экологиялық рұқсаттар беруді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың интернет-ресурсында орналастырылады.
  4. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым көрсетілетін қызметті алушыға әкімшілік актіні қабылдағаны немесе әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасағаны туралы белгілі болған күннен бастап 3 (үш) айдан кешіктірілмей:

      шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға);

       осы Қағидалардың 11-қосымшасының 7-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшылығының атына беріледі.

      Шағым портал арқылы жазбаша (қағаз және (немесе) электрондық) нысанда не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Шағымда:

      1) шағымды қарайтын органның атауы;

      2) шағым беру кезінде:

      жеке тұлға-оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі, нақты тұратын мекенжайы, пошталық мекенжайы;

      заңды тұлға-оның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, орналасқан жері, пошталық мекенжайы;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің атауы;

      4) көрсетілетін қызметті алушы өзінің талаптары мен дәлелдемелерін негіздейтін мән-жайлар;

      5) Шағым берілген күн;

      6) көрсетілетін қызметті алушының қолы;

      7) шағымға қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетіледі;

      Шағым түскен күні тіркеледі. Жұмыстан тыс күні түскен кезде одан кейінгі жақын жұмыс күні тіркеледі. Шағымның қабылданған күні мен уақыты, шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, лауазымы көрсетіле отырып, бірегей нөмірі бар талон бере отырып, оны көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылып отырады (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау туралы жауап немесе қараудан бас тарту).

       Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға ол келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      Шағымды қарайтын органның шағымды қарау мерзімі шағым түскен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.

       Шағымды қарайтын органның шешімімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 100-бабының 6-тармағына сәйкес шағымды қарайтын басқа органға немесе сотқа жүгінеді.

 

 

 

 

 

Экологиялық рұқсаттар беру,
қоршаған ортаға әсер ету туралы
декларацияны, сондай-ақ әсер
етуге экологиялық рұқсат
бланкілерінің нысанын және
оларды толтыру тәртібін ұсыну
қағидаларына
11 -қосымша

      Нысан

"ІI санаттағы объектілерге әсер етуге арналған экологиялық рұқсатты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері.

 

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы www.egov.kz.

 

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті тіркеген сәттен бастап: рұқсат беру – 30 (отыз) жұмыс күнінен аспайды;
рұқсатты қайта ресімдеу – 5 (бес) жұмыс күні ішінде.

 

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электронды (толық автоматтандырылған)

 

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

ІI санаттағы объектілерге әсер етуге арналған экологиялық рұқсат, ІI санаттағы объектілерге әсер етуге арналған экологиялық рұқсатты қайта рәсімдеу немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижесін ұсынудың нысаны электронды болып табылады.

 

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

 Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыға тегін көрсетіледі.

 

7

Жұмыс кестесі

 Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
 Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында; ;
2) порталда www.egov.kz.

 

8

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

 ІI санаттағы объектілерге әсер етуге арналған экологиялық рұқсатты алу үшін
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық түрдегі ІI санаттағы объектілерге әсер етуге арналған экологиялық рұқсат алуға өтініш;
2) белгіленіп отырған қызметке қатысты – II санаттағы объектілерді салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жобалау құжаттамасы;
3) қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды немесе қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалауды жүргізу қажеттілігінің жоқтығы туралы тұжырымды қамтитын, белгіленіп отырған қызметтің әсеріне скрининг нәтижелері туралы қорытынды;
4) қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалауға жатпайтын қызмет түрлері бойынша – оңайлатылған тәртіп бойынша экологиялық бағалау материалдары;
5) эмиссиялар нормативтерінің жобасы;
6) қалдықтарды басқару бағдарламасының жобасы;
7) өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының жобасы;
8) әсер етуге экологиялық рұқсаттың қолданылу кезеңіне қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасы;
9) күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастыру нормативтерінің жобасы (көмірсутектерді барлау және өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде).
IІ санаттағы объектілерге әсер етуге арналған экологиялық рұқсатты қайта рәсімдеу үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған, эмиссияға арналған экологиялық рұқсатты электрондық нысанда қайта ресімдеуге өтініш;
2) қайта ресімделетін экологиялық рұқсат берілген объектіге (объектілерге) меншік құқығының ауысуын растайтын құжат.
Портал арқылы құжаттарды жолдау кезінде көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көзделген құжаттардың электрондық көшірмелерін ұсынады.

 

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

 1) өтініште және (немесе) оған қоса берілетін құжаттарда қамтылған мәліметтер анық емес болып табылады;
2) өтініш және (немесе) оған қоса берілетін құжаттар Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарына және (немесе) қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері жөніндегі қорытындыға не қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалауды жүргізу қажеттігінің жоқтығы туралы тұжырымды қамтитын, көзделіп отырған қызметтің әсерлерін скринингтің нәтижелері туралы қорытындыға сәйкес келмесе, тоқтатыла тұрады.

 

10

Мемлекеттік қызметтер көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, басқа талаптар

Алушы мемлекеттік қызметті портал арқылы электронды түрде алады, ЭЦҚ болған жағдайда.
Алушы порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Экологиялық рұқсаттар беру,
қоршаған ортаға әсер ету туралы
декларацияны, сондай-ақ әсер
етуге арналған экологиялық
рұқсат бланкілерінің
нысандарын және оларды
толтыру тәртібін ұсыну
қағидаларына
12-қосымша

         

      Нысан

 20__ – 20__ жылдар аралығындағы кезеңге арналған экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасы

      Кәсіпорынның атауы ______________________________________________________

      Объектінің атауы _________________________________________________________

 Ең үздік қолжетімді техникаларды қолдануға, технологиялық нормативтерді, ластағыш заттардың жол берілетін шығарындылары мен төгінділерінің нормативтерін сақтауға байланысты іс-шаралар

Р/с №

ЕҮҚТ-ны қолдану, нормативтерді сақтау жөніндегі іс-шаралар

Объект / эмиссия көзі

Көрсеткіш (эмиссиялардың нормативтері, технологиялық нормативтер)

Негіздеме

Ағымдағы шамасы

Белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізудің күнтізбелік жоспары

Орындалу мерзімі

Қаржыландыру көлемі, мың теңге

1-жылдың (20__ ж.) соңына

2-жылдың (20__ ж.) соңына

3-жылдың (20__ ж.) соңына

4-жылдың (20__ ж.) соңына

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

























      Ескерту.

      Ең үздік қолжетімді техникаларды қолдануға байланысты іс-шаралардың кестесін толтыру бойынша нұсқаулар

      1-баған: экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасы іс-шарасының реттік нөмірі.

      2-баған: іс-шараның атауы.

      3-баған: I санаттағы тиісті объектінің, эмиссиялар көзінің атауы.

      4-баған: ұсынылатын іс-шаралар қол жеткізуге бағытталған көрсеткіштер (эмиссиялардың нормативтері, технологиялық нормативтер).

      5-баған: талап етілетін көрсеткіштің негіздемесі, дереккөзге сілтеме.

      6-баған: осы көрсеткіштің ағымдағы шамасы.

      7 – 10-бағандар: жылдар бойынша көрсеткіштің шамасын көрсете отырып, талап етілетін көрсеткішке қол жеткізу графигі.

       11-баған: іс-шараны орындау мерзімі, яғни, жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізілуге тиіс оны аяқтау мерзімі: технологиялық нормативтер және эмиссиялардың нормативтері. Кодекстің 418-бабының 4-тармағында көрсетілмеген І санаттағы объект үшін экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасын орындау мерзімі төрт жылдан аспайды және ұзартуға жатпайды. 4 жыл болатын ең жоғары мерзім ЕҮҚТ бойынша қайта қаралған қорытындыларды орындау жөніндегі іс-шаралар үшін де белгіленді.

      12-баған: іс-шараны іске асыруға арналған жалпы инвестициялық шығындар мың теңгемен.

 

Экологиялық рұқсаттар беру,
қоршаған ортаға әсер ету туралы
декларацияны, сондай-ақ әсер
етуге арналған экологиялық
рұқсат бланкілерінің нысанын
және оларды толтыру тәртібін
ұсыну қағидаларына
14-қосымша

 20___ жыл үшін 20__ – 20__ жылдар аралығындағы кезеңге арналған экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасының орындалуы туралы есеп

      Кәсіпорын атауы: ______________________________________________________

      Объектінің атауы: ______________________________________________________

      Ең үздік қолжетімді техникаларды қолдануға, технологиялық нормативтерді, ластағыш заттардың жол берілетін шығарындылары мен төгінділерінің нормативтерін сақтауға байланысты іс-шаралар

№ р/с

ЕҮҚТ-ны қолдану, нормативтерді сақтау жөніндегі іс-шаралар

Объект / эмиссия көзі

Көрсеткіш (эмиссиялардың нормативтері, технологиялық нормативтер)

Жыл соңындағы іс жүзіндегі шама

Белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізудің күнтізбелік жоспары

Орындалу мерзімі

Қаржыландыру көлемі, мың теңге

1-жылдың (20__ ж.) соңына

2-жылдың (20__ ж.) соңына

3-жылдың (20__ ж.) соңына

4-жылдың (20__ ж.) соңына

жиыны 20__ ж.

барлығы (жоспар)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12



































































































Заңды тұлғаның басшысы (жеке кәсіпкер)



Уәкілетті байланыс жасайтын тұлға

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және лауазымы:



Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және лауазымы:







"___" __________ 202__ ж. (қолы)



Телефон:

20__ – 20__ жылдар аралығындағы кезеңге арналған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары

      Кәсіпорынның атауы: ______________________________________________________

      Объектінің атауы: _________________________________________________________

      Ластағыш заттардың жол берілетін шығарындылары мен төгінділерінің нормативтерін сақтауға байланысты іс-шаралар

Р/с №

Нормативтерді сақтау жөніндегі іс-шаралар

Объект / эмиссия көзі

Көрсеткіш (эмиссиялардың нормативтері)

Негіздеме

Ағымдағы шама

Белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізудің күнтізбелік жоспары

1-жылдың (20__ ж.) соңына

2-жылдың (20__ ж.) соңына

1

2

3

4

5

6

7

8

















      Кестенің жалғасы

Белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізудің күнтізбелік жоспары

Орындалу мерзімі

Қаржыландыру көлемі, мың теңге

 

3-жылдың (20__ ж.) соңына

4-жылдың (20__ ж.) соңына

5-жылдың (20__ ж.) соңына

6-жылдың (20__ ж.) соңына

7-жылдың (20__ ж.) соңына

8-жылдың (20__ ж.) соңына

9-жылдың (20__ ж.) соңына

 

9

10

11

12

13

14

15

16

17

 



















 

 

Қоршаған ортаны қорғау
жөніндегі іс-шаралар жоспарына
қосымша

                     

 Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасын дайындау жөніндегі түсініктемелер

  1. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасы Кодекстің 125-бабының талаптарына сәйкес әсер етуге экологиялық рұқсат алуға арналған өтінішке қосымша ретінде әзірленеді.
  2. Ұсынылатын іс-шаралар

      Оператор I және II санаттағы объектілерге әсер етуге арналған экологиялық рұқсат алуға өтініш немесе аталған рұқсатқа өзгерістер енгізуге өтініш беру кезеңінде осы нормативтерді сақтау мүмкін болмаған кезде эмиссиялардың нормативтеріне қол жеткізу жөніндегі іс-шараларды ұсынады.

      I және II санаттағы объектілерге әсер етуге алуға арналған өтініш берген күнге объект сәйкес келуге тиіс экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті табиғат қорғау маңызы бар ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықтарды, құрылғыларды пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар жоспардың жобасына енгізілуге жатпайды.

  1. Іс-шаралардың сипаттамасы

      Әрбір іс-шара үшін оператор мыналарды көрсетеді:

      негізгі техникалық параметрлері көрсетіле отырып, жалпы техникалық сипаттама;

      эмиссиялар нормативтерінің және басқа да нормативтердің сақталуын қамтамасыз ету қажет болатын ластану көздеріне сәйкестік;

      іс-шаралар қозғайтын ластағыш заттар;

      іс-шаралар өздеріне қол жеткізуге бағытталған параметрлер/көрсеткіштер (эмиссиялардың нормативтер);

      қоршаған ортаға жанама жағымсыз әсер ету;

      іс-шараны іске асыру үшін қажетті алдын ала шарттар;

      жоспарланатын іс-шаралар графигі экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасын орындаудың әрбір күнтізбелік жылы бойынша бөле отырып айқындалады. Жобалық шешімдерге сәйкес нормативтерге кезең-кезеңмен қол жеткізу мүмкіндігі болған кезде объектіні реконструкциялау, қайта жарақтандыру және жаңғырту жөніндегі іс-шаралардың тиісті кешендерінің аяқталу мерзімдеріне байланыстырыла отырып айқындалатын қоршаған ортаға теріс әсерді кезең-кезеңмен төмендету көрсеткіштеріне қол жеткізу графигі;

      қоршаған ортаға теріс әсерді кезең-кезеңмен төмендеткен жағдайда, жоспарланатын іс-шаралар графигі қоршаған ортаға теріс әсерді кезең-кезеңмен төмендетудің әрбір тиісті көрсеткішіне қол жеткізуді қамтамасыз ететін әрбір іс-шара бойынша жеке айқындалады;

      әрбір іс-шараға қатысты жоспарланатын іс-шаралар графигінде қажет болған кезде объектіге негізгі технологиялық жабдықты жеткізуге, құрылыс-монтаждау және іске қосу-баптау жұмыстарына, жабдықты өнеркәсіптік пайдалануға енгізуге байланысты іске асырудың негізгі кезеңдерін аяқтау мерзімдері қосымша айқындалады.

  1. Кестені толтыру жөніндегі түсініктемелер:

      1-баған: экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасы іс-шарасының реттік нөмірі;

      2-баған: іс-шараның атауы;

      3-баған: тиісті объектінің, эмиссиялар көзінің атауы;

      4-баған: ұсынылатын іс-шаралар қол жеткізуге бағытталған көрсеткіштер (эмиссиялардың нормативтері);

      5-баған: талап етілетін көрсеткіштің негіздемесі, талаптардың дереккөзіне сілтеме;

      6-баған: осы көрсеткіштің ағымдағы шамасы;

      7-15-бағандар: жылдар бойынша көрсеткіштің шамасын көрсете отырып, талап етілетін көрсеткішке қол жеткізу графигі;

      16-баған: іс-шараны орындау мерзімі, яғни, эмиссиялардың нормативтеріне қол жеткізілуге тиіс оны аяқтау мерзімі;

      17-баған: іс-шараны іске асыруға арналған жалпы инвестициялық шығындар мың теңгемен.

 

Экологиялық рұқсаттар беру,
қоршаған ортаға әсер ету туралы
декларацияны, сондай-ақ әсер
етуге арналған экологиялық
рұқсат бланкілерінің нысанын
және оларды толтыру тәртібін
ұсыну қағидаларына
17-қосымша

      Нысан

 20___ жыл үшін 20__ – 20__ жылдар аралығындағы кезеңге арналған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы есеп

      Кәсіпорынның атауы: ______________________________________________________

      Объектінің атауы: __________________________________________________________

      Ластағыш заттардың жол берілетін шығарындылары мен төгінділерінің нормативтерін сақтауға байланысты іс-шаралар

Р/с №

Нормативтерді сақтау жөніндегі іс-шаралар

Объект / эмиссия көзі

Көрсеткіш (эмиссиялардың нормативтері)

Жыл соңындағы іс жүзіндегі шама

Белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізудің күнтізбелік жоспары

1-жылдың (20__ ж.) соңына

2-жылдың (20__ ж.) соңына

3-жылдың (20__ ж.) соңына

1

2

3

4

5

6

7

8

















































































      Кестенің жалғасы

Белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізудің күнтізбелік жоспары

Орындалу мерзімі

Қаржыландыру көлемі, мың теңге

4-жылдың (20__ ж.) соңына

5-жылдың (20__ ж.) соңына

6-жылдың (20__ ж.) соңына

7-жылдың (20__ ж.) соңына

8-жылдың (20__ ж.) соңына

9-жылдың (20__ ж.) соңына

жиыны 20__ жылға

барлығы (жоспар)

9

10

11

12

13

14

15

16

17





























































































Заңды тұлғаның басшысы (жеке кәсіпкер)



Уәкілетті байланыс жасайтын тұлға

 

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және лауазымы:



Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және лауазымы:

 

202__ жылғы "___" __________ (қолы)



Телефоны:

 





Электрондық поштасы:

 

 

Қоршаған ортаны қорғау
жөніндегі іс-шаралар
жоспарының орындалуы
туралы есепке
қосымша

         

 Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау туралы есепті дайындау жөніндегі түсініктемелер

  1. Жоспарланған іс-шаралардың іске асырылуы туралы есепті ұсыну

       Кодекстің 115-бабының 3-тармағына сәйкес қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау шартымен Рұқсат алған объектілер операторлары экологиялық рұқсатты берген тиісті органға жыл сайын оның орындалуы туралы есепті ұсынады. Есеп есепті жыл аяқталғаннан кейін отыз жұмыс күні ішінде ұсынылады.

      Жоспарланатын іс-шаралар графигін орындаудың күнтізбелік жылында қандай да бір іс-шара орындалмаған немесе толық орындалмаған жағдайда, оператор жоспарланатын іс-шаралар графигі бөлігінде Рұқсатты қайта қарау туралы өтініш береді.

      Жоспарланатын іс-шаралар графигінде көзделген негізгі іс-шараны орындау мерзімі бұзылған жағдайда, мұндай кезеңді орындау мерзімі бір рет, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.

  1. Экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасының орындалуы туралы есепті кестені толтыру жөніндегі түсініктемелер:

      1-баған: қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес іс-шараның нөмірі.

      2-баған: қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес іс-шараның атауы.

      3-баған: қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес эмиссияның (шығарындылардың және/немесе төгінділердің) тиісті объектісі мен көзін көрсету.

      4-баған: қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес тиісті көрсеткіштер (эмиссиялардың нормативтері).

      5-баған: күнтізбелік жылдың соңына тиісті көрсеткіштің іс жүзіндегі шамасы.

      6-14-бағандар: қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізудің күнтізбелік жоспары.

      15-баған: қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес іс-шараларды орындау мерзімі.

      16-баған: есепті кезеңнің соңына іс-шараны қаржыландырудың іс жүзіндегі көлемі мың теңгемен.

      17-баған: бекітілген экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасына немесе инвестициялардың өзекті жоспарына сәйкес қаржыландырудың жалпы көлемі.

      Іс-шара аяқталғаннан және талап етілетін көрсеткішке (эмиссиялардың нормативтеріне, басқа да нормативтерге) қол жеткізілгеннен кейін сертификатталған зертхананың тиісті өлшеулер жүргізу хаттамасы ресімделеді.

Дата публикации
13 февраля 2023