Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 9 тамыздағы № 317 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 9 тамызда № 23918 болып тіркелді
|
|
Қазақстан Республикасы |
3-тарау. "Жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздерді, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес "Жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындыларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында жазылған.
2-көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінішті қоса берілген құжаттармен бірге ол келіп түскен күні тіркейді және 2-көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдайды.
Жеке басты куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, қоршаған ортаға әсерді бағалау жөніндегі бөліммен және эмиссиялар нормативтерімен бірге көзделіп отырған қызмет жобаларына мемлекеттік экологиялық сараптаманың рұқсаттары, қорытындылары туралы мәліметтерді 2-көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Орындаушы өтініш тіркелген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді;
ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар анықталған жағдайда, 2-көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды;
2-көрсетілетін қызметті беруші қол қойғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы 2-көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды порталда электрондық құжат нысанында жеке кабинетте алады;
ұсынылған құжаттардың толықтығын анықтаған жағдайда 2-көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы:
1) ұсынылған құжаттардың экологиялық заңнама талаптарына сәйкестігін қарайды;
2) материалдарды бағалайды және талдайды, көзделіп отырған не жүзеге асырылатын қызметтің экологиялық қауіптілік дәрежесін, сараптама объектілерін іске асыру негіздемелерінің жеткіліктілігі мен дұрыстығын анықтайды;
3) жекелеген сараптамалық бағалауларды және мемлекеттік экологиялық сараптаманың нәтижелерін қорытады;
ұсынылған құжаттардың мазмұны бойынша дәлелді ескертулер болмаған жағдайда, 2-көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы өтініш тіркелген сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде "келісіледі" деген тұжырыммен мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын дайындайды;
2-көрсетілетін қызметті беруші қол қойғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы 2-көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-мен қол қойылған "келісіледі" деген тұжырыммен мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын порталдағы жеке кабинетте электрондық құжат нысанында алады;
ұсынылған құжаттардың мазмұны бойынша дәлелді ескертулер болған жағдайда, 2-көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы оларды портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға өтініш тіркелген сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде пысықтау үшін жолдайды;
көрсетілетін қызметті алушы 3 (үш) жұмыс күні ішінде 2-көрсетілетін қызметті берушіге дәлелді ескертулерді алған күннен бастап пысықталған құжаттарды ұсынады;
көрсетілетін қызметті алушы жойған жағдайда 2-көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы 5 (бес) жұмыс күні ішінде "келісіледі" деген тұжырыммен мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын дайындайды;
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында, көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-мен жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы дәлелді ескертулерді жоймаған жағдайда, 2-көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы ҚР ӘРПК 73-бабына сәйкес 2 (екі) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру үшін тыңдау өткізілетін уақыт пен орын туралы хабарлама жібереді.
Алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушының қарсылығын 2-көрсетілетін қызметті беруші оны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылдайды.
Тыңдау нәтижелері бойынша 2-көрсетілетін қызметті беруші "келісіледі" деген тұжырыммен мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын дайындау туралы шешім қабылдайды немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды қалыптастырады;
мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындау 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;
мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" 2-көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
2-көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері ол келіп түскен күні қоса берілген құжаттармен бірге өтінішті тіркейді және 2-көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдайды.
Жеке басты куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, қоршаған ортаға әсерді бағалау жөніндегі бөліммен және эмиссиялар нормативтерімен бірге көзделіп отырған қызмет жобаларына мемлекеттік экологиялық сараптаманың рұқсаттары, қорытындылары туралы мәліметтерді 2-көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
орындаушы өтініш тіркелген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді;
ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар анықталған жағдайда, 2-көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды;
қол қойғаннан кейін 2-көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды "жеке кабинетке" жолдайды;
ұсынылған құжаттардың толықтығын анықтаған жағдайда 2-көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы:
1) ұсынылған құжаттардың экологиялық заңнама талаптарына сәйкестігін қарайды;
2) материалдарды бағалайды және талдайды, көзделіп отырған не жүзеге асырылатын қызметтің экологиялық қауіптілік дәрежесін, сараптама объектілерін іске асыру негіздемелерінің жеткіліктілігі мен дұрыстығын анықтайды;
3) жекелеген сараптамалық бағалауларды және мемлекеттік экологиялық сараптаманың нәтижелерін қорытады;
ұсынылған құжаттардың мазмұны бойынша дәлелді ескертулер болмаған жағдайда, 2-көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы өтініш тіркелген сәттен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде "келісіледі" деген тұжырыммен мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын дайындайды;
қол қойылғаннан кейін 2-көрсетілетін қызметті беруші-көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында "келісіледі" деген тұжырыммен мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын жібереді;
ұсынылған құжаттардың мазмұны бойынша дәлелді ескертулер болған жағдайда, 2-көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы оларды портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға өтініш тіркелген сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде пысықтау үшін жолдайды;
көрсетілетін қызметті алушы 5 (бес) жұмыс күні ішінде 2-көрсетілетін қызметті берушіге дәлелді ескертулерді алған күннен бастап пысықталған құжаттарды ұсынады;
көрсетілетін қызметті алушы жойған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы 10 (он) жұмыс күні ішінде "келісіледі" деген тұжырыммен мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын қалыптастырады;
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында, 2-көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-мен жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы дәлелді ескертулерді жоймаған жағдайда, 2-көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы ҚР ӘРПК 73-бабына сәйкес 7 (жеті) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға ұстанымын білдіру үшін тыңдау өткізілетін уақыт пен орын туралы хабарлама жібереді.
Тыңдау нәтижелері бойынша 2-көрсетілетін қызметті беруші "келісіледі" деген тұжырыммен мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын дайындау туралы шешім қабылдайды немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды қалыптастырады;
мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындау 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;
мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" 2-көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
4-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға);
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға;
осы Қағидалардың 5 және 6-қосымшаларының 7-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті беруші басшылығының атына.
Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес қаралуға жатады:
мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті беруші оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде.
Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды тұлға шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш иесіне ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз нұсқасында берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
Шағым ҚР ӘРПК 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға ол келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
Шағымды қарайтын органның шағымды қарау мерзімі шағым түскен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.
|
"Жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты |
||
|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары |
|
2 |
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
"Электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz арқылы |
|
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті тіркеген сәттен бастап: |
|
4 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
Электрондық (толықтай автоматтандырылған). |
|
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту. |
|
6 |
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыға тегін көрсетіледі. |
|
7 |
Жұмыс кестесі |
Портал –жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). |
|
8 |
Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі |
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен қол қойылған электронды түрдегі III санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге арналған өтінім; |
|
9 |
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау; |