«Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі шешімді әзірлеуші орган болып табылады.
Шешім жобасы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2018 жылғы 13 қыркүйектегі № 383 бұйрығымен бекітілген әдістемелік нұсқаулық негізінде Қызылорда облыстық мәслихатының 2015 жылғы
16 қыркүйектегі № 301 «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкаларын бекіту туралы» өзгерістер енгізген.
Жасалған есептеулер негізінде мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкалары бойынша нарықтық баға шығарылды.
Орман пайдаланғаны үшін төлем облыстық бюджетті толықтыру көзі болып табылады.
Төлемдердің маңызды мақсаты табиғат пайдаланушыларды өздері төлейтін ресурстарды ұтымды пайдалануға және олардың экологиялық қызметінің тиімділігін арттыруға ынталандыру.
Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=3885978